1902 —1994) «Ашық қоғам және оның жаулары», «Историцизмнің қайыршылығы» Карл Поппер «Ашық қоғам және оның жаулары», «Историцизмнің қайыршылығы» атты еңбектерінде адамзат тарихында ешқандай тарихи заңдылықтар болған емес деген пікірге келді. Оның пікірінше, ашық қоғам - ол плюрализм және мультикультурализм белгілеріне ие болып тұрған, көптеген мәдениеттер мен көзқарастар үшін ашық мемлекет. Осы тұрғыдан ол Платонды және марксизмді, әсіресе, оның «коммунизм» идеясын қатты сынға алды. Платонды ол «тотали-таризмнің әкесі» деп атайды, өйткені оның идеалдық мемлекеті – жабық сипатта және адамның бостандығын мүлде шектейтін қоғам. Бұл жағынан коммунизм мен фашизмнің арасында ешқандай айырмашылық жоқ, дейді Поппер.
Мәдениет, оның табиғаты мен мәні
Мәдениет - адам әрекетінің әлемі, адам жасаған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы (лат. «cultura» — 1) «өңдеу», 2) «тәрбиелеу», «білім беру», »құрметтеу») Латын тілінде мәдениет ұғымы «өңдеу» мағынада Марк Порций Катон Үлкеннің (б.д.д. 234—148 жж.) «De Agri Cultura» аттты егіншілік туралы трактатында (б.д.д. 160 ж.) алғаш рет кездеседі Демокрит: «Мәдениет – адамның қолымен жасалған әлем, «екінші табиғат» Мәдениет философиясы XIX ғ. пайда болды, бейсаналықты, ақылды, ерікті зерттейтін философиялық жүйелерге негізделіп («өмір философиясы», позитивизм, неокантиандық) Марк Порций Катон Үлкен (б.д.д. 234—149 жж.) Демокрит ( 460— 370 до н.э.)
Мәдениет туралы анықтамалардың көптүрлілігі
Ф. Ницше: «мәдениет – халықтың өмір сүру стилі» Ағартушылық дәуірінің көптеген ойшылдары мәдениетті «адамның адамшылығының деңгейі» ретінде түсінген, яғни оның ішкі рухани байлығын көздеген Э. Б. Тайлор: «Мәдениет – бұл білімдердің, сенім-нанымдардың, өнердің, құндылықтардың заңдардың, әдет -ғұрыптардың және адамның қоғам мүшесі ретінде игеріп алған қабілеттері мен әдеттерінің жиынтығы» («Алғашқы қауымдық мәдениет» (1871)