Лекция Молекулалық биология пәні Молекулалық биологияның даму тарихы Молекулалық биологияның зерттеу әдістері мен болашағы. Нуклеин қышқылдарының толық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет28/49
Дата21.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#85010
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49
Мутонмутациялық құбылыстың қарапайым өлшем бірлігі , оның өлшемі ДНҚ
молекуласының 1 жұп нуклеотидіне тең. 
Кроссинговер кезінде ДНҚ молекулалары арасында өзара учаскелерімен алмасу
орын алады. Егер осы кезде учаскелермен алмасу тепе – теңдігі бұзылса, ол 
нуклеотидтердің қосылуы не түсіп қалуы сияқты гендік мутацияларға алып келеді. 
Осылайша ДНҚ молекулалары арасындағы рекомбинациялану құбылысы бұзылады. 
Рекомбинацияның бұзылуына себепші нуклеотидтердің ең аз (минимальді) саны- бір 
жұп нуклеотидке тең – оны рекон деп атайды. Рекон – рекомбинацияның ең кіші өлшем 
бірлігі.
Әдетте ген – бір полипептид молекуласын кодтайды, бірақ кейде ген ( ген, ДНҚ 
учаскесі) әртүрлі қызмет атқаратын бірнеше полипептид тізбегінің синтезделуін жүзеге 
асыруы мүмкін. Мысалы, ашытқы саңырауқұлағының митохондриясының цитохром В 
ферментін кодтайтын вох гені екі түрлі күйде болады: «ұзын» ген күйінде – ол 6 экзон, 5 
интроннан тұрады. « Ұзын» геннің 3 интронының үзіліп түсіп қалуы нәтижесінде 
«қысқа» ген пайда болады, ол РНҚ - матураза ақуызын синтездейді. Бұл ақуыз осы 
геннің басқа да интрондарының үзіліп түсіп қалуына және цитохром В матрицасының
(қалып) пайда болуына алып келеді. Бұл құбылысты балама сплайсинг деп атайды.
Кенеттен, өздігінен пайда болған немесе орта факторларының әсерінен пайда болған 
тұқым қуалаушылық материалдың өзгерулері ( мутациялар) бір геннің бірнеше
варианттар күйінде кездесуіне алып келеді. Бұл ген нұсқауларында түрліше
генетикалық ақпараттар болады және олар белгінің әртүрлі нұсқауларын дамытады
мыс. А, а гендері бұршақ тұқымының сары және жасыл түсті болуын анықтайды.
Бір белгінің нақтылы нұсқауларын анықтайтын геннің түрлерін аллельдер деп 
атайды. 
Аллель – геннің бір учаскесінде нуклеотид жұбының әртүрлі күйде болуы. ДНҚ
молекуласының бір учаскесіндегі 1 жұп нуклеотид 4 түрлі күйде болуы мүмкін: АТ, ТА, 
ГЦ, ЦГ. Осы жұптардың тек біреуі ғана табиғи (жабайы) күйде болады да, қалған 3-і
мутация негізінде қалыптасқан. Егер геннің әртүрлі нуклеотидтер жұптары
мутацияланса, онда осы жолмен пайда болған бір геннің 2 формасын жалған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет