Лекция. Қосмекенділер класы -amphibia


Дөңгелек тiлдiлер тұқымдасы



бет3/6
Дата25.11.2023
өлшемі1,29 Mb.
#127513
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Дөңгелек тiлдiлер тұқымдасы
Дөңгелек тiлдiлер тұқымдасының тiлi дөңгелек келеді. Бұлар Евразияға және Солтүстiк Америкаға тараған. Бiздiң фаунамызда жерлянка (Bombina) (4 Сурет) деген, ұзындығы 5 см болатын кiшкене бақа кездеседi.

4 сурет. Қызылқұрсақты жерлянка (Bombina)


Арқа жағы қара түстi, ал құрсақ жағы айқын түстi қоңыр және қара дақтары болады. Терi бездерiнiң секретi күйдiргiш. Ұсақ су қоймаларында, қақтарда тiршілiк етедi. Еліміздiң Европалық бөлiгiнiң ортаңғы ендiгiнде Қиыр Шығыстың оңтүстiгiне таралған.


Осы тұқымдасқа, батыс Европада тараған, ұзындығы 5 см болатын, солғын сұр түсті құрбақа — Певитуха (Alytes) жатады. Күндiз бөренелердiң, ағаштың, тастардың астына тырғылып жатып, қорегiн түнде аулайды. Көбеюi ерекше қызық, ұрғашысы ұзындығы бiр метрге жуық бiр-бiрiне жабысып жатқан жiп шумағы секiлдi 50 шақты жұмыртқа салады. Уылдырықтарын ұрықтандырған соң, еркегi оларды артқы аяқтарына орап алып, судан шырып, дымқыл, көлеңке жерде болады (Сурет 5). 17—18 күннен кейiн ол қайтадан суға келедi. Осы уақыт iшiнде дамыған личинкалар жұмыртқадан шығып басқа бақалардың личинкаларындай суда тiршiлiк ете бастайды.
С урет 5. Певитуха бақасының еркегі артқы аяқтарында ораған уылдырықтары.


Құрбақа тұқымдасы (Bufonidae)
Құрбақа тұқымдасы (Bufonidae). Басқа қос мекендiлермен салыстырғанда сумен байланысы аз, тiптi шөлде де кездесетiн организмдер. Бұл көптеген түрлерiнiң күндiзгi ыстықтан қашып, түн жануарлары болуына байланысты. Сонымен қатар, к өбiнесе терiсiнiң эпидермисiнiң жоғарғы қабаты мүйiзденiп кеткен.
Сурет 6. Жасыл құрба
Кейбiр құрбакалар судан тыс ортада көбеюге бейiмделген. Мысалы, австралия құрбақасы – псевдофрина жұмыртқасын дымқыл топыраққа салады. Оңтүстiк Америка құрбақасы циклоорамфус және кейбiр түрлерi жұмыртқасын тастардың арасына немесе топыраққа көмiп қояды. Бұлардың жұмыртқасы сары затқа бай болғандықтан итшабақ (головастик) шықпай, бiрден толық қалыптасқан бақа шығады.
Құрбақалардың екi түрi де кәдiмгі және жасыл құрбақа (Bufo bufo, B. viridis) бiздiң елiмiздiң ортаңғы және оңтүстiк ендiгiнде таралған. Жасыл құрбақа Орта Азияның жазық жерлерінде, оазистерде тiршiлiк етедi. Екеуiде жұмыртқаларын суға салады. Моллюскалар мен насекомдарды құртып, пайда келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет