Жасушалардың биологиялық антимутациялық тетіктері Көпшілік жағдайда мутациялардың ағза үшін болатындығы белгілі. Олар популясияда мутациялық
қысым салдарынан үнемі пайда болып отырады.
Жасушаларда мутациялардың пайда болу жиілігін реттеп отыратын, олардың әсерлерін
байқатпайтын мутацияға қарсы табиғи тетіктер (механизмдер ) болады. 1)диплоидты эукариоттық ағзалардың хромосомаларының жұп болуы. Екі гомологтық хромосомадағы
аллельдердің біреуі мутацияланған , бірақ рецессивті күйде болса оның әсері байқалмайды ;
2)кейбір гендік мутацияларда болдырмайтын механизм ол р –РНҚ, т -РНҚ т.б. гендердің бірнеше
көшірме күйінде кездесуі;
3)мутацияны болдырмайтын тағы бір антимутациялық қасиет ол ДНҚ молекуласының қатееліксіз
репликациялануы;
4)биологиялық кодтың триплетті және артық болуы , тіпті триплеттің бір нуклеотиді өзгерген күнде де ол
кодон - синонимге айналып генетикалық ақпарат мағынасын бұзбайды, мысалы : адам гемоглобинінің -
полипептидінің гені 438 нуклеотидтен тұрады. Егер осы 438 нуклеотидтердің 25 жуығының біреуі
өзгергенімен полипептид синтезі бұзылмайды, ал 2-3 нуклеотид өзгерсе , қысқа полипептид синтезделеді ;
ал 73 пайыз нуклеотидтерінің бір жұбы ауысса пошлипептидте бір амин қышқылының алмасуы
байқалады. Триплеттің үшінші нуклеотиді ауысса, ол 64 пайыз жағдайда, өз мағынасын бұзбайды;
5)полипептид аминқышқылдарының қасиеттері де бірдей бола бермейді. Егер де жаңадан қосылған
аминқышқылы өз қасиеті бойынша ауыстырылған аминқышқылына ұқсас болса ақуыздың құрылысы және
қасиеті болар – болмас қана өзгереді. Мысалы, адамның мутанты S және С гемоглобиндерінің қалыпты А
гемоглобин молекуласымен салыстырғанда айырмашылығы бір – ақ амин қышқылының -6-
аминқышқылының- глутамин амин қышқылының алмасуында; ,S-гемоглобинде 6 аминқышқылы – валин ,
С- гемоглобинінде -лизин болады. Глутамин амин қышқылымен лизиннің қасиеттері ұқсас –екеуі де
гидрофильді, сондықтан да С – гемоглобині адамдарда қан аздылықтың жеңіл түрін тудырады, ал
глутамин аминқышқылы мен валинннің қасиеттері қарама – қарсы , біреуі гидрофильді , ал екіншісі
гидрофобты . Сондықтан Sьгемоглобинінің қасиеті күрт өзгеріп адамдарда қан аздылықтың зілді , ауыр
түрі байқалады.
6)ДНҚ молекуласының құрылысы бұзылған жағдайда ол реперация механизмдері арқылы жөнделеді.