Лекция Шешендік сөздер



бет2/4
Дата18.11.2023
өлшемі41,05 Kb.
#124356
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Ëåêöèÿ Øåøåíä³ê ñ?çäåð

Шешендік арнау – белгілі бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл, бата(тілек) сөздер. Жақсы сөз- жарым ырыс деп тілектестік сөзді жоғары бағалаған халқымыздың бата-тілегін бейнелейтін шешендік сөздердің неше алуан нұсқалары бар. Қазақ халқы ас адамның арқауы, астан ешкім үлкен емес, деп заттық игіліуктің дадам өміріндегі шешші мәнін дұрыс түсінген де астың алды-артында жақсы тілек, игі ниеттерін білдіретін болған. Алғыспенен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер едп елдің алғысын, үлкеннің батасын қазақ жоғары бағалаған. Сөздің рухтандырушылық, дем берушілік күшіне кәміл сенген. Бата беру негізінде халықтың опти\мистік ой-арманы, болашақтан күткен үміті жатады. Үміт – талаптың жеткешісі, талап-табыс кілті.
Шешендік әзіл. Әзіл-қалжың танысып білісудің, ақыл-ой сынасудың таптырмайтын тәсілі. Бала би көсе, Досбол сақалды кісі екен. Бала би жолдастарымен жолаушылап келе жатып, далаға түнеп, қара шай ішіп отырған Досбоды көріп: Саулы түйелерің бар көрінеді, қара шай ішкенше, түйе сауып неге сүт қатып ішпейсіңдер?- дейді. Сонда Досбол. –Ұрғашыға сауғызып үйренген інген еді, сақалымыздан шошып бізге сауғызбай тұр,-депті.
Аранау сөздердің бір саласы –сын. Қазақ ауыз әдебиетінед жерге, елге, малға айтылған шешендік сынның алуан түрі бар. Мысалы,Асан қайғының жерге, елге берген бағалары,болжамдары. Сондай-ақ:
Алғаның жақсы болса- абыройыңның тұрағы,
Атың жақсы болса – дүниенің пырағы,
Балаң жақсы болса – екі көздің шамшырағы,- деп келесі ұрпақты қара басы үшін емес, халқы үшін қызмет істеуге, жақсылыққа, саналылывққа мегзейді.
Сәлем. Тұрмыс-сал жырларынан, батырлық, ғашықтық жырлардан сәлемнің алуан түрін кездестіруге болады. Сол сияқты адам баласының басына түсетін қайғының ауыры қазамен байланысты туған естірту, көңіл айту сияқты мемендік сөздің алуан түрлі нұсқалары сақталған. Ондай сөздерді топтап шешендік көңіл айту деп атайды.
Ақ қоян қашты беркіне
Қоймады бүркіт еркіне.
Өлмес жан болмайды,
Өткелсіз су болмайды.
Қанатыф бүтін сұңқар жоқ.
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Дүниеде не күшті-
Ажал күшті.
Ақ сұңқар тұғырдан ұшты.
Грусардың суын ішті
Хордың қызын құшты,-дейтін жұбату сөздер – жалғыз баласы өліп, жер таянып қалған қарот ата-анаға әр түрлі үлгідегі атам заманнан бері айтылып келе жатқан көңіл айтудың дәстүрлі түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет