3.Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері: - мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның калыптасуы;
- қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;
- мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның қызметін қатаң бақылау;
- қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;
- қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар "заңның құлы" болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан мынадай өсиет сөз бар:
Заң — мемлекеттің ақылы. Сот — мемлекеттің жүрегі. Мәдениет — мемлекеттің тәртібі. Міне осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалылтасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде мемлекет орнайды.
Адам қоғамының барлық дәуірінде құқықтық мемлекет кұру мәселесі толастап көрген емес. Әсіресе елді басқаруда абсолютизм, деспотизм, тоталитаризм орнаған кезде құқықтық мемлекет орнату — деген дауыс, талап күшейіп отырды. Бұл тұрғыдан өте күшті концепция феодализмге қарсы, буржуазияның күресі кезінде қалыптасты. Күрестің саяси ұрандары: «Бостандық!» «Тендік!» «Әділеттік!» халыққа едәуір жақсылықтар әкелді.
Бірақ көп елде реакцияшыл буржуазияның кертартпа саясаты демократиялық реформаны толық аяқтауға мүмкшшілік бермеді.
Ірі буржуазия саяси билікке қолы жеткеннен кейін құқықтық мемлекет орнату бағытынан алшақтай бастады. Бұл елдерде буржуазияның үстемдігін қорғайтын мемлекет пен құқық орнап көп уақыт өмір сүрді.
XX ғ. қоғамды басқару тәжірибесін шынықтырып капиталистік елдер жаңа экономикалық саясатқа көшіп халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, бостандықтың шеңберін кеңітіп, демократиялық мемлекетті дамытуда. Бұл саясаттың мазмұны:
1) Қазіргі заманда халықтың рухани сана-сезімі қоғамдық басқаруға, қоғамдық меншік орнатуға жетілген жоқ. Сондықтан меншіктің түрлерін шектемей нарықтық экономикаға толық бостандық беру. Осы жерде «Өзімдікі дегенде өгіздей күшім бар...» деген мақал дұрыс келеді.
2) Нарықтық экономика арқылы халықтың еңбекке деген ынтасын көтеріп, шаруашылықтың, өндірістің барлық саласында бизнесмендердің бәсекесін дамыту.
3) Халыққа өздерінің әлеуметтік экономикалық мүддесін-мақсатын орындаудағы іс-әрекетіне толық бостандық беріп, мемлекет тек көмек көрсетуге тиіс. Мемлекет нарықтық экономика туралы заңды, құжаттарды дер кезінде қабылдап олардың орындалуын қатаң түрде бақылап отыруы керек. Әсіресе жеке меншікті қорғауды, адамдардың бостандығын сақтауды бірінші бағытқа алу керек.
Осы жаңа экономикалық саясат капталистік елдердің соңғы 40-50 жыл ішінде экономикасын дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып демократиялық қоғам құруына мүмкіншілік беріп отыр.
Қазіргі заманда дүние жүзінің барлық мемлекеттері капитализмнің жаңа экономикалық саясатын қабылдап нарықтық экономиканы дамытып жатыр. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы кеңестік республикадар да осы жолға бет бұрып отыр.
Әлемдік стандарт жолына Қазақстан да бет бұрып, нарықтық экономиканы дамытты. Кеңестік жүйенің жақсылығы да аз болған жоқ: 20-60 жж. Экономиканың, мәдениеттің, қорғаныстың жетістіктері дүние жүзіне белгілі болды. Бірақ Кеңес Одағының жетістіктерінен гөрі кемшіліктері басым болды. Сондықтан Одақ ыдырады...
Енді капиталистік елдердің XX ғ. 30-50 жж. либералдық-демократияға бет бұрып, дамуының себептеріне қысқаша түсінік берейік.
Бірінші себебі - капиталистік елдер 1929-1938 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан Кеңес Одағының бір орталықтан жоспарлау тәжірибесінің жақсы жағын пайдаланып экономиканың жақсы дамуына мүмкіншілік жасады. Жеке меншіктегі шаруашылықтарға мемлекет тиіспеді. Міне осы тәсілді капиталистік мемлекеттер үздіксіз пайдаланып келеді.
Екінші себебі - Ресейде, Қытайда тағы басқа Европа - Азия елдерінде социалистік мемлекеттер орнап, қалың бұқараның мүдде-мақсатын орындаймыз-қорғаймыз деген желдірме «ұрандарынан» ірі буржуазия сескеніп халықтың, саяси-әлеуметтік жағдайына көңіл бөлуге мәжбүр болды. Бұл саясатты дұрыс, жақсы дамытуға ғылыми-техникалық революция экономикалық жағдай жасады.