Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Биліктің, шығу көзі, мәні, пайда болуы. Билік ұғымының теологиялық, бихевиористік, құрылымдық, инструменталдік анықтамасы



бет22/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   96
Байланысты:
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

Биліктің, шығу көзі, мәні, пайда болуы. Билік ұғымының теологиялық, бихевиористік, құрылымдық, инструменталдік анықтамасы.

  • Биліктің объектісі мен обьектісі, ерекшеліктері, ресурстары, кызметі, билікті жүзеге асыру әдістері. Саяси және мемлекеттік билік.

  • Биліктің бөлінуі мен делегациясы. Демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық биліктің ерекшеліктері.

  • Биліктің заңдылық деңгейі: легализация, легитимация. Тарихи ретроспективадағы биліктің типтерінің эволюциясы.

  • Басқарудағы билік формалары: монархия мен республика, олардың нұсқалары; мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.



    Биліктің, шығу көзі, мәні, пайда болуы. Саяси зерттеулердегi салыстыру объектiсi әрқашанда әртүрлi қоғамдағы билiктiң бөлiнуi болып табылады. Шын мәнiнде, билiк саясаттағы негiзгi мәселе. Сонда билiк дегенiмiз не? Билiктi қоғамдық ғалымдар әртүрлi түсiндiредi. Мәселен, билiк – басқа адамдардың мiнез-құлқын өзгерту мүмкiндiгi (Г. Саймон); белгiлi бiр мақсатқа жету мүмкiндiгi (Т. Парсонс); белгiлi бiр тәсiлдердi қолдану мүмкiндiгi, көбiнесе күштеуге негiзделген (Г. Лассуэл, А. Каплан); басқарушы мен басқарылушы арасындағы ерекше қатынас түрі (М. Дюверже); шиеленiстiк ахуал тұсында табысты бөлудi реттеу және шешiмдi қабылдау мүмкiндiгi (Г. Лассуэл) деген анықтамалар берілген. Билiк теориялары iшiнде билiк бiр субъектiнiң екiншiнiң қарсыласуын тоқтату нәтижесiнде пайда болады деп санайтын «қарсыласу» теориясы (Б. Рейвен, К. Леви) да бар. Ал, «Ресурстарды ауыстыру теориясының» (П. Блау, Д. Хиксон) авторлары, билiк бiр субъектiлердiң екiншi адамның ресурстарын өзiне керек iс-әрекетiне ауыстыруы деп санайды. «Ықпал ету зонасын бөлу» теориясы билiктi әлеуметтiк топтардың өзара ықпал шекарасын бөлуi деп санаған. Сонымен бiрге, билiк туралы тағы басқа да концепциялар бар, мәселен белгiлi философ М. Фуко билiк – барлық қоғамдық құрылымдарға енедi, ең алдымен тiлде болады деп санады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   96




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет