Бақылдауық бақалар тұқымдасы (Hylidae) Бақылдауық бақалар тұқымдасы (Hylidae) — ағашты жерлерде тiршілік ететiн ұсақ бақалар. Саусақтарының ұшындағы, кейбiр түрлерiнiң бауыр жағында болатын сорғыштарының көмегiмен ағаштың дiңiне, бұтағына және басқа заттарға жабысып тұрады. Көбiнесе Австралия мен Оңтүстiк Америкада тараған. Бiзде кәдiмгi бақылдауық бақа және Қиыр Шығыс бақасы деген түрi, СНГ-нiң оңтүстiк Европалық бөлiмiнде, Қырымда, Кавказда екiншiсi — Қиыр Шығыста кездеседi.
Орманда тiршiлiк етедi. Әсiресе жапырақты ағаштардың, қамыстың немесе басқа биiк болып өсетiн өсімдiктердiң арасында болады. Уылдырықтарын суға шашады. Көбеюден басқа уақыттарда ағаштарда өрмелеп жүрiп уақытын өткiзедi. Бұлардың Оңтүстiк Америкада мекендейтiн бақылдауық қалталы бақа (Nototrema) және бақылдауық — филломедуза (Phyllomedusa) деген түлерi бар.
Нағыз бақалар тұқымдасы (Ranidae)
Нағыз бақалар тұқымдасы (Ranidae) — Австралия мен Антарктидадан басқа кұрлықтардың барлығында кездеседi. Көптеген түрлерi суда көбейедi, личинкаларының метаморфозы суда өтедi.
Бiздiң елiмiзде бiрнеше түрi кездеседi. Мысалы, көлбақа (Rana ridibunda) оғaн жақын туыс — тоспа бақасы (R. esculrnta) Едiл, Жайық, Дон, Днепр өзендерiнiң сағасында таралған. Тiршiлiгi сумен тығыз байланысты, ұзап кетпей судың маңында тiршiлiк етедi. Кейбiр жерлерде балық шабақтарын жеп аздап зиян келтiредi.
Сумен жоғарыда аталған бақаларға карағанда байланысы аз болатын шөп бақасы (R. temporaria) Европада, Батыс Сибирьде, Қиыр Шығыста тараған және бiзтұмсық бақа (R. terrestris), солтүстiкте поляр шеңберiне дейiн, ал шығыста Амур бассейнiне дейiн кең тараған. Суда көбею кезiнде ғана ұшырайды.
7 сурет. Шөп бақасы. Жазда судан қашық жерлерде кездеседi. Насекомдарды жойып, пайда келтiредi.
Кәдiмгi бақалардың iшiнде ағаштарда да тiршiлiк ететiн түрлерi бар, мысалы, яваның ұшқыш бақасы. Олар кепшiлiк уақытын ағашта өрмелеп немесе ағаштан- ағашқа секiрiп жүрiп өткiзедi. Саусактарының арасындағы терi жарақтары бұлардьң жеңiл секiруiне көмектеседi, әрi секiргенде жазылып қанат сияқты жәрдем бередi.
Саусақтарының арасындағы жарғақтарын жазып жiберiп, 10—15 метрге дейiн ұша алады.