Өздік жұмыстың мақсаты: Өз бетінше орындалатын жұмыстарының тақырып бойынша оқылған лекция материалдары мен көрсетілген әдебиеттерді пайдалана отырып, өз зерттеуін жүргізуді мақсат етеді.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау:Берілген сұрақтар бойынша силлабуста ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып конспект жазу
Конспект – басқа формалармен салыстырғанда жазудың ең әмбебап формасы. Конспект жазғанда оқылған мәтінді қайта жазуда дұрыстығын қамтамасыз ету керек. Конспекттің басты сипаты қысқалық әрі нақтылық. конспектіде ой сабақтастығы мен айтылған мітіннің қисыны сақталуы тиіс. Конспектілеуде мәтін мазмұнының ең мәнді компоненттері, есте сақталуға тиісті тіректер жазылады (мәселен, атаулар, даталар, кейбір терминдер, символдар).