Шоттар жүйесі Программамен жұмысты бастамас бұрын бухгалтер пайдаланушы кәсіпорында жүргізілетін есептің негізгі принципін және оны жүргізу барысында қолданылатын шоттарды анықтап алып, оны қазақстандық шоттар жоспарына ауыстыруы керек, осы шоттар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі және керекті құжаттар алынады. Кәсіпорында нормативтік құжаттармен берілген стандартты шоттар жоспары және басқада арнайы шоттар жоспары қолданылады. Шоттар жүйесі кәсіпорынның есеп саясатына байланысты. 1C: Бухгалтерия жүйесінде есепті бірнеше шоттар жоспарында жүргізу мүмкіндіктері қарастырылған.
Шоттар жоспары басты менюдің "Амалдар (Операции)" пунктінен "Шоттар жоспары (План счетов)" бөлімін тандау арқылы немесе құралдар тақтасынан кнопкасын басу арқылы іске қосылады. Шоттар жоспарының әр жолы бухгалтерлік есептің нақты немесе қосалқы шоттың көрсететін кестесінен тұрады:
Код - шоттың толық коды(нөмірі);
Атауы (Наименование) - шоттың/қосалқы шоттың атауы;
Вал. - валюталық есеп жүргізу белгісі. Егер берілген шот немесе қосалқы шот бойынша валюталық есеп жүргізілсе, онда "Вал." бағанасына (+) таңбасы қойылады;
Кол. - сандық есеп жүргізу белгісі. Егер берілген шот немесе қосалқы шот бойынша сандық есеп жүргізілсе, онда "Кол." Бағанасына (+) таңбасы қойылады;
Заб. – баланстан тыс шоттар белгісі;
Акт. - активтік шоттар белгісі. Нақты белгілер мынадай мәндерді қабылдайды: А - активтік, П - пассивтік, АП -активті-пассивтік;
Субконто 1,..,Субкоито 5 - Субконто түрінің мәні, бағанада көрсетілген берілген шоттың талдамалы есебін анықтайды. Мысалы, кестеде көрсетілгендей Субконто1 бағанасындағы Негізгі құралдар бірінші деңгейдегі субконто түрі - "Негізгі құрал", ал Субконто2 бағанасындағы екінші деңгейдегі субконто түрі — "Бөлімшелер" екенін, яғни осы шот бойынша талдамалы есеп жүргізіетінін білдіреді.
Егер жүйеде бірнеше шот қолданылатын болса, онда терезенің жоғарғы жағына шоттар жоспарының атауы көрсетілген кескін (закладка) шығады. Керекті шоттар жоспарын тандау үшін сол кескіннің бірін таңдаған жеткілікті немесе басты менюдегі "Әрекет (Действия)" пунктінен "Шоттар жоспарын тандау (Выбрать план счетов)" командасын таңдау керек.