Лекция қр конституциялық құқығының негіздері Конституциялық құқық түсінігі, пəні жəне конституциялық құқықтық қатынас түсінігі, қайнар көздері



бет13/37
Дата29.04.2023
өлшемі150,41 Kb.
#88443
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
дәрістер жиынтығы 2

Су қорының жері.Су айдындары (өзендер және олармен теңдестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздақтар, батпақтар, су көздерінде орналасқан, ағысты реттейтін су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудің бас саға жүйелерін санитарлық күзет аймақтарына бөлінген жер су қорының жері деп танылады. Бұл жерлер мемлекеттік меншігінде болады.

Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (суару және кәріз жүйелері) алып жатқан су қорының жерінің құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші бір субъектінің жер учаскесіне қызмет ететін ирригациялық құрылыстары, аталған құрылыстар жекешеліндірілген жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде болуы мүмкін. Бұл жер учаскелері, жер учаскелерінің екі немесе одан көп меншік иелері мен жер пайдалаушыларға қызмет көрсететін су шаруашылығы құрылыстарының жер учаскелері оларға ортақ меншік немесе ортақ жер пайдалану құқығымен беріледі.

  1. Босалқы жер. Меншікке немесе жер пайдалануға берілмеген, аудандық атқарушы органдардың қарамағындағы барлық жер босалқы жер болып табылады.

Берілген мерзіміне қарай жер пайдалану құқығы тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты жер пайдаланушылыр – жер пайдалану құқығының мерзімі шектеусіз сипатта болатын тұлғалар. Уақытша жер пайдаланушылар
– жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар. Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейінгі мерзімге табысталады. Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін.
Жер пайдалану құқығын алу ретіне қарай бастапқы және кейінгі жер пайдалану болып бөлінеді. Бастапқы жер пайдаланушылар – жер пайдалану құқығын тікелей мемлекеттен не осы құқықтан айыру тәртібімен басқа да бастапқы жер пайдаланушылардан алған тұлғалар. Кейінгі жер пайдаланушылар - өзінің бастапқы жер пайдаланушы мәртебесін сақтап қалатын жер пайдаланушыдан кейінгі жер пайдалану туралы шарт негізінде уақытша жер пайдалану құқығын, алған тұлғалар.
Қостанай облысы жерінің аумағы 2008 жылғы есеп бойынша 19600,1 мың. га, онда 230961 жер учаскесін иеленгендер мен жер пайдаланушылар шаруашылықпен айналысады.
Ауыл шаруашылығына арналған жерлер 162,4 мың га артты және ауданы 8645,9 мың га немесе Қостанай облысының жалпы ауданынан 44,1 %.
Елді мекендердің жерлері - 1620,8 мың га; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер - 194,5 мың га; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері - 103,8 мың га; орман қорының жерлері - 523,7 мың га; су қорының жерлері - 66,7 мыңга; босалқы жер - 8444,7 мың га.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы - 18127,6 мың га, оның ішінде егістік - 5659,3 мың га, шабындықтар – 351,6 мың га, жайылымдар – 12072,2 мың га, көпжылдық екпелер – 11,4 мың га, тыңайған жер – 28,3 мың га және бақшалар мен қызметтік жер үлестерәі - 4,8 мың га.

  1. 2 Жер учаскесі – негізгі жер-кадастрлық бірлік




    1. 2 Жер учаскелері құнарлығы, нақты жай-күйі және пайдалану жағдайларына қарай бірдей емес. Осыған орай олар нақтылы шаруашылықта пайдалану объектілері – жер алқаптарына бөлінеді.

Жер алқаптары деп – нақты шаруашылық мақсаты үшін пайдаланылатын және белгілі бір табиғи-тарихи қасиеттеріне ие болған аумақтар саналады.
Жер алқаптары екі үлкен топтарға бөлінеді: ауыл шаруашылығы мақсатындағы және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер алқаптары.
Ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған алқаптарға ормандар, бұталар, батпақтар, жыралар және т.б. жатады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптарға жатады: егістік, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егілген жер, шабындықтар және жайылымдар.
Егістік – жүйелі түрде өңделетін және көп жылдық шөптердің егістігін қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне пайдаланылатын жер учаскелері, сондай-ақ сүрі жер. Алдын ала егілетін дақылдардың егістігі орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлі жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелері, сондай-ақ бақтардың егіске пайдаланылатын қатар аралығы егістікке жатпайды.
Тыңайған жер – бұрын егістік құрамында болған және күзден бастап бір жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайданылмайтын және пар айдауға әзірленбеген жер учаскесі.
Көп жылдық екпелер – жеміс-жидек, техникалық және дәрі-дәрмек өнімдерінің өнімдерінің түсімін алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендіруге арналып қолдан отырғызылған көп жылыдқ ағаш, бұта екпелеріне пайдаланылатын жер учаскелері.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдар – шөп шабуға және жануарларды жаюға жүйелі түрде пайдаланылатын жер учаскелері.
Түбегейлі жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар – шөп егу арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелері.
Суландырылған жайылымдар – тиісті мал басын сапасы ойдағыдай сумен қамтамасыз ете алатын су көздері (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегенді құдықтар) бар жайылымдар.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:

      1. жеке меншікке – Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрылысын дамыту үшін;

      2. жеке меншікке немесе жер пайдалануға - Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа (фермер) қожалығын жүргізуге, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі, орман өсіру, ғылыми- зерттеу, тәжірибе жүргізу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргізу үшін;

      3. шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі.

Жер қорын жер санаттары және жерге жеке меншік, иелену және пайдалануына қарай топтастырылуы белгілі бір жүйедегі жер-кадастрлық бірлігіне - жер учаскесі негізделеді. Осыған орай белгілі бір жер учаскесіне жеке меншікте, иеленуде, пайдалану немесе жалға беру жағдайында болуына заңды жүзде құқық беріледі.
Әдетте статистикада есепке алу және бақылауда алынатын бірлік болып, еспке алу операциясы барысындағы топтастырудың бірлігі қызметін атқаратын элемент түсініледі. Бұндай шаруашылық есепке алу ретінде бәрінен бұрын бөлек кәсіпорындар шығады.
Есепке алу бірлігінің өзі халық шаруашылығының даму процесінде және сонымен қатар жер қатынастарында да өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезде жер кадастрын пайдаланудың экономикалық мәні мен сипатын жер учаскесі жақсы айқындайды.
Сонымен қатар жер учаскесінің субъектік құқығы бар, үйткені ол белгілі бір субъекттің пайдалану және иеленушінің құқықтық объектісі ретінде есептеледі.
Атап айтқанда, ол мемлекетіміздегі жер қорының пайдалануына сипаттамалық экономикалық мән береді.
Сондықтан жер учаскесі жер кадастрының негізгі бірлігі болп саналады.
Жер учаскесі белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі.
Кадастрлық бірліктерге жер учаскелерінен басқа аумақтық зоналар (аймақтар) жатады, олар мыналар:
- әкімшіліктік-аумақтық бірліктер (құрылымдар) – мемлекеттік өкіметтің нақтылы атқарушы немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының өкілеттігі жүретін аумақтар (жалпы республика бойынша, облыс өқұрамындағы қала, аудандар, елді мекендер);
ерекше пайдалану режимі бар аймақтар – ҚР заңы негізінде мемлекеттік өкімет органдары мен өзін-өзі басқару органдарының белгілеуімен құрамында шектелетін жер учасклері бар аумақтар (қалақұрылыстары мен рекреациялық аймақтар, маггистралдар, өзендер, су қоймалары және б. қорғау аймақтары-зоналары);

    • жер санаттары мен құрамындағы жерлер аймақтары – ҚР Жер кодексі ережелеріне сәйкесті мемлекеттік жерлерден бөлінетін аумақтар (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, елді мекендер, орман қоры, су қоры, ерекше қорғалатын аумақтар, босалқы, өндіріс, көлік және басқада мақсаттағы жерлер);

    • бұзылған жерлер аймақтары – ҚР заңдары бойынша шаруашылық айналымнан шыққан аумақтар (радиациялық және химиялық жұқтырылған аймақтар, экологиялық зардап шеккене аймақтар және б.);

    • әлеуметтік-экономикалық аймақтар – сәйкесті мемлекеттік өкімет органдарымен белгіленген салық ставкалары мен жалға беру мөлшерлері, жердің нормативті құны бекітілген әкімшілік-аумақтық бірліктер құрамындағы аумақтар.

Жер кадастрында қажетті жағдайда басқа да қосымша бірліктер қолданылады. Мысалы: өндіріс бөлімшелері, ауыспалы егіс массивтері.

Т.М.Блисов. Жер кадастры: оқу құралы – Алматы, 2014. – 94б


19-29 беттер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет