14-лекция. Тақырыбы: Оқушы білім –білігін, дағдысын тексерудің жолдары
Лекция мақсаты: оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру жолдарын түсіндіру.
Жоспары:
Бағалауға қойылатын қазіргі кездегі критерийлер.
Ауызша бақылау әдістері арқылы тексеру.
Жазбаша бақылау әдістері арқылы тексеру.
Лекция мәтіні:
1. Оқушылардың үлгерімін бақылау нәтижесі бағалау арқылы көрсетіледі.Бағалау деп жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады
Оқушылардың білімін бағалау үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:
а\ Оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәләлдеу.
ә\Баға әділетті болуы қажет, оқушылардың бағасын әдейі төмендетуге,оған өте жеңіл-желпі қарауға және ымырашылдыққа салынуға болмайды.
б\Әрбір баға- бұл тек қана білімді есепке алу емес,ол шын тәрбиелік құрал. Сондықтан оқушы білімін бағалауда немқұрайлыққа салынуға болмайды.
в\Оқушылардың кейбір теріс қылықтары үшін бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға болмайды.
г\Оқушылардың білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңдерінде іске асыру керек.
Үлгерімді бағалау “балл” есебінде көрсетіледі.
Оқушылардың білімін бақылау сұрақтары , тест тапсырмалары және түрлі жаттығуларды орындау барысында тексеруге болады.
2. Есепке алу- бұл оқытушылардың белгілі кезеңдерде оқушылар мен мұғалімнің жұмыстарын жинақтап қорыту.
Үлгерімді есепке алуда мына мәселелерді еске алған жөн. – оқу бағдарламасы бойынша тақырыпты және тарауды оқып үйрену процестерінде оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын жан-жақты бағалау керек. Әрбір аяқталған тақырып бойынша, оқушылардың жұмысы туралы жеткілікті толық қорытынды шығарып отыру.
–Оқушыларға толық мінездеме беру үшін олардың бірнеше оқу жолдарындағы статистикалық үлгерім мәліметтеріне талдау жасау керек.
2. Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі болып келген оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты оқушылардың оқу жұмысын бақылау мен олардың үлгерімін есептеу.Мұғалімге оқушылардың білім, білік және дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруі аз. Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтап, мұғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсілдерін үйретеді.
Оқушылардың білім, білік-дағдыларын тексеру бақылау әдістері арқылы іске асады.
Бақылау әдістері – оқытудың жетістігі, оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесінде қарама-қарсы байланысты қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді, өзара байланысты диагностикалық қызметтерінің жүйесі.
Бақылау әдістерін жалпы екі топқа: ауызша және жазбаша деп бөлеміз.Ауызша бақылау әдістері дегеніміз - сұхбат, оқушы әңгімесі, түсіндірме, тексті оқу, сызбалар, суреттер, тәжірибе туралы хабарлар, дидактикалық тапсырмаларға жауап беру..Ауызша бақылау әр сабақ сайын жеке-дара, жаппай немесе құрастырылған формада жүргізіледі.Оқушылардан жеке-дара сұрақ-жауап алу мұғалімге меңгеру деңгейі туралы толығырақ және нақтырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді, бірақ, екінші жағынан, ол басқа оқушыларды сабақта әрекетсіз қалдырады.Жаппай сұрақ-жауап алу барлық оқушыларды бірден қамтыса да олардың білімді меңгергені туралы үстіртін мағлұмат береді.
3. Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстану сабақтарында табиғаттағы құбылыстар мен адамның қолымен жасалған заттарды бейнелейтін суреттер оқушылардан жеке және жаппай сұрақ – жауап алуда кең қолданылады.Жазбаша бақылау әдісі (бақылау жұмысы, шығарма, диктант, тест, реферат, сөздік және сигналдық карточкалар) білімді меңгерудің терең әрі жан-жақты тексеруін қамтамасыз етеді, өйткені ол оқушының білімі мен білігінің тұтас жиынтығын талап етеді.
Дүниетану мен жаратылыстану сабақтарында сөздік және сигналдық карточкаларды пайдаланудың маңызы зор. Сөздік карточкадағы сұрақтарға оқушылар жауап жазса, сигналдық карточкалардағы бейне-суреттерді талдап, қорытынды шығарады.
Қазіргі таңда оқушылардың білімін, білік-дағдысын тексеруде дидактикалық тестер ең жаңа әдіс болып табылады.
Тест – оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы. Олар уақытты көп жоғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болдырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігінің жариялылығын, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтамасыз етуді т.б. талап етеді.Тестердің артықшылығы оның объективтілігінде, яғни білімді тексеру мен бағалаудың мұғалімге байланысты еместігінде. Тестердің төрт түрі бар:
оқушының есте сақтау мен еске түсіру керек фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, барлық мәліметтерді білетінін тексеру, яғни бұл жағдайда репродуктивті жауаптар талап етіледі.
алынған білімдер негізінде ойлау қызметін орындай алуын тексеру, бұл, негізінде, типтік міндеттерді шеше алу.
өткен тақырыптарға өзіндік сын баға бере алуы.
білімдерді алынған мәліметтер негізінде жаңа нақты жағдайларда қолдана білуі.
“Дүниетану Дүниетану мен жаратылыстану” пәндерінде әр сабақ сайын тест сұрақтарын пайдалануға болады. Сонда ғана оқушылардың алған білімдері нық меңгеріліп, естерінде сақталады.
Бақылау сұрақтары:
Тексеру дегеніміз не?
Тексерудің әдістерін атаңыз және сипаттама беріңіз?
Бағалауға қойылатын шарттар қандай?
Бағалаудың жаңа технологиялары қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |