Саяси билiктiң ерекшелiктерi мына төмендегiдей:
билік адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың экономикада рөлi басым болады, әрi қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады;
қоғамдағы басшылық көбiнесе сол топ өкiлдерiнiң қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси көшбасшылер арқылы жүргізіледі;
арнайы басқару iсiмен шұғылданатын ерекше маман топтардың болуы;
жариялылығы және жаппай болуы.
Саяси билiкке тән сипаттық белгілер:
билiк еркінің басымдылығы, оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешушi күш ретiндегi ықпалы;
билiктiң иерархиялық сипат алуы;
басқарудың ерекше аппаратының болуы;
билiктiң үстемдiктi шоғырландыруға, монополиялауға ұмтылуы;
қоғам мен жеке адам қатынасында мәжбүр ету мүмкіндігі.
Мемлекеттiк билiк пен саяси билiктi салыстыратын болсақ, саяси билiк мемлекеттiк билiкке қар ағанда кең ұғым. Саяси билiк тек мемлекеттiк көлемде ғана емес, сонымен бiрге халықаралық ұйымдар көлемiнде де жүргiзiледi. Кез келген мемлекеттiк билiк ол саяси билiк, ал кез келген саяси билiк мемлекеттiк бола алмайды. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыста саяси билiк болған (ақсақалдар кеңесi), ал билiк аппараты, мемлекет болмады. Демек, мемлекеттiк билiк – саяси билiктiң бiр түрі. Мемлекеттiк билiктiң ерекшелiктерi:
ол белгiлi бiр аумақта ерекше аппарат арқылы жүргізіледі;
мемлекеттiк билiк өзiнiң арнайы күштеу аппаратына сүйенедi;
мемлекеттiк билiк монополиялық сипат алады.
Билiкті қызметiне, билiк жүргізу ауқымына, билiк субьектiсiне, басқару әдiсiне қарай жiктелу:
қызметiне қарай билiк: саяси, идеологиялық, әлеуметтiк, экономикалық, құқықтық, банк, дiни т.б.;
билiк жүргізу ауқымына қарай: мемлекеттiк, халықаралық, отбасылық т.б.;
билiк субьектiсiне қарай: таптық, партиялық, халықтық, жеке адам билiгi;
басқару әдiсiне қарай: тоталитарлы, депоттық, бюрократиялық, т.б.
Билiктiң мәнiн жете түсiну үшін оның негiзгi қағидаларын нақтылау қажет (3-кесте). Билiктiң мәнiн ашуда екi мәселеге ерекше назар аударған жөн. Бiрiншiден, билiкке жету жолы, екiншiден, билiктi сақтау мен қолдану әдiстерi. Демек, билiктiң қағидаларын ажыратып көрсету маңызды. Билiктiң легитимділік, ақиқаттылық, шынайылық, көрегенділік, коллегиялық, төзімділік, өзіндік сыншылдығы, қаттылығы, жасырын сияқты қағидалары бар.
Билiктi жүргiзу әдiстерi рухани және материалдық болып бөлiнедi. Рухани әдiстер: саяси идеялар мен теориялар, саяси сана, құқық, норма, ереже, бiлiм, саяси сөз, саяси әдiстер, саяси тәжiрибе, саяси өнер; материалдық әдiстер: саяси жобалау, есеп, бақылаудың техникалық әдiстерi, күштеу тәсiлдерi, билiк жүргізуші кадрлар, саяси институттар, органдар, аппараттар, билiк ұйымдары.
Билiктiң қайнар көзiне – бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, бiлiм, хабарлама мәлiметтер жатады (№3 кесте).
Билiктi жүзеге асырғанда құқық, бедел, сенім, әдет-ғұрып, дәстүр, амал-айла, қулық, күштеу, зорлау, ерiксiз көндiру сияқты әдiс-амалдар пайдаланылады.
Билiктi айқындау және тарату формасы үстемдiк жүргізу, басшылық ету, үйлестiру, ұйымдастыру, бақылау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |