Лекция қр конституциялық құқығының негіздері Конституциялық құқық түсінігі, пəні жəне конституциялық құқықтық қатынас түсінігі, қайнар көздері


"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы



бет15/37
Дата29.04.2023
өлшемі150,41 Kb.
#88443
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 қаулысы.
2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы", Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жылжымайтын мүлік орталығы", Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) қосу және қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептік тіркеуді жүзеге асыру қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.07.2019 № 501 қаулысымен.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:


1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, қоғам жарғысын әзірлеу мен бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.06.2016 № 353; 26.03.2019 № 142; 12.07.2019 № 501 қаулысымен.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.


5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының



Премьер-Министрі

К.Мәсімов




Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 39 қаулысымен
бекітілген



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет