Лекция. Н. Назарбаев. «Мәдени мұра» бағдарламасы



бет1/15
Дата20.02.2023
өлшемі81,7 Kb.
#69533
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Í. Íàçàðáàåâ. «Ì?äåíè ì?ðà» áà?äàðëàìàñû


1 лекция. Н.Назарбаев. «Мәдени мұра» бағдарламасы
Елбасы 2004 -2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты: тарих, этнография, фольклор, ежелгі жазба мұралар жөніндегі еңбектерді ғылыми зерттеу және басып шығару, тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру, сақтау және музейге топтастыру, сол арқылы көп ғасырлық ұлттық мәдениетімізді тиянақтау. Әлемдік ғылыми ой сананың, мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын құру.
ҚХР тарихи мұрағаттарынан шағатай, манжур, ойрат, моңғол және қытай тілдерінде жазылған Қазақстан тарихы мен мәдениеті жөнінде айрықша маңызы бар 3500-ге жуық құжаттар табылды.
Ежелгі түркі жазбаларын тауып, зерттеу мақсатында 2005 жылы тамыз қыркүйек айларында ЕНУ дің этнограф ғалымдары Моңғолияға ғылыми экспедиция жасап, 9 кешенді ескерткіш, 115 көне түркі руникалық жазбаларын қағазға жазып, фотаға, бейнекамераға түсіріліп алынды.
Ұлттық кітапхана 2005 жылы Британдық кітапханаға, Париж, Мадрид, Севелья, Флоренция, Берлин ұлттық кітапханаларына Ватиканның құпия мұрағаттарына экспедиция жасап, 77 қолжазбаның көшірмесі, 200-ге жуық баспа баасылымдары табылды. IY Папа Урбанның Құлағу ханға жазған хаттары, Ватикан папалары мен Алтын Орда хандарының өзара жазысқан хаттары,»Ас-сахат- Таурих (Жалпы тарих, 1440ж. Қолжазбалар бар». Оның 12-тарауы түрік, моңғол, Темір ұрпақтарының тарихы жазылған әлемдегі жалғыз қолжазба.
Елтану үшін тарихта қаланған деректемелерге мұқит ден қою керек. Деректемелер қатарына тарихи айғақтың бәрін жатқызуға болады. Атап айтқанда, археологиялық, этнографиялық, антропологиялық, лингвистикалық, жазбаша, заттық, ауызшы айғақ деректер жатады. Оның ішінде қазақтың шежірелік мұрасының алатын орны зор. Отырықшы ел жұрттардың шежірелеріне қарағанда, көшпелі өмір салтта қалыптасқан дәстүрлі қазақ қоғамындағы шежірешілдік дәстүрдің тарихи танымдық өресі мен әтноәлеуметтік қызметі анағұрлым маңыздырақ. Шежірешілдік мұралар қоғамның сұранысына қарай және адамдардың өмірлік мұқтажына байланысты дәстүрге еніп, қоғамдық өмірде ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастырып, нәтижесінде жалпы этноұйыстырушылық рөл атқарған. Мұраларда ел жұрттың әлеуметтік саяси өміріндегі сипаты анық көрініс тауып отырады. Шежірелік аңыз әфсаналар мен әңгіме хикаялар ел жұрттың әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, салт дәстүрлік, моральдық этикалық қасиеттерін айғақтайтын дерек мағлұмат бар. Түркі халқының, соның ішінде қазақтың төл тарихының ең құнды айғақ дерегі ретінде шежірелік деректерге мемлекеттік өреде мән беретін, оған халықтың біртұтастығы мен патроиотизмінің тетігі ретінде қарайтын және оны жас ұрпаққа берілер білімнің мазмұнына айналдыратын, сол арқылы өміршең таным түсінік қалыптастыратын мезгіл жетті. Мәдени мұра бағдарламасының мәні де осында.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет