Лекция. Н. Назарбаев. «Мәдени мұра» бағдарламасы


лекция. Көне қыпшақтар дәуірі. Қыпшақтардың мәдени өмірі



бет12/15
Дата20.02.2023
өлшемі81,7 Kb.
#69533
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
13 лекция. Көне қыпшақтар дәуірі. Қыпшақтардың мәдени өмірі.
Көне қыпшақтар дәуірі. Қаңлы, қыпшақ тайпаларының атаулары ерте заманнан бері қатар айтылып келген. Бұлар бірде көрші, бірде аралас-құралас отырған одақтас тайпалар. Сондықтан болар орта ғасырдың өзінде М.Қашқари бұл екеуінің тіл жағынан бірлігін айтқан. Сөйтіп ол өзінің «Диуанының» ІІІ томында: «Қаңлы, қыпшақтарды бір ру басы»,-деп көрсеткен.
Осыдан екі мың жыл бұрын қышқа (кірпішке) жазылған Сырдария бойындағы Артук-ата қаласы үйіндісінен табылған жазу нұсқасын алсақ, мұнда да қаңлы тілінің қазіргі қазақ тілінен алшақтығы байқалмайды...
Бұрынғы көп халықтың негізінен өз орнында сақталып қалған халық екендігіне тағы бір дәлел: бұрынғы қаңлы мекенінің (Арыс – Қас аралығы) Сырдария мен Хорезм бойындағы қираған қалалардың көне заманғы атаулары аздаған дыбыс өзгерісі болмаса, түгелдей сақталғанына Хорезм өлкесін зерттеген С.П. Толстов таң қалған еді (Толстов С.П. По следам древнехорезмской цивилизации. М., 1948). Өйткені, көне Хорезмдегі қалалардың, қамал, қорғандардың атауы қарақалпақ, түркімендер отырған жерде ұмытылып, қираған түріне лайық жаңадан аталған. Мысалы: Тесік қала (қираған дуал), Топырақ қала, Қызыл қала, Қой қырылған қала, Қозы қырылған қала сияқты өзгертіліп, жаңа атау алған. Бұрынғы атау оларға таныс емес, сондықтан бәрі өздерінше жаңадан аталған. Ал ол жерді мекендеген қаңлы, қыпшақ, қоңырат, жеті ру т.б. болсын, атадан балаға мұра болатын көне атауларды сақтаумен келе жатыр. Қара, Жанкент, Отырар, Тақта көпір, Сұғанақ, Атаныс тағы да басқа көптеген атаулар оларға көнеден мәлім. (Ғайниден Мұсабаев).
«Қыпшақ – (Еуропада – кумандар, Ресейде - половцы) қазақ халқының құрамына енген ежелгі тайпалардың бірі. Тарихшылар ертедегі қыпшақтарды «таза қыпшақ» тайпаларының өз одағы және қыпшақтардың «басқа түркі тайпаларымен қосылып, араласқан одағы» деп екі топқа бөледі. М.Қашқаридің айтуынша, ІХ ғасырдағы қыпшақтардың рулық, тайпалық одағы Йемек, Сувар, Қаңлы (кейінірек олар бөлініп кеткен), Қарабөрікті, Тоқсоба (мүмкін тухси), Жете, Бөрлі т.б. рулар екен. Араб, парсы зерттеушілері сол кезде қыпшақтарға бағынған түрік тайпаларының бәрін қыпшақ деп есептеген»,- деп жазады.
Қаңлының ұзақ тарихында қыпшақтармен болған әр алуан қарым-қатынасы жалпы қазақ тарихы үшін мәні зор үлкен мәселе. Ескерте кетейік: «Оғызнама» дастанында «қыпшақ» деген этнонимнің соғыс даласында «ағаштың күпшегіне кіріп босанған әйелге қатысты пайда болды» дейтін аңыздың бар екені және ол ҮІІІ ғ. жататыны да белгілі. Ал, белгілі қазақ тарихшысы Б. Е. Көмеков: «Қыпшақ» деген атау ең алғаш ҮІІІ ғ. қолданылады. ҮІІІ-ХІ ғғ. аралығында олар Қимақ мемлекетінің қарауына өтіп, соларға тәуелді болады. Қыпшақтардың әлеуметтік-саяси өрлеу кезеңі ХІ ғ. басталады. Ертістен Сырға дейінгі жерге иелік етеді. «Дешті -Қыпшақ» деп аталған кең дала Ертістен Днепрге дейін созылады»,- деп көрсетеді(Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. (по арабским источникам). Алма-Ата, 1972, С.58).
Н.Я. Бичуриннің айтуы бойынша: қыпшақтар тарих сахнасына б.д.д. ІІІ ғасырдың өзінде-ақ белгілі болған. Олар Хунну мемлекетінің басшысы –шаньюй Моде жаулап алған 5 тайпаның бірі – Алтай өлкесінің Солтүстік батысын (б.д.д. ІІ-І ғғ.) жайлап келген Кюеше (қытайша) атты тайпасы еді(Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Т., І, М.-Л., 1950, С.216).
Қыпшақтар б.д.д. ІІІ ғ. бастап, б.ж.с. І ғ. дейін Хунну мемлекетінің, одан ІҮ ғ. аяғына дейін Сяньби тайпасының, одан соң моңғол тілдес жужуандардың қол астында болып келді.Ал Жужан қағанаты қарамағындағы түркі тайпаларының іштей қарсылығы мен қайшылығына ұшырап, 552 ж. Құлап, оның орнына Түркі қағанаты құрылғанда, қыпшақтар да соның құрамында болады.
ҮІ ғ. соңында Түрік қағанаты екіге бөлініп, Батыс түрік қағанатының орталығы Жетісуға, ал Шығыс түрік қағанатының орталығы Моңғолияға (Орхон бойына) орналасқанда, қыпшақтар Алтайды жайлап келген тайпалардың бірі ретінде Шығыс түрік қағанаты құрамында қалған болатын (Л.П. Потапов. Очерки по истории алтайцев... С.82, 145, 146; История Тувы..., т.І. С.55-70).
Батыс түрік қағанаты Дулудың басшылығымен Шығыс түрік қағанатына шабуыл жасап, оны 641 ж. өзіне қаратып алғанда, оның құрамында да қыпшақтар болған еді.Олар тек ҮІІ ғ. аяқ шенінде, ҮІІІ ғ. басында суы мол Ертіс жағалауларына қоныс аударып, жайғаса бастайды.
Қаңлы-қыпшақтың одақтасып, аралас-құралас отыратын дәуірі одан кейін, тарихи деректерде Х ғ. басталады. Сонымен, қыпшақтар тарихи тұрғыдан Азия, Кавказ және Еуропа құрлықтарында кеңінен тараған, түркі халықтарының этникалық қалыптасуына негіз болған және кейбір басқа халықтардың (авар, хазар, алан т.б.) құрамына енген көне тайпалардың біріне саналады (Әбдуали Қайдар. Қаңлы).

Қыпшақтардың мәдени өмірі. ХІ-ХІІ ғасырларда қарлұқ-ұйғыр тілдерінің негізінде жасалған әдеби тіл кең қолданылған да, ол Қашқар өлкесін жайлаған халықтардың арасына, Қарақан әулетінің билеген аймағына мол тараған. Ол тілде Юсуф Баласағунидің «Құдадғу білік», Махмуд Қашқаридің «Диван лұғат-ит түрік», Әдиб Ахмедтің «Һибат-ул һақайық» сияқты шығармалармен бірге әр алуан тефсирлер жазылған. Орта Азия халықтарының тілінде жазылған мынандай ескерткіштер сақталып қалған: «Му, инул мурид», «Нахдж-ал Ферадис», «Қисса-ул анбия (Рабғузи)», «Шажара-и таракима (Абылғазы Баһадур)», «Жавахиру-л асрар», «Мифтаху-л, адл», «Миражнаме» т.б. Бұлар жер жағдайы мен әлеуметтік-мәдени орталықтарына қарай кейде «Хорезм ескерткіштері» деп те аталады. Қыпшақ тайпалары мен руларының тілінде, олардың одақтары үстемдік еткен өлкелерде жазылып қалған жәдігерлер де көп. Олар әкімгершілік және мәдени орталықтарына қарай «Алтын Орда ескерткіштері», «Мәмлүк ескерткіштері» делініп те жүр. Бұл топқа «Хусрау –уа Ширин(Құтып)», «Мұхаббат-наме (Хорезми)», «Гулистан бит-турки ( С. Сарайи)» тәрізді көркем әдебиет туындылары жатады. Әйгілі «Кодекс куманикус» жазбасын, белгілі хан жарлықтарын да осылардың санатына қосуға болады. Мәмлүк қыпшақтарының тілінде деп мынандай ескерткіштер аталып жүр: «Терджуман түрки ве араби», «Ал-анвар ал-Мудия (Аледдин Билік ал-Қыпшақи)», «Аттухфат азакия», «Булғат ал-муштақ» (Жамаладдин Абу-Мұхаммед Абдаллаһ ат-Турки), «Аш- Шахих мин дуррат ал-мудия», «Китаб алидрак Ли-лисар ал-атрак (Абу-Хайян)», «Китаб ал-аф, ал», «Заһр-мүлк фи нахв ат-түрік», «Ад дурра ал-мудия фил-луғат ат-туркия», «Аш-Шудур ад- дахабия ва-л қита ал-ахмадия фи-л лұғат ат-түркия».
Түркі халықтарына ортақ сөздіктердің географиялық классификациясы. Мынадай жағдайды еске ұстаған жөн: зерттеушілердің пікіріне қарағанда, мәмлүк ескерткіштерінің негізгі зерттеу обьектісі сол кездегі қыпшақ тайпаларының тілі болған. Қыпшақ тілін оқып-үйрену барысында қосымша материал есебінде оғыз тайпаларының, соның ішінде түрікмен руларының тілінен де тиісті материалдар келтіріп отырған. Осыған қарап, оларды «қыпшақ-оғұз тілдерінің ескерткіші» деуден гөрі «қыпшақ тілінің ескерткіштері» деп таныған жөн сияқты.
ХІІІ-ХІҮ ғасырда Алтын Орда мен мәмлүктік Мысырда (Египетте) қыпшақ тілінде жазылған көптеген әдеби шығармалар пайда болды. Солардың бірі – Дешт-и қыпшақ тіліндегі (1245 ж.)авторы белгісіз «Түркі-араб сөздігі». Бұл ескерткіш куман тілінде жазылған «Кодекс куманикуске» (ХІІІ-ХІҮ ғ.) көп жуық. Сол кезде Алтын Орда аймағында қыпшақ тілін үйреніп білу салтқа айнала бастап еді. Осы мұқтажды өтеуден келіп, жоғарыда аталған Абу Хайянның, Жамаладдин ат –Туркидің еңбектері және т.б. сөздіктер пайда болды.
Барша түрік әулетіндегі халықтардың қатарында қазақ елінің де мәдениетіне, тіліне, өнеріне тікелей қатысты ұлы ескерткіштердің ішінде осы «Түрік тілдері жинағының» үш томдығы да ерекше бағаланады... Түрік тілдес халықтардың қай-қайсысының да ұлттық тіл біліміне кіріспе қадамдары ежелгі руна жазуларымен қатар, арнайы ғылыми сипаты қанық осынау үш томдық «Диуани лұғат-ит- түрк» еңбегінен басталуы тиіс.
...Бүкіл түркі жерлері мен тайпаларын тегіс аралау, тіл ерекшеліктерін салыстыра талдап саралау, әр ру-тайпаның тіл байлығы мен тіл құнарына ден қойып зерделеу үстіне айтылу, жазылу заңдылықтарына дейін жетеге жеткізе зерттеу, тіршіліктегі, тұрмыстағы қолдану аясына байланысты өміршеңдік жағын қарастырған қағидалар шығару ғұлама ғалымның өмірлік мұраты болғанға ұқсайды.Мұнда түрік танымына тән ерекшеліктерге, ел-жер аттары, этнологиялық таным- түсініктерге, этнографиялық, топонимдік ерекшеліктерге қатысты мұқият ғылыми жүйелілікке ұмтылды.
Махмұт Қашқари бұл еңбегін сегіз кітапқа жіктеген... Кітаптарда әуелі есімдерді, одан кейін етістіктерді түзіп отырады. Кітапта түрік тілінің түзілу, түрлену, жасалу жолдары тұжырымды, кідіксіз түсіндіріледі. Түрік әліппесінің ерекшелігі де талданған. Түрік тілінде негізгі 18 әріп бар екендігін, оның сыртында екінші ретте тұратын тағы 7 әріп бар екендігін, оларсыз түрік сөзінің құрылмайтынын да, жазылмайтынын да бажайлай баяндайды. Үндестік заңы, үндестік заңына сәйкес қосымшалардың, жалғаулықтардың үндесуіне қатысты қағидалар түзеді.Көне түрік әліппесінің кескіндерін түсіріп көрсетеді. Ал, көне түрік әліппесінің, руна жазуларының, олардың әріптерінің көне грек әліппесімен ұқсас тұстарын,ал жалпы көне түрік әріптерінің қазақ ру таңбаларымен сағымдай шарпысып қалатынын ескерсек, Махмұт Қашқари кітабында келтірілген әріптер мен картаның ғылыми қарымы күшейе түседі.Жалпы түрік тіліне ортақ заңдылықтарды тіл білімінің өзекті күретамыр шарттары ретінде түзіп, қортындылайды. Сол заңдылықтардың барлығы дерлік қазақ тіліне де етене жақын, сабақтасып, үндесіп түсіп отырады. Сөздердің этимологиялық тектестігінен бастап, түрленіп, жасалу, түзілу тәртіптеріне дейін егіздің сыңарындай ұқсас. Бұл жерде жекелеген түбі бір сөздерді, ұқсас сөздерді тізбелеп жатудың да реті жоқ. Екі сөздің бірі қазіргі қазақ тілінің сөзі. Мақал, мәтел, қанатты сөз, нақыл сөздер де жанға жақын, санаға таныс. Дүниетаным түзілімдері мен әлеуметтік- қоғамдық көзқарас өзегіндегі тектестікті де аңғарту қиынға түспейді. Бұл негізінен түрік жұртының бүкіл даму тарихында түзілген, қалыптасқан дүниетаным әлемі. Сөз әлемі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет