Негізгі түсініктері: үйретузертханасы, оқу жолдарын үйрету, “қазір және осында” принципі.
Үйрету зертханасының негізгі міндеті – қатысушыларды өздеріне қауіпсіз ортада басқаларға ыңғайлы мінез-құлық көрсетудің жаңа тәжірибесін опрабациялау (тексеру).
“Қазір және осында” ұстанымы бойынша әр адам өзінің өмірде бұрынға болған оқиғаны және солмен туындаған тәжірибесін басшылыққа алмай, қазір болып жатқан жағдайға байланысты мінез көрсету.
Негізгі мақсаты – барлық қатысушыларға сыйысымды мінез-құлық көрсетіп, осы білім мен дағдыны отбасы мен қызмет орнында пайдалануға үйрету. И. Д. Ялдың анықтауы бойынша т-топтарының барлық көпшілігіне тән 10 фактор:
Гештальт терапиялық топтар мақсаты – топ мүшелерін мадақтау арқылы организмикалық процестерін ояту. Клиентте осы болып жатқан жанама және эмоциялық қайғыру маңыздылығын үйрету. Тұлғаның көріністі бөлігін интеграциялау.
Міндеттері: адамды өз қабілеттілігін және қажеттілігін дамытуға үйрету, мақсатты жолда қалдырмай аяқтау, шынайы индивидуалдылығын ашу.
Топтық динамика – топ мүшелері арасындағы әрекеттестіктермен және өзара қарым-қатынастармен сабақтастырылған топтың дамуы немесе қозғалысы.
Топтық динамикаға топтың мақсаттары мен міндеттері, топтың ұйымшылдығы, топ нормалары, жүргізушінің ұстанымы, топ құрылымы мен көсемдік құрамы, топтық рөлдер, топтық даму сатылары, жұмыс кезеңдері жатады. Тренингтің топтағы ең маңызды және көңіл аударуды қажет ететін үдеріс – қағида бойынша топ мүшелерінің бір-біріне өзара тартылуы ретінде түсіндірілетін топтың ұйымшылдығы.