4 лекция Кездесу топтары. Негізгі ұғымдары және процедуралары.
Кездесу топтарын ұйымдастырудың теориялық негізі ретінде Карл Роджерстің «негізгі кездесу» және Уильям Шутцтың «ашықтық теориясы» концепциялары алынған. К. Роджерстің концепциясы өзі тұрған «клиентке бағытталған терапия» деп аталатын қағидасына негізделген. Ол терапияның негізгі мақсаты – басқа адамдармен қарым – қатынас барысында жеке тұлғаның түпнұсқалық қасиеттеріне сүйену болып табылады. Шутц концепциясы сана мен тәнді интеграциялауға негізделген.
Кездесу топтарының ішінде нақты мәселеге бағытталған және ортақ сезімге бағытталған түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Кездесу топтарының негізгі белгісі – өзін –өзі ашу, сезіміне көңіл аудару, өз-өзінің жаны мен тәнін саналы қабылдау және «қазір және осында» ұстанымында болу. Кездесу топтары адамның психикалық дамуын жеделдетуге және қысқа мерзім ішінде нәтижеге жетуге бағытталған. Ол үшін кездесу топтарының бірнеше варианттары ұсынылады: «Марафон» тобы және «Ағынан жарылу» тобы. «Марафон» тобы ондаған сағат немесе бірнеше күн бойы топтық әрекеттер істеп, әр қатынасушыға өзін толық бақылауға, мүмкіндіктерін ашуға және танып білуге бағытталған болса, «Ағынан жарылу» тобында әр қатынасушының санасыз сферасына терең бойлау көзделеді.
Топқа қатысушылардың және жетекшінің жеке тұлғалық ерекшеліктері мен психологтың кәсіби шеберлігі топтық коррекция тиімділігінің шарттары болып табылады. Бұл психокоррекциялық топтың терапевтикалық мағынасы өте терең.
Топқа қатысушылардың және жетекшінің жеке тұлғалық ерекшеліктері мен психологтың кәсіби шеберлігі топтық коррекция тиімділігінің шарттары болып табылады. Бұл психокоррекциялық топтың терапевтикалық мағынасы өте терең.
Шутцтың айтуы бойынша қатысушылардың бір-біріне жауапкершілігі- топтың негізгі заңы. Осы заң бойынша әр қатысушы өзінің топ алдында көрсеткен мінез – құлқына жауапкершілікті өз мойнына алу керек.
Екі қатысушы бір-біріне қарама-қарсы көзіне қарап отырып, алдында отырған адамның өзіне тигізген әсері туралы топтағылар еститіндей дауыспен барлығына айтып береді. Топтағылардың барлығы кезектесіп бір-бірінен әсерленгені туралы мәлімдейді. Өзіңіздің кезегіңіз келгенде үндеместен өзіңіз туралы өзгелердің пікірін тыңдап, одан өзіңізге пайдалы қорытынды жасаңыз.