Лекция сабақтарының толық мәтіні Мәдениет теориясының жалпы мәселелері. 1 тақырып. Мәдениет-күрделі қоғамдық құбылыс



бет26/32
Дата09.05.2022
өлшемі69,44 Kb.
#33250
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Негізгі ұғымдар:

Мұрагер, мәдени кеңістік, номадалық ата-қоныс, шексіз дала, этнос, мандшафт, этномәденипет, мифология, типология.



Дәріс мазмұны:

Алдымен империалық одан соң кеңестік-коммунистік идеологияның ықпалы мен жетегінде болған қазақ тарихы өзі басынан өткерген, өзі тұғызған құбылыстарды зерттеуден аластатылған. Ол «отарлау жүйесіне кірмеген кіші халықтардың тарихы жоқ»- деген қасан ереженің жемісі болып келді. Өз жол тарихын жасау құқынан шеттетілген қазақ халқы өркениеті адамзат көшінің өзіне тиеселі еншісінен кеш қалып, бойында барды дүниежүзілік деңгейде көрсете алмай ең бір кенже дамыған халықтар санағында болып келді.

Тәуелсіздік алуға байланысты төрткүл дүниемен терең араласып, олардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті даму деңгейі мен олардың жалпы адамзаттық тұрғыдан алған бағалармен таныса отырып, қазақтың төл мәдениетінің даму жолдарына тоқтасақ: Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілернің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды өркениет ерекшеліктеріне қарай тоқталатын болсақ. Әрбір ұлттық мәдениет бас кеңістікке емес, белгілі бір қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті- оның тылсымдық сипаты. Мысалы « ата-қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындады. Әрбір ата-қоныс халық санасында «киелі» жерлер- деп есептелінді, қоршаған орта, тау, су, төбелер, аңғарлар, аруақтар жататын молалар т.б. Міне осы қасиетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білген ел.

1.Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғарғы қасиеттері жоқ адамдар « қатал» - далада өмір сүре алмас еді. Керісінше мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті білдіретіні дәнекер қызметін атқарады.

2.Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептілік жүйесіндегі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.

3.Көшпелілер өркениетті кеңістікті игеру жолында жылқы малына ерекше көңіл бөлген. Жылқыны адам еркіне көндіру, яғни кеңістікті меңгере алатынына көздерін жеткізе білді.

К. Ясперістің пікірі бойынша, тағылықтың өркениетке өтуде жер суару

жүйелерін жасаумен, жазудың ашылуымен, этностардың пайда болуымен қатар жылқыны пайдалана білу адамзат үшін маңызды болды, яғни әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл әртүрлі мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік бергенмен көптеген жағдайда зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асырылды. Белгілі ғұлама А. Вебердің айтуы бойынша көшпелі тайпалардың кеңістікті игеруі « халықтардың ұлы қоныс аударуы» атты құбылысты әкелді, яғни бұл сары

нды ертедегі шумерлік жырдағы Гильгамеш пен көшпенді Энкидудың достығынан аңғарамыз.

4. Жылқыдан басқа қазақ «ит» жеті қазынаның бірі деген. Ал қой мен сиырдың өнімдерін қажеттілікке жарату жеткілікті болса ит пен жылқы баулу, үйретуді талап етті. Ол үлкен төзімділік пен шеберлікті қажет етті.

Қазақтын ата-тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы, олардың бақылайтын қабылданатын дүниеге сенімдік тұрғыдан жақын болуы ішкі дүниесін, тіршілік етудің ождан бастауларын түсінүінен өз көрінісін тапты.

Аспан әлемін шексіз далаға көз салған номада ең алдымен үлкен шеңбер көкжиекті көрген. Бұл шексіздікті жеңу үшін адам баласына қаншалықты ойдың, күштің бағдарлай білу қиындыққа түскенді, яғни бұлар аспанға қарап Темірқазықты, Шолпан мен Үркерді- бағдарлай білді. Қазақтың әлем тұралы түсінігінде әсерлі бейненің бірі-алып байтерек.

Дүниежүзілік ағаш таңбасы белгілі бір қозғалысты, Жер мен Аспанның тығыз байланысын білдіреді. Осы байтерек арқылы эпостық шығармада батырлар аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Аспан дүниесі-төменгі дүниемен байланыста болу үшін, байтеректің тамырлары күш қуат ретінде адам баласына керек-деп түсінді. Сонамен қазақтың рухани мәдениетінде аспанды тәңірі құдай ретінде қадірлеу осы мәдениеттің маңызды бір қасиетіне жатады- ол ежелгі дүниетанымдық деп аталады. Қазақтың ата-тегі түріктердің бас құдайы Көк Тәңірі. Дүниетанымда Оғыз қаған елдері балаларын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз, Теңіз деп қойған. Мысалы «Оғызнама»- эпосында берілген, Тәңірі- Алла-синоним.

Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея-жанның мәнгілігі. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иссауи, Абай мен Мағжан жалпы Шығыс ғұламалары бойынша адамның дүниедегі тіршілік ету мағынаса жанның мәнгілігімен айқындалады. Әлем мен адамға жол беретін Нұр - деп ұқты. Әлем мен Нұрды дұрыс ұғыну қазақтың жол мәдениетiнде дүниені дұрыс түсіну арқылы келді.

Қазақтың рухани мәдениеті әлемді меңгерудің бірнеше тәсілдерін қолданған:

а) Бұхар жырау- тіршілікке қолайлы шексіздік ретінде бейнелеу.

б) Қазтуған - адамдық көңіл-күйді баспай ерекше дүние ретінде мадақтау.

в) Әл-Фараби- әлем бөліктерінің сазды ырғақтарын аңғару деген.

Сонымен қазақ шексіз кеңістікте өзімен өзі табиғатпен оңаша сұхбаттаса білген. Дала көшпенділері ешуқытта асықпаған теріс қылықтар көрсетпеген, яғни даладағы екі жолаушының жөн сұрауы-ұлттық идея: адамның көңілін табу. (Человек и мир, Казакская национальная идея. Алматы, 1994 г.).

Енді Жарық Дүние-адамдарға арқа сүйеу болып есептеледі. Адам мен әлем егіз деп түсінді. Халықтың дүние танымы өте күшті болды, оның шектілігін де түсіне білді. Мысалы «Қарасам, бұл дүние – шолақ екен, адам деген бір-біріне қонақ екен»- деп айтылуы.

Күн - аспан шырақтары, жұлдыздар жайлы келсек: Күн - тіршіліктің бастауы - киіз үйдің жобасында шаңырақтан тараған күн сәулелерін уық арқылы, көзді шыраққа теңеу, ыстық - жақындықта «шырағым»,«сезімде»- ыстық махаббатта айтылуы. Алтын адам бейнесіндегі бас киімдегі күн бейне сұлулық бейнесі - Күнсұлу, Нұрсұлу деп ат қойған.

Ай- көшпенділер үшін маңызы зор. Айдың тууын, батуын бақылай білген. Жыл мезгілдерінің есебін шығарған. Шоқан Уәлихановтың пікірі бойынша, Айды құдай - деп тұтқан, бұл көне дәстүрден келе жатқан ұғым. Мысалы: Қаратау тауларындағы суреттер. Мұсылмандарда Ай - діни таңбаға айналған. Ол символикалық мәдени гемогендік дәстүрмен тығыз байланысты.

Зерттеуші А. Қасымжановтың айтуы бойынша қазақтын дүниетанымының кейбір уақыттық кезеңдерін мынадай типологияға келеді.

Мифология- адамзат санасының алғашқы тарихи формасы.

Ренессанс - мәдениеттің дамуын қайтадан қалпына келтіру, классикалық жағына қайта оралу.

Ағартушылық - рухани мәдениеттің (19 ғ) қалыптасуы.

Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы - миф. Миф дегеніміз ойдан шығарылған қиял да ғылыми қағида да, символикалық таңба да деген сенімде емес - деп түсіндіріледі. Мифтік түсініктерде әсіресе аспан шырақтарын бақылау- теориялық танымдардың өркендеуіне әкелді. Поэзия, календарлық – астрономиялық мәліметтер ауызша болды. Жазулы ақпарат жоқ кезіңде миф оның қызметін атқарған, адам мен оның денелері болған. Кейін (құран, библия) келгенде, мифологиялық дүниетанымды дін мен философия ығыстырды.

ІІ Мифологиялық дәуірде - егіншілік, бақташылық қолөнер келді. Мысалы скиф сақ өркениеті - аң стилі, қытайдың инь, янь бастамалары, Египет, Шумер мәдениетіндегі өліп - тірілу ұғымдары. Зерттеушілердің айтуынша көшпелілерде тотемдік ұғымның болғанын

ешкі – сайтаннан

қой – оттан

түйе- сордан

жылқы- желден

сиыр- судан

кейін бұл ұғымдар өзгерістерге түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет