9-10 лекция. Орта ғасыр мұралары және жазу дәстүрі Жазу- өркениетті елге айналған тайпа-ұлыстың, халықтың тіліне қажетті мәдени атрибут.Жазу бір халықта ерте, бір халықта кеш пайда болуы мүмкін. Адамзат қауымына тән жазу мәдениетінің тым ұзақ тарихы оның сан алуан түрлерін, қолдану әдіс-тәсілдерін, т.б. атрибуттарын, шығу төркінін, қалыптастыру дәуірлерін жақсы білген.
Адамзат өркениетінің басқа саласын былай қойып, тек түркі әлеміне тән жазу дәстүрін қарастырсақ, оның өзі де тасқа қашап, ойып жазатын, металл(алтын, күміс, қола, темір) бетіне сызып жазатын, күйдірген кірпіш бетіне батырып жазатын, иленген терінің бетіне тіліп не бедерлеп жазатын, қайың қабығы-тозға кесіп жазатын, қағаздың бетіне сызып, суреттеп, бейнелеп жазатын т.б. сан алуан тәсілдерін білген екен, өркениет деңгейіне қарай әр алуан материалдарды да пайдаланған екен
Оғыздардың тарих сахнасына шығуы IX ғасыр болғанмен, одақты құрған тайпалар туралы деректер YI-YIIғасырлардан басталады.Оғыз, қыпшақ тайпаларының тегі бір, тілі туыс, тарихы ортақ, қонысы аралас, әдеби мәдени дәстүрлері бір. «Оғыз қаған» дастаны мен «Қорқыт ата» кітабының желісі оғыз, қыпшақ тайпаларының біртұтас мемлекетке айналғаннан кейінгі тарихын сөз етеді. Кодекс –Куманикус. Марғұлан Ә. Қорқыт: аңыз және ақиқат\\ Қорқыт Ата. Энциклопедия. А.,1999. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің бастаулары. А., 1998. Сейдімбек А. Қорқыт аңыздары\\ Қорқыт Ата. Энциклопедия. А.,1999. Ыбыраев Ш. Қорқыт және шаманизм. \\ Қорқыт Ата. Энциклопедия. А.,1999. YIII-IX ғғ. Өмірәлиев Қ. «Оғуз қаған» эпосының тілі.А., 1998. XYIII –XIYғасыр туындысы.Сүйіншәлиев Х. Ғасырлар поэзиясы. А., 1987.
Еуразияның көне бейіттер басындағы құлыптасқа жазылған эпитафиялар XX ғасырға дейін жеткені белгілі. Қазақстанның Жетісу, Қырғызстанның Талас, Ыстықкөлден табылған. Ертедегі түркі жазуы туралы ҮІ ғасырдағы көне жазбаларда «мола алдына өлген кісінің бейнесі салынған және өзі жүргізген соғыстары баяны жазылған тастар қояды, олардың жазулары, әрпі Ху халқының әрпіне ұқсас (Киселев С.В.)», «түркі жазуы ху халқының жазуын еске түсіреді (Кляшторный С.Г.)» деген еді.
Бұл жазудың Алтай түркілеріне келу тарихы Хун ордасы құлап, оның ұрпақтары «түркі» атанып, қайта күшейгенге дейінгі ІІ –Ү ғасыр арасындағы белгісіз тарих сияқты өте күңгірт.
Ертедегі Түркілердің жазбаға түскен аңызында мынандай қызғылықты дерек бар: Ел хан Тумынға дейінгі аты мәлім түркі билеушілері Надул шад, Ақхан шад деп аталады. Екеуінде де соғдыларға тән «шад» деген билік, атақ кездеседі. Шамамен осы билік-дәреже атауы сияқты жазуды да Ертедегі Түркілер сол Ү-ҮІ ғасырға дейінгі күңгірт дәуірде жасаған болса керек.
Б.Әбілқасымовтың пікірінше, орта түркі дәуірі деген атауға сұрақпен қарайды. Бұған негіз болған не нәрсе? Тілдердің жас мөлшері ме, әлде түркі тілдеріне ортақ дәуір дегенді білдіре ме? Егер жас мөлшеріне қатысты болса, онда ескі түркі тілі деп атау керек еді ғой. Осы дәуірде түркі тілдері жіктеліп, әртүрлі тілдік бірлестіктерге ұйысқан тайпа тілдеріне ажырағаны бнлгілі. Н.Баскаков бұл дәуірдің өзін екіге бөледі: Қарахандық кезең (X-XII ғғ), моңғолдық кезең (XIII-X ғғ.). Бірінші кезеңде түркі әдеби тілі Қарахан мемлекетінде көбірек өркен жайды. Ал моңғол кезеңі дегенмен келісуге болмайды. Түркі тілді тайпалар моңғол билігінде болғанымен, тілдік тұрғыдан моңғол тілі түркі тілдерінің ешқайсысына әсер ете алмады.
Бұл кезеңде Алтын Орда хандығына қараған тайпаларда әдеби қыпшақ тілі үстемдік етті, ал Орта Азияда шағатай, оның ізбасарлары Әмір Темір билеген ұлыстарда Хорезмдік әдеби тілі (кейін шағатай әдеби тілі атанған) қалыптасты. Қарахандар тұсындағы әдебиет. X-XII ғасырлар тұсындағы (840- 1212) қарахандар әулеті дәуірлеп тұрған кездегі әдебиеттер: Ж.Баласағұнның «Құдатқу білігі», М.Қашқаридің «Диуани лұғат ит түрік» шығармасы, Ахмет Иүгнекидің «Хибат ул Хакайы еңбегі Зерттеушілер: В.В.Григорьев, В.В.Бартольд, С.Г.Кляшторный, С.Е.Малов, А.А.Валитова т.б.
Назарбаев Н. Тарих толқынында. А., 1999.
Қарахандар мемлекеті Орта Азия тарихындағы мұсылман мәдениетін ұстанған алғашқы мемлекет. Орталығы Қашқар қаласы. Батыс шегарасы Самарқанд пен Бұқараға дейін жеткен.
Сириялық түркі әліпбиі мен орта ғасырлық түркі тілінде жазылған ондаған құлыптастағы мәтіндер б.з.XII-XIY ғасырға жатады. (Ч.Джумагулов. Язык сирио- тюркских памятников Киргизии. Фрунзе.1973.) Қазақ даласында ислам діні енгенге дейін құлпытас орнату дәстүрге айналды. Бұған дейін адамның мүсінін жасап орнатып келгені белгілі.
Қағазға жазылған кітаптар, фрагменттер, ақшаның анықтамасы қағаз ақша, колхат, есеп қисап, медицина, астрономия, діни кітаптар бізге жетті. Олар шығыс түркістанның оңтүстік шығысынан, турфан оазисінен, ганьсудың бірнеше жерлерінен, моңғолиялық езін ғолдағы қарахоттан табылды. Бесбалық, куча, хами қалаларынан күні бүгінге дейін қағазға жазылған кітаптар мен франменттер табылуда. Байырғы түркі қолжазбалары германияның берлиндегі ғылым академиясының қорында сақталып тұр. Санкт -Петербургтің азиаттар музейінде радлов, малов, дьяков, клеменц, коротков және басқалардың турфан, үрімжі, солтүстік батыс қытайдан сучжау қалаларынан жинаған коллекциялары сақталуда.