Лекция Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері


Саяси билiктiң ерекшелiктерi



бет3/13
Дата08.03.2022
өлшемі30,43 Kb.
#27237
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
№4 лекция

Саяси билiктiң ерекшелiктерi мына төмендегiдей:

 билік адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың экономикада рөлi басым болады, әрi қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады;

 қоғамдағы басшылық көбiнесе сол топ өкiлдерiнiң қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси жетекшiлер арқылы жүргізіледі;

 арнайы басқару iсiмен шұғылданатын ерекше маман топтардың болуы;

 жариялылығы және жаппай болуы.

Саяси билiкке тән сипаттық белгілер:

 билiк еркінің басымдылығы, оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешушi күш ретiндегi ықпалы;

 билiктiң иерархиялық сипат алуы;

 басқарудың ерекше аппаратының болуы;

 билiктiң үстемдiктi шоғырландыруға, монополиялауға ұмтылуы;


  • қоғам мен жеке адам қатынасында мәжбүр ету мүмкіндігі.

Мемлекеттiк билiк пен саяси билiктi салыстыратын болсақ, саяси билiк мемлекеттiк билiкке қар ағанда кең ұғым. Саяси билiк тек мемлекеттiк көлемде ғана емес, сонымен бiрге халықаралық ұйымдар көлемiнде де жүргiзiледi. Кез келген мемлекеттiк билiк ол саяси билiк, ал кез келген саяси билiк мемлекеттiк бола алмайды. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыста саяси билiк болған (ақсақалдар кеңесi), ал билiк аппараты, мемлекет болмады. Демек, мемлекеттiк билiк – саяси билiктiң бiр түрі. Мемлекеттiк билiктiң ерекшелiктерi:

 ол белгiлi бiр аумақта ерекше аппарат арқылы жүргізіледі;

 мемлекеттiк билiк өзiнiң арнайы күштеу аппаратына сүйенедi;

 мемлекеттiк билiк монополиялық сипат алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет