XIX ғасырдың мәдениеті. Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алады, яғни «Классикалық ғасыр» деп аталатын буржуазиялық өркениет тоқырау кезеңін де басынан кешірді, осы кезендегі ұлы ойшылдар: О.Шпенглер, И. Хайзинг, Х. Ортега- И-Гассет және т.б. болды.
XIX ғ мәдениеті бүкіл әлем мәдениетінен нәр алып кеш дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты. Олар:рационализм, антроцентризм, сцентизм және т.б. болды.
ХІХ ғасырдың бет пердесі адамзат (тарихының) тағдырының өзгерістерге ұшырауына байланысты болды. Мысалы: Франциядағы революция, Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін күрес, т.б. Олар демократиялық тәрбиелік ғылым мен индустрияландыру кезеңіне мәдениет салаларының да дамуына әсерін тигізбей қоймады. ХІХ ғ. капитализм Европа шеңберінен шығып дүниежүзілік сипат алды. Дүние жүзілік мәдениетінің өзара сұхбаттастығы келе бастады, қай тарихи кезеңді алсақ та мәдениеттің тағдыры да тарихи оқиғалармен байланысты. Мысалы: революция жылдары Францияда классицизм үстемдік етті. Еуропа өнері мен әдебиетінде кең өріс алған классицизм («ең үлгілі»- деген) стилі XVII-XIX ғасырлар басында кең тараған. Классизм әдебиеттегі ерте замандағы Грек және Римнің классикалық шығармаларынан үлгі тұтты. Ол феодализмге қарсы рухтағы демократиялық кей жағдайда революциялық сарындағы, ішкі қарым-қайшылықтарға толы күрделі ағын болып есептеледі.
XVII- XIX ғғ. тарихи оқиғаларға толы болды. Қоғам өміріндегі мұндай өзгерістер, әсіресе ХІХ – 90 жылдарында жас ұрпақтың романтикалық қозғалысын тұғызды. Романтизм мәдениеттің дамуындағы заңды кезең болды. ХІХ ғасыр реализмі аққиқаттық шыңдықтың нақты заңдарын ашуға, жеке адамның қоғамға тәуелділік жүйесін зерттеуге және қоғамдық құбылыстардың сырын ашуға талпыныстар жасады.
Реалистердің романтиктерден басты ерекшеліктері олардың қоғамдық өмірдің барлық жақтарына сын көзбен қарауы болып есептелінеді.
2. Әлеуметтік салада «мүмкіндіктер теңдігі» - принципі жүзеге асырыла бастады, адамның мүддесі оның қабылданған шешімге жауаптылығы. Бұл
дәуірде «адамгершілік» (мораль) саласында да айтарлықтай өзгерістер болды. Адамгершілік қағидалары бойынша бұл дүниеде бақытты болу әр адамның адамгершілік қасиеттеріне байланысты-деп көрсетілді. Бұл кезеңде этикет саласы да өзгеріске түседі, мысалы: «сіз»- дегеннің орнына «сен»- ұғымының қалыптасуы. Қазақша түсініктемеде «Танымасын сыйламас»- деген ұғым келеді.
3. Өнер туындылары өмірге келді портрет пен пейзаж жанры, тұрмыстық туындылар еді.
4. Саз өнері алға шықты Ф. Шуберт , М. Штраусс, Н. Поганини, Р. Шуман, К.М. Фебер, Ф. Лист, Р. Вагнер, Ф. Мендельсон, т.б.
5. Көркемдік дүние саласында фольклорлық шығармалар кең етек алды. Бұл кезеңде романтизм өз өрісін кенейте түсті де, прогрессивтік идеялары утопиялық идеялармен ұштасып жатты. Оларды жақындастырған жағдайлар: қоғамдық құрылысты сынау, халық тағдырына ортақтасу, жеңіске жету жолдары мен әдістері еді.
Романтиктер-тамаша болашақты тіпті болмаған қиялында жүзеге асыру, яғни 3 бағытта ұстады: 1.табиғаттағы адамның көңіл күйі, демалуы қаладан көрі ауыл адамдарының рухани байлығын паш етті, халықтық фальклорді жоғары бағалады. 2. өз өмірінен алшақтап басқа дүниені қиялдау, өткен өмірді аңсау (В. Скоттың романдарын, Вагнердің операларын) шаруалардың патриархалдық тұрмыс тіршілігін өз шығармаларында арқау етті. 3. адамның болмыстан бас тартып, өзінің ішкі дүниесімен айналасуына байланысты болды.
ІІ Романтизммен бірге ХІХ ғ ортасына қарай реализм ағымы да өзіндік бет-бейнесін таныта бастады. Реализмнің қалыптасуы-капиталистік қарым- қатынастардың белең алуымен тығыз байланысты болды, яғни әлеуметтік қайшылықтар асқынып, қоғамның бет-бейнесі, әдет, саяси-ғұрыптары айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Реалистер романтиктер сияқты адамның рухани дүниесіне ерекше назар
аударды, оларға тарихи сана- сезім, халық мүдделері өте жақын болды.
1.Мысалы: ұлы қаламгер О. Бальзактің пікірінше француз әдебиеті дүние жүзілік әдебиетте адамның бет-бейнесін жан-жақты сомдай білді.
2.Сурет өнерінде Т. Руссоның пейзаждары, О. Домьенің графикасы, Ж.Ф. Милленің суреттерін айтуға болады.
3.Англияда- реалистік ағымның қалыптасуы (өндірістік) өнеркәсіп төнкерісіне байланысты болды, халықтың ірі қалаларға шоғырлануы, жаратылыстану ғылымының дамуы. Дегенмен қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтарының күшеюі мен селолық өмірді аңсаушылыққа байланысты пейзаждың кескіндемелер өнер саласында талай сәтті туындылар әкелді. Жазушылардан: Ч. Диккенс, Д. Голсуорси, У. Теккерей, Т. Гард.
Германияда ХІХ ғ. аяғында елдің экономикасының арта қалуына байланысты буржуазиялық даму жолына кеш түсті.
ХІХ ғ. 80 жылдары реализм негізіңде жаңа бағыт натурализм бағыты келді. Ол бағыт Ч. Дарвинның эволюциялық теориясымен тығыз байланыста қалыптасты, ол әлеуметтік рухқа толы болды, яғни адамның биологиялық себептеріне, адам тағдыры мен мінез-құлық сырларын ашып көрсету керектігін реттеу еді.
ХІХ ғ. мен ХХ ғ. аралығында мәдениет саласында дағдарыстың кейбір белгілері болғаның білеміз. Ортега, Хейзинга, Ясперс сияқты ғалымдар дағдарыс межесін 20-30 жылдай деп белгілейді, ал басқа ғалымдар 50 жылға созылды дей келе 1-ші және 2-ші дүниежүзілік соғыс, ғылыми технологияның революция адамзатты жаппай қырып жою кезеңдеріне байланыстырады. Бұл тарихи кезеңде де болашаққа, оның ішінде мәдениеттің болашағына үлкен үміт артылды. Прогресс мәдениетке қауіп бұлтын төндірсе, ал өркениет пен техника оған апат қаупін тұғызды. Сонымен, өмірде яғни сол дәуірдің өзінде тарихи оқиғаларда дүниежүзілік соғыстардың өзі-ақ дәлелдеп берген сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |