Лекция Психотерапиялық топтардың түрлері. Топтық динамика. Психотерапиялық тобының жұмыс кезендері



бет14/16
Дата16.02.2023
өлшемі187 Kb.
#68491
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Лекция -3

Интервенциямен шұғылдану.

Интервенция (тарихтан білетіндей агрессия) психологияда араласу, яғни психологтың әсер етуі, араласуы дегенді білдіреді. Бірақ та біржақты ғана әсер ету тренинг мүшелерін өз белсенділіктері мен өздерін жүзеге асырудан айырады. Сондықтан интервенция өте қажет, араласусыз болммайтын жағдайда ғана қолдану керек. Жүргізуші интервенцияға деген үнемі бейімділік өзі туралы жоғары ой мен автократияның белгісі екендігін үнемі есінде ұстау керек


Тренинг топтарының негізгі түрлері.
Дәстүрлі түрде базалық тренингтік әдістерге топтық дискуссия, ойын әдістері және психогимнастиканы жатқызады.
Біз мұның алдында тренингті психологтың клиентпен жұмыс істеу әдісі және клиент жаттығып үйренуге қажетті әрекетті орындайды дегенбіз.
Тренинг жалған шынайылық емес (псевдореальность), нағыз шынайылық болу керек.
Тренингтік әдістер туралы айтқанда, мұндағы әдістер шынайылықтың объектсіне емес, субъектге бағытталатындығын ескеру керек. Мұндағы субъект индивидуалды және топтық деп 2 типке бөлінеді.
Іс жүзінде тренингте индивидуалды және топтық процестер бірігіп кетеді, сондықтан тренер 3 деңгейдегі жұмысты жүзеге асырады:

  1. топта (жеке қатысушымен);

  2. топпен (тұтас);

  3. топ арқылы (топтың жеке қатысушыларымен жұмысы).

Тренингте көптеген оқиғалар айтылу керек, шешілу керек. Олай болмаса тренинг те болмайды.
Тренингте үнемі оқиғалар пайда болып отыру үшін оған тренер өз белсенділігін бағыттап отыру керек. Оқиға дегеніміз методологиялық тұрғыдан алғанда – бұл уақыт пен кеңістікте нақты қозғалыстың көрінуі.
Сонымен, тренингтік әдіс дегеніміз бұл қатысушылардың қозғалысын (белсенділігін) олардың өмірі мен өздерін өзгерту мақсатында кеңістік пен уақытта ұйымдастыру тәсілі.


Тренинг тобының психологиялық ерекшеліктері.
Тренингті жүргізуді бастамас бұрын психолог өзіне мынадай сұрақтарға жауап беру керек.

  1. Психологиялық тренингтіжүргізудің мақсаты не?

  2. Тренингтік сабақтарды ұйымдастырудың қажет шарттары бар ма?

Практикалық психолог жұмысының басқа метаәдістерінен психологиялық тренингтің айырмашылығы, ол қатысушылардың дәл қазіргі уақыттағы проблемаларын шешуге ғана емес№ олардың болашақта болмауының алдын-алуды да қарастырады. Ол қатысушылардың өз проблемаларын шешуге деген мүмкіндігінен шығады.
Шартты түрде жоғарыда аталған мақсаттар жүзеге асуын қамтамасыз ететін мектептегі топтық психологиялық жұмыс пен тренинг типін ұсынуғаболады.
Ол үшін:
1) топтық тренер ретіндегі психологтың талап етілетін квалификациясы болу керек, яғни тренингтік жұмыстарды жүргізуге дайындық.
2) осындай сабақтарды жургізуге қажетті орын және оның жабдықталуы.
3) осындай жұмысқа қатысуға ниеті бар адамдар тобы.
4) психологиялық тренингтің егжей-тегжейлі жасалған бағдарламасы.
Тренингті жүргізуге психологтың дайындығы әртүрлі тренингтік әдістердің теориялық негізімен ғана таныс болуы емес, сонымен қатар әртүлі типтегі тренингтерге жеке қатысуы мен топты тым болмағанда ассистент ретінде жүргізу тәжірибесі болу керек.
Тренинг өтетін орын дауыс өтпейтін және жұмысқа кездейсоқ кедергі келтіретін жерде болмау керек. Сабақтар 6-7 сағатқа дейін созылуы мүмкін болғандықтан жүргізілетін орын кең және ауасын ауыстыруға мүмкін болу керек.
Психологиялық тренингті үргізудің маңызды алгоритмі:
Маңызды момент – қатысушылардың тренингтік топтың мүшелері болуға деген ниеті. Қатысуға деген өздерінің ниеті кәсіби-этикалық талап болып саналады. Сондықтан да психолог потенциалды қатысушыларды мұндай жұмысқа шақырғанда жұмыстың мақсатын, формасын жеткілікті дұрыс түсіндіру керек және оларда мотивация туғызу керек.
Жұмыс бастамас бұрын психолог психологиялық тренингтің бағдарламасын дайындайды.
С.Д. Дерябо бойынша тренинг мазмұнын таңдаудың мынадай алгоритмін ұсынған. Психолог жасаған бағдарламаны білікті мамандармен талқылау қажет, тексеруден өткен соң бекітілу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет