6 лекция. Ежелгі тілдермен түркі тілінің байланысы. Сақ және шумер мәдениетіндегі ортақтықтар. 1- аргумент Саг, Сак, Кас-сак
Көне дәуірден әрбір халық өзіндік атауға ие болды, осылайша халықтар бір-бірінен ажыратылды. Ертедегі шумерлер өздерін қалай атады? Олар өзін «саг-гиг» деп атады. Осы «саг-гиг» дейтін жұмбақ сөз нені білдіреді? Ғалымдардың жобалауынша, бұл сөз қарабасты дегенді білдіреді.»Саг-гиг» -скиф тайпаларының бірі сақтың атауы. «Саг-гиг» сөзі «мас-сагет»,«мас-саг» сөздерінің құрамында анығырақ көрінеді. Осы көнешумерлік атау «саг» немесе көнескифтік сөз «сак» немесе «массаг»
кейінірек көшпелілерге , қазіргі қазақтарға берілді. Неге?
Тіпті Ресей императоры ІІ Екатерина кезінде қазақтар ресми іс-құжаттарында қырғыз-қайсақтар деп аталды. «Қайсақ» сөзіне назар аударатын болсақ, бұл сөз екі компоненттен тұрады: қай-сақ. Ең қызығы, «қайсақ» сөзі қазақтар мәнінде жұмсалды, бұл ХҮІІ ғ.қазақ билеушісі Абылайхан мен ресей императоры ІІ Екатеринаның жазбаларынан көрінеді. Мысалы, хан патшаға өзін Түркістанда үш қырғыз-қайсақ ордасының бәрі хан көтергенін мәлімдейді. Мүмкін, қазақ атауы екі сөздің мағынасынан бірігіп, «нағыз сақ», «еркін сақ» дегенді білдіретін шығар. Мұндай салыстыруды төмендегі кестеден көруге болады.
Кесте: Саг, Сак және Қас-сақ
Таблицаның көрсеткеніндей, арадағы мыңжылдықтарға қарамастан, бұл көнешумерлік саг-гиг сөзі күні бүгінге дейін айтылады, әрине, қазақ болып сәл өзгерген түрде айтылады.
Көне шумерлер қандай тілде сөйледі? Шумер тілінің көршілес халықтардың тілімен ешқандай ортақтығы болған жоқ. Көнешумерлерді қоршаған қандай халықтар еді десек, олар көнесемит тілінде сөйлеген акадтықтар, ассириялықтар, халдеи және амореилер, сонымен қатар эламиттер және көнеиран тайпасы куттар болатын. Шумерлер тілі басқа халықтардың тіліне ұқсамайтын. Шумер тілі- скиф, сақтар мен массагеттер сөйлеген көне түркі тілі болар.
2-аргумент. Шумерлер мен түркілердің тілі. Тіл- мәдениетті жеткізуші басты құрал. Халықтардың тілінде олардың мінез-құлқы сақталады. Тіл тарихтың шынайы құжаты болып саналады. Ата-бабалардың даналық сөздері бізге тіл арқылы жетеді. Тіл халықтың өткені мен бүгінгісі және келешегі туралы хабарлайды. Түркі тілі шумерлер мен скифтердің ортақ тілі болуы мүмкін. Мысал үшін, шумер тілі мен түркі тіліндегі сөздерді салыстырып қарайық.Төмендегі кестеде айтылу ұқсас және бірдей мағынада жұмсалатын шамамен 46 шумер мен түркі сөздері келтірілген.
Берілген кесте шумер тілі мен түркі тілдерінің арасында көптеген ортақ тілдік құбылыстардың бар екендігін көрсетеді. Айтылғандарға ,мүмкін, дәлел қазақтың «түгел сөздің түбі бір» деген мәтелі болар, бәрінің негізінде бірдей түбірлер жатыр. Сәйкес формалар мен ұқсас мағына бұл тілдердің арасында тығыз байланыс бар екендігін дәлелдейді. Кестенің көрсеткеніндей, түркі тілдері, соның ішінде қазақ тілі шумерлік тұлғаларды өзгеріссіз сақтаған. Қалай дегенмен, шумерлердің өмір сүрген дәуірі шамамен б.д.д. ХҮІІІ ғасыр екенін ұмытпауымыз керек, оның үстіне шумерлер семит тайпалары – аморей, акад, халдейлермен шегаралас болды. Тағы да айта кету керек, шумерлер Иран тайпасы- кутилердің шапқыншылығына да ұшырады. Әрине, осы факторлардың бәрі шумер тіліне әсер етті. Шумер тілі ассимиляцияға ұшырап, жекелей өзгерістерге ұшырағанына күмән жоқ. Қарастырылған 46 сөздің 33-і түгелдей ұқсас, яғни ұқсастығы 72 % құрайды, ал 13 сөз түбірі бойынша сәйкес келеді, яғни бұл 28 % құрайды.Шумерлік ұяң дыбыстар қазақ тіліндегі қатаң вариантына сәйкес келеді, мысалы: шумер тіліндегі «д»- қазақ тіліндегі «т», шумер тіліндегі «г»- қазақ тіліндегі «к ».
Қорыта айтқанда, бұл тілдердің арасында белгілі бір туыстық байланыс бар. Шумер тілі ғасырлар қойнауында жоғалып кеткен жоқ, қайта ұзақ ғасырлар бойында көнетүркі тіліне ауысты. Көнетүркі тілінде скифтер, сақтар, ғұндар, қыпшақтар сөйлеген. Асан Бахти.
Шумер тілі мен түркі тілдерін бұдан бұрын салыстырған Хоммель болатын. Ол екі методологиялық қате жіберді:
1.Ештеңеге қарамастан, генетикалық туыстығын дәлелдеуге тырысты;
2.Сөздіктің әр түрлі саласынан аз ғана ( 10 шақты) сөздерді салыстырды.
Нәтижесінде: Хоммель күлкіге қалды. Оның талпынысын ғылыми емес салыстырудан алынған ғылыми емес тұжырымның хрестоматиялық мысалдары сияқты келтіреді. Шын мәнінде, оның кемшіліктері мынада: ол шумер мысалдарымен әр түрлі түркі тілдеріндегі сөздерді алып салыстырды, ал керегі- бастапқы тұлғалары еді. Ол тапқан салыстырмалы лексемалар, саны аз болғандықтан, түркі тілдерімен сәйкестігі кездейсоқ болуы да мүмкін.
Біз Хоммельдің қатесін ескере отырып, әр түрлі саладағы сөздерді жекелеп салыстырмай, лексемалардың семантикалық ұясын салыстыруды жөн көрдік. Шумер лексикасын кластар бойынша топтай отырып, түркілік атаулардың сәйкес келетін топтарымен салыстыру барысында, сәйкестенетін сөздердің көпшілігі екі топқа жіктелетіндігін байқадым: а) Тәңір, б) Адам.
Мағыналық және тұлғалық жағынан ұқсастықтар мен айырмашылықтардың жүйесі кездейсоқ сәйкестіктердің болу мүмкіндігін жоққа шығарды, көптеген жағдайларда, керісінше, осы екі топқа жататын көптеген шумер сөздерінің түркі тіліне қатыстылығын дәлелдеді.Мұнымен қоса, ең таң қаларлығы сол, шумерлік ауысулар осы күнге дейін түркі тілдерінде байқалатын диалектілік ерекшеліктерін сақтаған. Бұдан не түюге болады: шумерлер тек жалпытүркілермен немесе бір түркі тайпасымен ғана емес, бірнешеуімен қарым-қатынасқа түскен. Тағы да мынаны аңғаруға болады: түркілермен байланыс әлденеше рет болған. «Ескірген» және өзгеріске түсе қоймаған «жаңа» тюркизмдер де бар.
Семантикалық ұяларды салыстыру мынадай басты сұраққа жауап берді: шумер тілі мен түркі тілдері туыс па?