Лекция. Н. Назарбаев. «Мәдени мұра» бағдарламасы


лекция. Көне түркі тіліндегі тарихи атаулардың семантикалық даму жолы



бет9/15
Дата20.02.2023
өлшемі81,7 Kb.
#69533
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Í. Íàçàðáàåâ. «Ì?äåíè ì?ðà» áà?äàðëàìàñû

8 лекция. Көне түркі тіліндегі тарихи атаулардың семантикалық даму жолы.
Көне түркі тілі деп YII-XIII ғасырларды қамтитын ескерткіштер тілі ұғынылады. Ескерткіштердің көнесі бірінші түркі қағанаты дәуіріндегі руникалық және манихей ескерткіштері болып табылады. XIII ғасырдың ортасында моңғолдар шабуылынан кейін түркі халықтарының ыдырап көшуі үрдісі басталды, ол түркі тілдерінің бөлінуіне және өзгерісіне алып келді. Сондықтан көне түркі тілі ретінде моңғол шапқыншылығына дейінгі руникалық жазба ескерткіштер–Күлтегін, Білге қаған, Тонықұқ, Онгин, Мойын-Шор,Кули-Шор ескерткіштері мен мифтік сарындағы «Ȉrk Bitig» мәтінінің тілі және XI ғасырдағы тірі сөз қолданыстан алынып жазылған М.Қашқаридің «Дивани лұғат-ит түрік» сөздігі мен араб тіліндегі XIII ғ.шығармалары алынады. Көне түркі тілінде қолданылған сөздер мен сөйлемдердің қайдан алынғандығын көрсететін қысқартулар бар, олар мыналар: БК–Білге Қаған ескерткіші, Е–Енисей ескерткіші, КТ–Күлтегін ескерткіші, КЧ–Күли-чор есекрткіші, ЛОК–Оғуз қаған аңызы, МБ–XIII ғасырдағы ұйғыр құжаттары, МК– М.Қашқари еңбегі, МЧ– Мойын-чор ескерткіші, О– Онгин есекрткіші, Тон– Тонықұқ ескерткіші, Юг–А.Йүгникидің «Ақиқат сыйы» еңбегі, КР–X ғасырдағы Калуанамкара және Рапамкара ескерткіші, Man–Манихей ескерткіші, QBN,QBK–Ж.Баласағұнның «Құдатқу білігі», Rach–медициналық мазмұндағы ұйғыр жазбасы, Suv–Алтын йаруқ ескерткіші, ThS–Орхон-Енисей ескерткішінің Томсен-Стейн нұсқасы, ТТ–астрологиялық, діни, медициналық, күнтізбелік мазмұндағы жазба ескерткіш, Uig–будда ескерткіші,Usp–XII-XIY ғғ.ұйғыр заң құжаты.
Көне түркі тіліндегі атаулардың семантикалық тұрғыдан дамуын қарастырғанда , мына заңдылыққа көз жеткізуге болады. Адам баласы заттық не сындық не болмаса қимылдық ұғымдарға атау бергенде, олардың табиғатқа икемділігі, адам тіршілігіне бейімділігі, осыдан келіп шығатын сан алуан қасиеттерін есепке алғандығы байқалады. Сонда лексикалық мағынаның жасалуы мен дамуына тілдік және тілден тыс факторлар қатысады да, олар ұғым-атау-таңба арақатынасы негізінде тұжырымдалады. Мұны ғалымдар аталым және уәждеме теориясына жатқызады. Бұл теория бойынша зерттеушілер шындық болмыста таңдап алынған заттың тілдік таңбалармен белгіленілетінін, мұнда атау мен шындық болмыстың арасындағы қатынас ұғым-түсініктің қалыптасуымен байланысты болатындығын дәлелдейді. «Акт номинации состоит в фиксирования избранных явлений действительности посредством языковых знаков, так как именно называние предметов и явлений действительности всегда непосредственно связано с формированием соответствующих понятий»(Шмелев Д.Н. Введение// Способы номинации в современном русском языке. М, 1982, с.4) . Бұл құбылыс бір ғана тілге қатысты болмайды, тіл атаулының бәрінде халықтың жаратылысты қабылдау, соған лайық ұғым-түсінік беру үрдісінде болатын құбылыс. Тілдің неғұрлым көне қабатына үңілсеңіз, бұл үрдістің қалай жүзеге асқандығын соғұрлым анық байқайсыз. Көне түркі тіліндегі бастапқы түбірден түрлі сөзжасамдық тәсілдермен жасалған туынды сөздер көне түркілердің әлемді тану танымынан хабардар етеді, тілдегі әрбір лексикалық бірліктер қазіргі тілге дейін сақталып келген тілдік жүйенің заңдылықтарын сақтай отырып, шындық болмыстағы реалийлерді анықтауға мүмкіндік береді. Мән берілген нысанның ерекше белгілеріне қарап пайымдау жасап, тілдік құралдарды таңдау негізінде атау беріп, атаудың мазмұнында табиғаттан ажырамаған адамдардың таным-түсінігі жатады. Атауға ие болған нысанның ерекше белгісі жаңадан танылатын нысан атауына негіз болады да, жаңа мазмұнға көшеді, содан жаңа сөз туындайды. Белгі –атау жасаудың басты амалы, жаңа сөз жасаудың тәсілі. Атауға негіз болған басты белгінің сөздің әрі қарай семантикалық дамуына тигізген әсері кейде көрініп тұрса, кейде көрінбей жасырын тұрады. Қолданыста қалыптасқан сөз тілдің қабылданған заңдылығы бойынша дамып, түрлі дәрежеде өзгеріске түсіп отырады, өзгеріс сөздің бастапқы мағынасын білдіретін ішкі мағыналық құрылымының өзгеруімен байланысты жүреді. Сонда семантикалық өзгеріс ішкі мағыналық құрылым өзгерісіне тәуелді, яғни сөздің құрамындағы сыңарлардың мән-мағынасы негізінде жаңа атау қалыптасады. Сөз мағынасының кеңейіп дамуында ішкі мағыналық құрылымның, яғни бастапқы мағынаның үлесі бар. А.А.Потебняның айтуынша: «Внутренняя форма–то, что возвышает членораздельный звук до выражения мысли, взятой во всей совокупности своих связей и систематичности» (Потебня А.А. Слово и миф. М., 1989, с.116). Сөздің тарихи дамуында бастапқы мағынаны жасайтын уәжділік пен кейінгі мағына арасындағы байланыс әлсіреп, уәжі көмескіленіп не жоғалып кетуі де мүмкін. Туынды сөздердің ішкі мағынасы әрине болады, бірақ тарихи уәжділік айқын көріне бермейді. Атаудың ішкі мағыналық құрылымы аталымға негіз болған деректер мен мағынаны сақтайды, бірақ оның көріну дәрежесі әртүрлі. Осыдан барып тілде көпмағыналылық немесе омонимдік қатарлар қалыптасады, бұлар тілдің қаншалықты деңгейде өскендігін және тарихи тамырының қаншалықты алыс дәуірлерге кететіндігін байқатады.
Тілде қанша ғасыр өтсе де өзінің ежелгі мағынасын өзгертпей сақтап келген сөздер де бар, сонымен қоса тілдің даму кезеңдерінде ішкі семантикалық өзгерістерге түсіп, не көпмағыналылық немесе омонимдік дәрежеге жеткен сөздер бар. Мысалы, Baba–баба: ančulaju amrar erti sizni tözügü anasïn babasïn oγlanï sevärčä TT III 98–олардың барлығы сені ұлы анасы мен бабасын сүйгендей сүйді. Badruq I –Uig I 39 –байрақ (ту) ; Baδram– байрам (мейрам): baδram qïlïp avnalïm МҚ 136–байрам қылып тойлаймыз деген сөйлемдердегі «баба», «байрақ», «байрам» сөздері дыбыстық өзгерістерге түскені болмаса, осы мағынада әлі күнге дейін түркі тілдерінде қолданылады. Сол сияқты тура мағынасындағы апа сөзі мағыналық өзгеріске түспесе де әртүрлі қосымша реңктік мағынаны иеленді. Мысалы:
Ana 1–ана МҚ 1 93 : ana ata ана–ата; ana baba – ана–баба; anasï[n] b[abasïn] oγlanï sevärčä TT III 98–анасын, бабасын ұлдары қалай сүйеді.
Anač 1–жақсы көргенде айтатын сөз: anačïm Uig III 9 2–анашым.
Anala– анала, анам деп санады: ol anï analadïМҚ 1 311–ол оны анам деп санады.
Anar E 40–кісінің аты.
Ал мына сөздер әрі көпмағыналылыққа, әрі омонимдік қатарларға ие болған.
