Тақырып. Әлеуметтік салық
Лекция мақсаты: Әлеуметтік салықтың салық жүйесіндегі қызмет ету механизімін жетік түсіндіріп, талдау.
Лекция сұрақтары:
1.Әлеуметтік салықтың мазмұны және экономикалық табиғаты.
2. Әлеуметтік салықтың қазіргі ерекшеліктеріне, элементтеріне жалпы сипаттама.
3. Арнаулы салық режимдерін қолданатын төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу ерекшеліктері
Лекция мазмұны:
Мемлекетте алынған салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру,халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорларының 28% мөлшерінде белгіленді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылады.
Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетке 11% түсім береді.
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режәмі ойын бизнесі, боулинг, картинг, бильярд,лото ойындары саласында қызмет көрсететін заңды және жеке көсіпкерлікге қолданылады.
Қызметтің аталған түрлерінің субьектілері бюджетпен тіркелген жиынтық салық әлеуметтік салық,төлем көзінен салынатын жеке табыс салығы негізінде есеп айырысады. Корпорациялық табыс салығы ктіркелген жиынтық салық мөлшерінің 30 пайызын, қосылған құнға салынатын салық-70 пайызын құрайды. Қалған салықтар мен басқа міндетті төлемдер жалпы белгіленген тәртіппен төленеді.Тіркелген жиынтық салықтың базалық ең төменгі және ең жоғары мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі салық салудың әрбір обьектісі бойынша бегілейді.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларация
1.Салық төлеушілер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының декларациясымен бірге табыс етіледі.
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияны құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
Әлеуметтiк салықты төлеу
1Әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
Мемлекеттiк мекемелердiң әлеуметтiк салықты есептеу ерекшелiктерi
Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады.
Есептi айда осы баптың 1-тармағында аталған әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесi айға ауыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |