Ионный циклотронный резонанс с Фурье преобразованием (Fourier transform ion cyclotron resonance, FTICR) или масс-спектрометрия с преобразованием Фурье (Fourier transform mass-spectrometry, FTMS)
Постгеномдық зерттеулерде қолданылатын масс-спектрометрия
Масс-спектрометрия (масс-спектроскопия, масс-спектрография, масс-спектральді анализ, масс-спектрометриялық анализ) — химиялық қосылыстардың ионизациясында пайда болған компоненттердің массасының зарядқа қатынасының көрсеткіштерін анықтайтын әдіс.
Масс-спектрометрия – қосылысты сапалық және сандық идентификациялайтын әдіс. Оны үлгідегі молекулалардың «өлшеуі» деп те атайды.
МАСС-СПЕКТРОМЕТРИЯНЫҢ ТАРИХЫ:
1901 – В. Кауфман масс-спектрометриия әдісін ашты;
1912 ж. – Дж.Дж. Томсон (Кембридж университетінің Кэвендиш зертханасында ) алғашқы масс-спектрографты құрастырып, оттегі, азоттың, көмірқышқыл газының, фосгеннің молекулаларының масс-спектрлерін алды;
1913 ж. - Дж.Дж. Томсон неон-20 және неон-22-нің изотоптарын ашты;
1918 ж. – Артур Демпстер өзінің алғашқы масс-спектрографын құрастырды;
1919 ж. - Фрэнсис Астон өзінің алғашқы масс-спектрографын жасап, изотоптарды зерттеді; Оның жасаған құралының ажырату мүмкіншілігі – 130 болатын;
1923 ж. – Астон изотоптардың “массалық дефектісін” өлшеді;