Тілдің даму деңгейін сол тілдің сөздік қоры айқындайтыны белгілі. Сонымен, сөздік қорда неғұрлым омоним, синоним сөздер көп болса, соғұрлым тіл соншама дәуірді артқа тастап, дамып жетілгендігін көрсетеді. Жоғарыда берілген сөздер қатарынан байқағанымыздай, көне түркі тілінде дыбысталуы бірдей болғанымен, мағыналары алшақтаған сөздер мол. Мысалы: bök I–зат есім,бөк: асық ойынында асықтың дөңес жағы үстіне қарап жатуы; bök II –зат есім, бөк: үйдің қабырғасы, шарбақ, дуал: uluγ eb örtänmiš qatïŋa tegi qalmaduq bökiŋä tegi qodm[ad]uq Ths II 14–үлкен үй өртенген, тіпті ірге тасы(табаны) да қалмады, тіпті шарбағы да қалмады.
Bök I –етістік, бөк: ol ašdïn bökdi МҚ II 18–ол асқа тойды; edgügä bökmädim E 15– жақсылыққа тоймадым; qujda (отауда) qunčujuma sizim oγlumqa bökmädim E 14–отауымда бәйбішеме, ұлдарыма (қызығына) тоймадым; täŋridäki künkä jerdäki elimkä bökmädim E 7–көктегі күнге, жердегі еліме тоймадым. Bök II– 1) бөк: ol suvuγ bökdi МҚ II 19–ол суды бөгеді; 2) ауыспалы мағына, жинау, топтастыру: beg süsin bökdi МҚ II 19–бек әскерін жинады (топтастырды).
Етістік мағынасындағы «бөк» сөзі етіс жұрнақтарымен келгенде, бұл сөздің «жиналу» деген мағынасы айқындала түседі: böklün–бөгелу, жиналу: suv böklündi МҚ II 239–су жиналды. Осы мағынадан туындаған жаңа мағынадағы сөздер мыналар: böksäk –емшек: böksik –іш: böksikin ömgäklädilär Uig IY C 70–ішпен жылжыды. Әйелдің емшегі мен адамның іші сүт безі мен астың, майдың жиналатын жері, сондықтан осы дене мүшелерін алғашқы адамдар «бөк» сөзімен байланыстырған. Мұның дұрыстығын талданып отырған сөздердің туынды мағыналары растайды: böksüklä– бөксүклә, белгілену, көрсетілу: qïz böksükländi– қыз емшегі белгіленді.
Омоним сөздердің біразының мағыналық жақындығын аңғаруға болса, кейбіреулерінің мағыналары тым алшақтап кеткендіктен басқа-басқа болады. Мысалы: buq I–зат құлап жарылғандағы шығатын дыбыс: qaγun buq jerkä tüšdi –қауын буқ етіп жерге түсті. Buq II– тамақтағы ісік: buq belgüläri muntaq bolur aγzï qurïr TT YIII 1–тамақтағы буқ белгілері– аузы кебер. Buq III –етістік- бүгу: ol aδaqïn buqdï МҚ II 16–ол аяғын бүкті.
Burčaq I –бұршақ және бұршақ тұқымдас өсімдіктер: livi ašï qara burčaq tetir TT YII 14 –құрбан болатын асы –қара бұршақ. Burčaq II–тердің ірі тамшылары (тері бұршақтап ).
Burun I –1)зат есім- мұрын : er burnï tamurdï–ердің мұрнынан қан ақты; 2) taγ burnï МҚ I 398–тау шоқысы. Осы негізден жасалған туынды сөз–Burunla/ мұрынла (мұрынынан ұру): ol anï burunladï III 341–ол оны мұрынынан соқты. Burun II –1)үстеу- бұрын, алдымен: burun bašqa börkni kejär baš kerek Юг А 300–алдымен бөрікті кию үшін бас керек; 2) септеулік шылау-бұрын: ol mendin burun bardï МҚ I 398–ол менен бұрын барды. Осы мағынадан өрбіген туынды сөздер: Burunča –бұрынша: saŋa burunča boš bitig beräjin Юр 1–саған бұрынша (бұрынғыдай) босату туралы құжат берейін. Burunda –бұрында: bu kiši burunda etüz emgänmïš TT YII 28–бұл кісі бұрында етінен (денесінен) зардап шекті.
Көне дәуірдің өзінде-ақ қолданыста әрі омоним, әрі көп мағыналы сипатқа ие болған сөздердің мол тобын «А» және «Б» әрпінен басталатын тарихи сөздерден көруге болады. Олардың көпмағыналылығы тілдің дамуындағы алғашқы болған үрдіс те, омонимдік мағыналары кейін орын алған құбылыс. Көне түркі тілінің сөздік қорындағы мұндай қабаттар тек түбір сөздер арқылы емес, туынды сөздер арқылы молайып отырған. Туынды жолмен жасалған омоним сөздердің әрбір қатары омонимдік қатардың негізі болатын бастапқы мағынасымен кейде анық, кейде көмескі байланысын аңғаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет