Лекция Молекулалық биология пәні Молекулалық биологияның даму тарихы Молекулалық биологияның зерттеу әдістері мен болашағы. Нуклеин қышқылдарының толық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет45/49
Дата21.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#85010
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
1-лекция

 
 
Лекция – 13 
Мутагенез және мутагендік факторлар. 
Азоттық негіздердің бұзылыстары. 
ДНҚ молекуласының бұзылыстары 2 түрлі болуы мүмкін: азоттық негіздердің және ДНҚ тізбектерінің 
бұзылыстары. Азотттық негіздердің бұзылыстарына: а) негіздердің гидролитикалық жойылуын; б) 
негіздердің гидрлитикалық аминсізденулерін, тиминдік димерлердің пайда болуын жатқызамыз. 
а) Негіздердің гидролитикалық жойылуы кездейсоқ не сыртқы ортаның түрліше факторларының 
(ультракүлгін сәулелерінің, радиоактив сәулешашулар) әсерлерінінен болуы мүмкін. 
ДНҚ молекуласының азоттық негіздерінің ішінен әсіресе пуриндік негіздер өте жиі жойылады. 
Диплоидты жасушаларда осылайша бір тәулікте орташа 5.10
4
нуклеотидтер жойылып отырады.


Егер де осы бұзылыстар репарацияланбаса (жөнделмесе) 70 жыл ішінде ағза жасушаларындағы ДНҚ 
молекуласы өздерінің 25% азоттық негіздерінен айырылған болар еді, бұл жасушаның өлуіне алып келеді. 
б) Негіздердің гидролитикалық аминсізденуі – бұл кезде негіздер түгелдей жойылмай, тек амин тобы 
жойылады, яғни нуклеотидтер аминсізденеді. Осының нәтижесінде: 
- цитозин (Ц), ДНҚ молекуласын тән емес, урацилге (У) айналады; 
- 5 – метил цитозин (5МЦ) тиминге (Т) айналады; 
- аденин (А) ДНҚ, РНҚ – молекулаларында кездеспейтін гипоксантинге айналады. 
Мұндай өзгерістер генетикалық кодтың мағынасын бұзады. 
в) Тиминдік димерлердің пайда болуы. Бұл құбылыс ультракүлгін сәулелері әсерлерінің нәтижесінде 
пайда болады. 
ДНҚ тізбектерінің бұзылыстары 
а) Жекелеген тізбектердің үзілістері: көршілес нуклеотидтер арасындағы фосфодиэфирлік 
байланыстың үзілуі салдарынан болады. Бұл әсіресе рентген және радиоактив сәулелерінің әсерлерінен жиі 
болады. 
б) Көлденең тігілулер – бұл нуклеин қышқылы мен ақуыз молекуласы арасындағы коваленттік 
байланыстар, олардың 2 түрі белгілі: 
- ДНҚ – ДНҚ, яғни 2 ДНҚ молекулаларының тізбектері арасындағы коваленттік байланыс; 
- ДНҚ – ақуыз, яғни ДНҚ молекуласының бір тізбегіндегі негіздердің хромосоманың бір ақуызымен 
байланысуы. Бұл бұзылыстар осы локуста ДНҚ не РНҚ синтезін болдырмайды, себебі олар ДНҚ 
тізбектерінің бір – бірінен ажырасуын болдырмайды не қиындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет