Байланысты: Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ
Адам - саясаттың жоғары мақсаты. Саясаттың гуманитарлы мәні, демократиялық мазмұны мен адамгершілік сипаты Саясаттың әлеуметтік негіздері. Саясаттың тарихи типтері. Саясаттағы жалпы, ерекше, жалпыадамзаттық, ұлттық Саясат ұғымы саясаттанудағы басты зерттеу мәселесi. Саясат ұғымы күнделiктi өмiрде, ғылымда әр түрлi тұжырымдалынады. Мәселен, О.Шпенглер «саясат жоғары мәнде өмiр, ал өмiр дегенiмiз саясат» - деп жазады. К.Маркс пiкiрiнше «саясаттың барлық сиқыры мемлекеттiк билiкке таптардың қатынасында». В.И.Ленин «саясат мемлекет iсiне қатысу, мемлекет бағыты, мемлекеттiк қызметтiң формасын, мiндеттерiн, мазмұнын анықтау» - деп есептеген. Белгiлi немiс социологы М.Вебер «саясат билiкке қатынасуға талпынысты немесе билiктi бөлуге ықпалды бiлдiредi, ол мемлекеттер арасында, мемлекеттiң өз iшiнде, адамдар топтары арасында болуы мүмкiн» - деп айтады.
Кейбiр ғалымдар саясатты азаматтық келiсiмге қол жеткiзуге бағытталған қызмет деп есептейдi. Мәселен, Платон «саясат бiрге өмiр сүру өнерi» деген пiкiрдi айтады.
Саясаттану классиктерi Г.Лассуэлл, А.Каплан «Күш және қоғам» атты еңбектерiнде саясат билiктiң қалыптасуы мен көлемiне байланысты деп жазды.
Сонымен, саясат ұғымын мемлекеттi басқару ғылымы, мемлекет мақсаты туралы ғылым, бiрге өмiр сүру өнерi, билiк және оны сақтау үшiн күрес деп түсiнемiз. Мұнда саясатты талдауда екi феномендi есепке алу керек: билiк және мемлекет.
Саясат дегенiмiз қоғамдағы үлкен әлеуметтiк таптар мен топтар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерiн қорғауға, iске асыруға, саяси билiктi жеңiп алуға, сақтап қалуға бағытталған әрекеттер жүйесi. Басқаша айтқанда, саясат ұғымы қоғамның саяси саласындағы барлық құбылыстар мен үрдiстердi, тенденцияларды бейнелейдi. Осы тұрғыдан алғанда, саясатты белгiлi бiр таптың, партияның, мемлекеттiң мүдделерi, мақсат-мiндеттерiнiң мазмұны мен ауқымы көрсетiлген құжаттарының жиынтығы деп айтуға болады.
Саясат қоғам дұрыс өмiр сүруi үшін қажет және сол үшiн өмiрге келген. Сондықтан да саясат қоғамның қажеттi, әрi маңызды элементi болып табылады.