Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Саяси идеологияның негiзгi қызметтерi мен түрлері



бет74/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   96
Байланысты:
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

2. Саяси идеологияның негiзгi қызметтерi мен түрлері. Саясаттану оқулықтарында идеологияның мына қызметтері атап көрсетілген:
1. танымдық қызметi, ол арқылы саяси жүйенi, саяси өмiрдi танып бiлемiз;
2. бағдарламалық қызметi, ол қоғам, әлеуметтiк даму, саяси тұлға, билiк т.б. туралы түсiнiк берiп, адамдардың iс-әрекетiне бағдар берiп отырады;
3. жұмылдыру, iске тарту қызметi, жоғары құнды идеяларды, мақсат-мүдделердi айқындап, оның жүзеге асырылуына түрткi болу, әлеуметтiк топтарды жұмылдыру, рухтандыру;
4. бағалау қызметi, халық санасында қоғамның дамуына баға берерлiк жағдай жасайды, үстемдiк етiп отырған қоғамдық тәртiп туралы белгiлi бiр көзқарасты тудырып, қалыптастырады.
Саяси идеологияның әрекет ету деңгейi де әртүрлi болып табылады:
теориялық-концептуалды, белгiлi бiр таптың құндылықтары мен идеалдарын ашатын немесе қандай да бiр саяси даму мақсатын ұстанатын басты ережелердi қалыптастыру;
бағдарламалық-саяси, әлеуметтiк-философиялық қағидалар мен идеалдар саяси элита бағдарламасына, ұрандары мен талаптарына айналады, сөйтiп басқарушылық саяси шешiм қабылдаудың қалыптық негiздерi және азаматтардың саяси iс-әрекетiнiң ниеттемесі қалыптасады;
өзектендiрiлген, яғни азаматтардың аталған идеологияның мақсаты мен қағидаларын игеруiн, оны саяси iске және әрекетке айналдыру деңгейiн сипаттайды.
Көптеген батыстық теоретик-саясаткерлер үшiн идеология дегенiмiз:
әлем туралы ғылыми емес бiлiм, ол адамдар санасын манипуляция-лаудың құралы немесе саяси насихаттау саласындағы психологиялық әдістердің жиынтығы;
«жалған сана», қоғамның үстемдiк етушi күшiмен оған деген көзқарастардың арасындағы қатынастың қоғамдық негiзiн жоққа шығару, үгіт-насихатпен табысу;
тұжырымдар, идеялар жиынтығы, қандай да бiр саяси жүйедегi лидерлердің басшылығын ақтау мақсатындағы жеке адамдар мен халықтың қолдаулары;
көптүрлілік, белгiлi бiр әлеуметтiк топтардың әлеуметтiк бiлiмдер-iнiң немесе құндылықтық бағдарларының әртүрлiлiгi.
Батыс әдебиеттерiнде идеология проблемасына екi көзқарас қалып-тасқан: 1) идеологияны жалған сана, субъективтi ойлау деп түсiну; 2) идеологияның құралдық-қолданбалы жағына үлкен мән беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет