Саяси психология, жоғарыда көрсетілгендей әр түрлі іс-әрекеттерге соған сәйкес сезімін оятып, қоғамдық қозғалыстарда маңызды рөл атқарады. Соңдықган саяси бағытты жоспарлап, оны жүзеге асырарда халықтың саяси психологиясын ескерудің маңызы зор. Ол үшін адамдардың көңіл-күйін зерттеп, олардың қандай саяси әрекетке қалай жауап берерін болжай білген жөн. Себебі, бұл саладағы қателік қоғамда дау-дамай, шиеленістер, адамдар, ұлттар арасында қырғи қабақтық, тіпті егес тудыруы мүмкін. Мәселен, Гитлер екінші дүниежүзілік соғысты ашарда неміс халқының санасына басқа халықтармен салыстырғанда олардың ерекшелігін, артықшылығын сіңіргісі келді. Көбі оған сенді де, соңына ерді де. Бұл халықтың психологиялық ерекшеліктерін қалай пайдалана білгенін байқатады.
Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі- саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы және фәлсафашысы А.Дестют де Траси (1754—1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат- мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
2. Қоғам мен саясаттағы идеологияның пайда болуы, алатын орны мен рөлі.Саяси идеология мемлекеттiң және маңызды саяси институттардың қызметтерiн бағыттаушы саяси сананың ең ықпалды формасы және ол билiктiк қатынас мазмұнына ықпал етеді, әрi белгiлi бiр топтың рухани құралы болып табылады. Саяси идеология ұғымы саяси процестердегі маңызды көзқарастарды, саяси саланың дамуындағы заңдылықтарды ашып көрсетеді.
Саяси идеология ұғымының /оны ағартушылық дәуiрiнiң философы француз А.Трасси енгiздi/ мазмұны ғылымда әртүрлi түсiндiрiлуде. Мәселен, В.Парето саяси идеологияны «сезiм тiлi» болып табылатын интеллектуалдық жүйе және адам iс-әрекетiнiң оятушы ниетін /мотивiн/ бейнелейді деп есептедi. Идеология теориясының негiзiн салушының бірі К.Маркс идеология дегеніміз қоғамдық тұрмыс пен өндiрiстiк қатынас қарама-қайшылығынан туындаған елестiк сана формасы деп тұжырымда-ған. К.Маркс замандасы К.Мангейм идеологияны «ерiктi мистификация» жүйесi деп анықтады. Бiрақ, ол идеологияның қызметтiк сипатына, әсiресе адамдарды бiрiктiру қабiлетiне, саяси энергияны аккумуляциялауына ерекше мән бердi. Бұл идеяларға қарама-қарсы пiкiр бiлдiрген Д.Истон мен А.Конноли, олар идеологияның көңiл-күйлiк жағынан гөрi құндылықтық мазмұнына ерекше мән берген болатын. У.Матц идеология тек күрделi саяси дағдарыстар кезiнде ғана саяси аренаға шығады деп есептейдi, ал А.Хабермас идеология мен бұқаралық мәдениет бiр деп санайды. Американдық теоретик Л.Саджент идеология саяси дамудың белгiлi бiр мақсаттары мен құндылықтарын қалыптастырады, сонымен бiр уақытта практикалық мәселелердiң шешiлуiн қиындатады деген. Г.Лассуэл идеологияны саяси бiрлестiктердi қандай да бiр қолдауға бағытталған коммуникацияның көптүрлiлiгi деп түсiндiрдi. Оның ойынша бұл мағынада ол өзiне қоғамдық санаға бағытталған мынадай элементтердi қамтиды: саяси доктриналарды, саяси формуланы /конституцияның негiзгi ережелерiнiң мазмұны/ және саяси миранданы /аңыздар, мифтер, рәсiмдер т.б./.