Лекция «Оқу-зерттеу жұмысы» және «ғылыми-зерттеу жұмысы» ұғымдары. Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу формасы



Дата15.10.2022
өлшемі14,36 Kb.
#43344
түріЛекция
Байланысты:
ДӘРІС 6


6 лекция «Оқу-зерттеу жұмысы» және «ғылыми-зерттеу жұмысы» ұғымдары. Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу формасы.

Оқу-зерттеу қызметінің мақсаттары:


- Эксперименталды зерттеу бағдарламаларын жасай білу;
- алынған тәжірибелік деректерді талдау және жүйелеу білігі;
- өзекті ғылыми проблематикаға қосылуымен өзінің шығармашылық қызметін объективті бағалай білу;
- таңдалған мәселенің теориялық аспектілерін зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
- әртүрлі теориялық тәсілдер мен эксперименталды әзірлемелердің салыстырмалы талдауының нәтижелері бойынша өз ұстанымын дәлелдей білу;
Оқу-зерттеу қызметінің міндеттері: Задачи учебно-исследовательской деятельности:
- студенттерді өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстарына үйрету;
- шығармашылық ойлауды қалыптастыру және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жария баяндай білу;
- студенттердің зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялауға ықпал ету.
Оқу-тәрбие үдерісіне енгізілген ғылыми-практикалық жұмыс белгілі бір білім, білік және құзыреттілік жиынтығын меңгеруге ықпал етеді. Ол зияткерлік қызметтің, жалпы мәдениеттің дамуына ықпал етеді және студенттерді өз бетімен білім алуға, өзін-өзі бекітуге, кәсіби эрудицияның көрінуіне ынталандырады.
Қазіргі уақытта колледжде 15 пәндік үйірме жұмыс істейді. Онда барлық студенттік қоғамдастықтың 40% - ы айналысады. Үйірменің жұмысы инновациялық білім беру технологияларын таратуға, оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға ықпал етеді. Колледждегі үйірме жұмысының негізгі түрі студенттердің оқу-зерттеу жұмысы және шығармашылығы болып табылады. ОЖСБ негізгі бағыттары оқу, аудиториядан тыс ғылыми-зерттеу жұмысы және бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Студенттердің жалпы ғылыми–зерттеу жұмыстарымаман даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады және оқу, ғылыми үдерістер бірлігінде шешілетін университеттің негізгі мақсаттарының бірі саналады. Ғылым мен техниканың қарқынды өсу деңгейінің әлемдік үдерістерге әсер ету, экономиканың ауқымдану шарттары Қазақстанда оның ғылыми әлеуетін күшейту жөнінде проблемалар туғызды. Қазіргі кезеңде мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ғылымды қолдау және дамыту болып табылады.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары теориялық және қолданбалы проблемаларды қалыптастыруға қызмет етеді. ЖОО-да оқу үдерісі оқу, тәрбие, өндірістік іс-тәжірибе және ғылыми-зерттеу жұмыстарының болып табылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары ЖОО әлемдік стандарттар талаптарына жауап бере алатын, ғылым мен білімді интеграциялауда көп жылдық отандық және шетелдік тәжірибелерге арқа сүйетін жаңа шарттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білім беруде маман даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру және оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу негізінде жоғары оқу орнында педагогикалық және ғылыми кадрлармен толықтыру.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
студенттердің сабақтары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының интеграциясын қамтамасыз ету;
студенттерді шығармашылық, ғылыми және кәсіби еңбекке баулу мен даярлаудың органикалық бірлігін жүзеге асыру;
студент жастардың жеке шығармашылық қабілеттерін ашу және оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау
студенттерді ғылыми жұмысқа тарту және нәтижелілігін арттыру;
ғылыми жұмыстарға деген қабілеті бар талантты жастарды іріктеу;
студентті ғылыми қызметкер ретінде қалыптастыру және дайындау;
болашақ мамандарда өндіріс орындары мен мекемелерде ғылыми негізделген кәсіптік жұмыстарды алып кете алу шеберлігін, тез бейімделе алу қабілетін, алған білімін қолдана алу; жоспарлаудың методологиясы мен практикасын меңгеру, нарықтық қатынас жағдайларында маңызды шешім қабылдай білу; біліктілігін көтеруге және қайта даярлануға дайындығы мен қабілетін қалыптастыру және дамыту;
конструкторлық-жобалау жұмыстарына икемі бар, өндірісте өзін-өзі басқару дағдысы қалыптасқан, нақты ғылыми-практикалық іс-шараларды сауатты жасай алатын және жүзеге асыратын жоғары білікті маман, жетекшілер даярлау.
қоғам мен мемлекеттің қазіргі қателіктеріне байланысты ғылымның басым бағыттарына студенттерді тартуда ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру;
қаржыландыруды жоғары оқу орнының инновациялық жұмыстарына байланысты басқа арналардан іздеу және жүзеге асыру;
елімізде, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерде жоғарғы оқу орындарымен ғылыми байланыстарды дамыту.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары:
түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауда студенттер мен оқытушылардың бірлесе жұмылуының арқасында оқу үдерісі сапасын көтеру;
студенттердің қолданбалы, әдістемелік, ізденушілік және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысуы;
жоғары оқу орындарының ғылыми мектептерінде ұрпақ ізбасарлығын қолдау және дамыту;
студенттерде өз бетінше тұжырымдар мен қорытындылар жасай білу қабілетін дамыту;
студенттерге оқу үдерісінде қазіргі ғылымның түрлі бағыттарында өз күштерін сынай білуге мүмкіндік беру;
студенттерді өнертапқыштық, шығармашылық жұмыстарға тарту;
студенттердің оқу жоспарынан тыс жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеңінен қатысуы;
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми-техникалық іс-шаралар нәтижелілігін арттыру;студенттердің түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларының ғылыми-шығармашылық бірлестіктерінде білім мен кәсіпкерлікті ұштастыру;
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жетекшілік етуде ЖОО оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің қатысуын жандандыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет