Лекция. Н. Назарбаев. «Мәдени мұра» бағдарламасы


-12лекция. Орта ғасыр түркі тілі



бет11/15
Дата20.02.2023
өлшемі81,7 Kb.
#69533
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
11 -12лекция. Орта ғасыр түркі тілі. Ортағасыр түркі тілінің лексика-грамматикалық сипаты. Қазақ тілінің халық, ұлт тілі болып қалыптасуындағы тайпалық одақтар тілі. Түркі тілдерінің тарихына қатысты мұралар.
Түркі халықтарына ортақ орта ғасыр түркі ескерткіштеріне шолу. М.Қашқаридің "Дивани лугат-ит түрк" еңбегі. М.Қашқаридің түркі тілдерін топтастыру классификациясы. Түркі тілінің ерекшеліктері. Түркі халықтарының мақал-мәтелдері. Түркі халықтарының тілінде көп қолданылатын сөздер, олардың қазақ тіліне қатысы.
Ж. Баласағұнның "Құдатқу білік" еңбегі."Құдатқу білік" еңбегінің мазмұны туралы. Еңбектегі даналық сөздер, мақал-мәтелдер. "Құдатқу біліктің" тілі туралы айтылған зерттеулер. Кітаптың тілдік ерекшеліктері: лексикалық, дыбыстық және грамматикалық ерекшеліктері. Шығарма тілінің қазақ тіліне жақындығы.
"Кодекс Куманикус" сөздігі. Сөздік туралы зерттеулер. Сөздіктің құрылымы, жазылу тілі және кейін енгізілген қосымша материалдар. "Кодекс Куманикус" тіліндегі сөздердің қазақ тіліне ұқсастығы. Сөздіктің фонетикалық пішіні, морфологиялық құрамы.
Қадырғали Жалайырдың "Шежірелер жинағы" еңбегінің мәні. Әбілғазы Баһадүрдің "Шежіре-и түркі" еңбегінің мәні. Түркі халқының ауызша поэзиясы: жорық жырлары, жоқтау жырлары, өсиет-жырлары. Түркі халқының фольклоры. "Қорқыт ата" кітабы. Аталған мұралардың тілді дамытудағы рөлі.
Оғыз-қыпшақ заманындағы әдебиет

Оғыздардың тарих сахнасына шығуы IX ғасыр болғанмен, одақты құрған тайпалар туралы деректер YI-YIIғасырлардан басталады.Оғыз, қыпшақ тайпаларының тегі бір, тілі туыс, тарихы ортақ, қонысы аралас, әдеби мәдени дәстүрлері бір. «Оғыз қаған» дастаны мен «Қорқыт ата» кітабының желісі оғыз, қыпшақ тайпаларының біртұтас мемлекетке айналғаннан кейінгі тарихын сөз етеді. Кодекс –Куманикус. Марғұлан Ә. Қорқыт: аңыз және ақиқат\\ Қорқыт Ата. Энциклопедия. А.,1999. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің бастаулары. А., 1998. Сейдімбек А. Қорқыт аңыздары\\ Қорқыт Ата. Энциклопедия. А.,1999. Ыбыраев Ш. Қорқыт және шаманизм. \\ Қорқыт Ата. Энциклопедия. А.,1999. YIII-IX ғғ. Өмірәлиев Қ. «Оғуз қаған» эпосының тілі.А., 1998. XYIII –XIYғасыр туындысы.Сүйіншәлиев Х. Ғасырлар поэзиясы. А., 1987.


Оғыз қаған. XIII –XYғасыр туындысы 17 сюжеттік желі, 21 парақ, 42 бет. Париж кітапханасынан табылған. В.В.Бартольд кезінде Н.А.Аристовтың «Түркі халқы мен тайпаларының этникалық құрамы туралы жазбалар және олардың саны жөнінде мәлімет» деген кітабында еңбектің авторы қырғыз (қазақ) даласының авторы деген еді. Түркістан мен Сыр, Жетісу бойының, яғни бүгінгі қазақ даласының тұрғыныны, қазақ халқын құраған тайпалардың бірінен шыққан Әбілғазы Баһадүр ханның «Шежіре и түрк» атты еңбегі және Рашид ад Диннің «Жами ат тауарих» атты еңбегін атауымыз керек. Мұнда Оғыз қағанның тууы мен ер жетуі, ел басшысы болуы, Самарқан, Бұқара, Хорасан арқылы Иран, Серия, Египетке жасаған жорықтары, 116 жас жасаған өмірі, отбасы туралы.
«Кодекс Куманикус» те 110 бет хрестиян дұғалары итальн поэзиясы итальян тілінде, 110 -нан 165-ке дейін неміс бөлімі, мұнда да хрестиян уағыздары, гимндер, өсиеттер, берілген. Куманша немісше сөздік берілген.Жаратушы есімдер мен адамның қадір қасиеті айтылған.Табиғат атаулары, уақыт мерзім атаулары, тұрмыс, шаруашылық атаулары, кәсіби сөздер, жұмбақтар, мақалдар.1303 жылы, 82 парақ.1883 жылы венгр ғалымы Геза Гун латын тіліне аударып, Будапеште бастырды.
Әбу Насыр әл Фараби Отырар қаласының тумасы, Бағдатта, Шамда, Мысыр қалаларында білім алған, өмірін өткізген. 150- ден астам еңбек жазған. «Өлең өнері» туралы» трактат, «Әдебиеттегі пікірталас туралы» трактат, «Риторика туралы трактат», «Логика туралы трактат», «Ғылымдпардың шығуы туралы трактат», «Ғылымдардың жіктелуі туралы трактат»6 1Музыканы4 9лы к3табы1 т.б. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. А.,1995.
Қарахандар тұсындағы әдебиет
X-XII ғасырлар тұсындағы (( 840- 1212) қарахандар әулеті дәуірлеп тұрған кездегі әдебиеттер: Ж.Баласағұнның «Құдатқу білігі», М.Қашқаридің «Диуани лұғат ит түрік» шығармасы, Ахмет Иүгнекидің «Хибат ул Хакайы еңбегі Зерттеушілер: В.В.Григорьев, В.В.Бартольд, С.Г.Кляшторный, С.Е.Малов, А.А.Валитова т.б.
Назарбаев Н. Тарих толқынында. А., 1999(пікірі)
Қарахандар мемлекеті Орта Азия тарихындағы мұсылман мәдениетін ұстанған алғашқы мемлекет. Орталығы Қашқар қаласы. Батыс шегарасы Самарқанд пен Бұқараға дейін жеткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет