Халықтың әлжуаз топтары әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Дәрістің қысқаша мазмұны: Еліміздің нарықтық экономикаға көшуі экономикамызға көптеген түбегейлі өзгерістер енгізіп, осы өзгерістерге сай жаңа міндеттер қойды. Соның ішіндегі ең маңыздыларының бірі өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында адам потенциалын барынша тиімді пайдалану. Бұл тек Қазақстан қоғамы үшін ғана емес, әрбір өндіріс орындары, ұйымдар, ірілі – ұсақты кәсіпорындар үшінде маңызды мәселе болып табылады. Өйткені, әр уақытта да кез – келген өндіріс ошағы өзінің басты байлығы – еңбек нарығына сүйенеді.
Өндірісті тиімді ұйымдастыру қағидасы, әрине маңызды бірақ, басқарудың жаңа тәсілдеріне негізделген барлық мүмкіндіктерді жүзеге асыру адамдарға, олардың біліміне, біліктілігіне, мамандығына, тәртібіне, ынтасына, кәсібилігіне, шығармашылық қабілеттеріне тәуелді болды. Және еңбек нарығының осы келтірілген сапалары кәсіпорын қызметі нәтижесінің жоғары болуы мен оның нарықтағы бәсеке қабілеттілігіне бірден – бір ықпал етуші фактор болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономикаға өтуге байланысты еліміздің көптеген өндіріс орындарының алдында еңбек нарығын мейлінше тиімді пайдаланып, олардың еңбек потенциалын пайдалануды арттыру мәселесі тұр.
Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Республика президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы жолдауының аса маңызды мiндетi – Қазақстанның барлық азаматтарының өмiр сапасы мен деңгейiн жақсарту, әлеуметтiк тұрақтылық пен қорғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуi үшiн мемлекет тарапынан барлық жағдайдың жасалатыны.
Жолдауда «бiздiң мемлекеттiк әлеуметтiк саясатымыздағы басты басымдық халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Сондықтан мен 2020 жылға қарай жұмыссыздық деңгейi 5%-дан, ал табыстары ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен халықтың үлесi 8%-дан аспайтын болсын деген мiндет қоямын.
Әлеуметтiк қызметтер тек мұқтаж адамдарға көрсетiлiп, қазiргi заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмiр деңгейiне сәйкес болуы керек.2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдерi ең төменгi күнкөрiс деңгейi көлемiнiң 60%-ы деңгейiне дейiн өсiрiлiп, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар мөлшерi 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе арттырылуы тиiс» делінген.