Лекция-презентация №13. Общество и культура


О. Шпенглердің «локалды өркениеттер» теориясы



бет12/13
Дата28.11.2023
өлшемі0,82 Mb.
#130930
түріПрезентация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дәріс 12 Қоғам және мәдениет

О. Шпенглердің «локалды өркениеттер» теориясы


Освальд Шпенглер
 (1856-1939)
«Европаның соңы» 
(1918 -1922) 
О. Шпенглер мәдениетті біртұтас тірі ағза ретінде қарастырады. Әрбір мәдениеттің өзгешелігі оның «жанына» байланысты. «Мәдениеттің жаны» материалды емес, мистикалық, ақыл-ойға түсініксіз, шығармашылықта көрініс береді, халықтың табиғи ортасына сәйкес келеді. Мәдениет өркениетке айналуы - бұл оның қатып қалған күйі, құлдырауы
О. Шпенглер сегіз «локалды өркениеттер» - «бөлектенген мәдениеттер» түрлерін атап көрсетті: мысыр, вавилондық, үнді, қытай, антикалық, ортағасырдың алтын мәдениеті (исламдық және византиялық), ежелгі майя мәдениеті, европалық. Қалыптасу кезеңінде орыс мәдениеті жатыр. Әрбір мәдениеттің прасимволы (прафеномені) бар: мысырдыкі – жол, арабтыкі – миф-үңгір, антикалық - шектелген материалдық дене, европалық – шексіздік, орыстыкі – шексіз тегістік.

Материалдық және рухани мәдениет


Материалдық мәдениет - бұл адамның өндірістік әрекеті және оның нәтижелері – заттар дүниесі, жасанды орта. Материалдық мәдениеттің заттары адамның әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасалады: киім, қару-жарақ, ыдыс-аяқ, азық-түлік, зергерлік бұйымдар, жиһаз, ғимараттар және т.б. 
Рухани мәдениет – ақыл-оймен, көңіл-күймен, эмоциялармен, сезімдермен байланысты идеалдық әрекеттің нәтижелері. Мәдениет болмысының идеалдық формалары -ғылыми білім, тіл, мораль мен құқықтың нормалары, білім беру мен бұқаралық акпарат саласындағы әрекет
Рухани мәдениеттің біріктіруші формалары қоғамдық және жеке дара сананың элементтерін біртұтас дүниетанымға қосады. Бұл - миф, дін, философия. Субъективті руханилық - адамның индивидуал-дық санасында: бұл - оның білімі, діни сезімдері, әдептілігі т.с.с.

Мәдениет және коммуникация


Коммуникация (лат. «communicatio» — «хабар», «беру») адамдардың араласуы, хабарласуы.
Барлық білім, икем, дағдылар, мінез-құлықтың формалары, дәстүр мен әдет-ғұрып мәдениет жүйесінде ғана болады. Сондықтан мәдениетті сақтау үшін бүкіл ақпаратты бір ұрпақтан келесі ұрпаққа тіл арқылы жеткізу қажет.
Әртүрлі мәдениеттердің өзара қатынастары мәдениаралық коммуникация деп аталады, ол мәдениеттердің сұқбаттасуын және жасаған өнімдерін өзара айырбастауды көздейді. Мәдениеттердің диалог идеясы олардың өзара ашықтығын көздейді. Бірақ бұл әрбір мәдениеттің басқа мәдениеттерден айырмашылықтарға ие болу құқығын мойындауда ғана, өзге мәдениетті сыйлауда ғана мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет