Лекция. Қосмекенділер класы -amphibia



бет6/6
Дата25.11.2023
өлшемі1,29 Mb.
#127513
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Қорғану бейімділіктері
Қос мекендiлердiң көшілiгi дерлiктей жауларынан активтi түрде қорғана алмайды. Бұлардың жаулары көп. Қоргану бейімделушiлiктерiнiң iшiндегi ең маңыздысы — секретi улы болатын терi бездерi болып есептеледi. Ол сiлекейлi қабатқа түскенде оны ашытады, кейде улатады. Бақа мен жерлянканы бiр банкаға орналастырғанда бiрнеше сағаттан соң, жерлянканың терi беэдерiнен бөлiнген секретiмен уланып, баканың өлiп қалғаны байқалған. Бұл секреттi қан тамырына жiберсе одан да күштi әсер етедi. Мысалы итке жерлянка секрегiнiң елеулi дозасын жiбергенде, ол сағатқа жетпей өлiп қалған. Әсiресе улы бездер құрбақада жерлянкада, чесночницада және саламандрада күштi дамыған.
Жауларынан қорғануда қорғаныш реңінің де маңызы зор.
Саламандралар мен жерлянкалардың кейбiр түрлерiнiң жаулары сақтандыратындай түсi ашық болады. Сұр және жасыл бақаның түсiн өзiн қоршаған ортасынан ажырату қиын. Кейбiр түрлерi, мысалы, бақылдауық бақалар тiршiлiк еткен ортасының жағдайына сәйкес өзiнiң түсiн өзгертедi. Ағаштың жапырағында ашық жасыл түстi, дiңiнде сұр түстi болады.
Бақалардың актив қорғанатын азғана түрi белгiлi. Мысалы, бiздегi мүйiздi жасыл бақалар қуып келе жатқан жауларын тiстемек болып, айбат шегiп, ұмтылады.
Амфибилердiң регенерацияға соншалықты қабiлеттi етенiн мына құбылыстан байқауға болады. Мысалы, саламандраның құйрығынан ұстап қалса, ол оны үзiп кетедi. Кейiн осы құйрықты қалпына келедi. Денесiнiң басқа бөлiктерi — аяқтары қалпына келетіні анықталған. Бұл қабiлет личинкаларында айкьтн байкаладьт. Бул ересек кос мекендiлердiц куйрыктарьтнда сакталган, керiсiнше құйрықсыздарында мұндай қабiлет болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет