13-лекция. Тақырыбы: Жеке, топпен, сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері
Лекция мақсаты: жеке, топпен, сыныппен орындалатын жұмыстар және олардың әдістемесін түсіндіру
Жоспары:
1.Жеке орындалатын жұмыстар және оларды өткізудің әдістемесі.
2.Топпен орындалатын жұмыстар.
3.Сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері.
4.Материалдық базаның маңызы.
5.Сабақ көрнекілігі.
Лекция мәтіні:
1. Әр кезде сыныпта “Дүниетану мен Жаратылыстану” пәндерін сүйетін оқушылар кездеседі. Олар мұғалімнен өз еріктерімен үйде немесе тірі табиғат мүйісінде орындайтын тапсырмалар алады. Мұғалім бұл оқушыларға оқу бағдарламасының мазмұнына сай үйде немесе тірі табиғат мүйісінде, мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде, жазғы демалыс кезінде өз беттерінше орындайтын сыныптан тапсырмалар береді. Бұл жұмыстар оқушылардың үйде немесе сабақтан тыс орындайтын жұмыстарының түрлеріне жатады.
Сыныптан тыс оқу – оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытады, танымдық іс-әрекеттері белсенді түрде көрініс береді. Қосымша әдебиеттер мен оқулықтарды оқу оқушының өз білімін көтеруіне, өз бетінше оқуына дағдыландырады.
Оқушылардың жеке жұмыстарына “бақылау күнделігін” толтыру да жатады. “Бақылау күнделігіне” олар әрбір маусым ағымында елі, табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлар өміріндегі болып жатқан және өз ауданының тұрғындарының маусымдық жұмысындағы өзгерістерді бақылағандарын жазады..
Оқушылар әр түрлі маусымдағы ауаның температурасын, ылғалдығын, ауа райын да бақылайды. Екінші сынып оқушылары көкжиектің тұстарымен таныс болмағандықтан, желдің бағыты мен күшін көрсетпей-ақ бар не жоғын байқайды. Көк тайғақ, қырау, тұман сияқты атмосфералық құбылыстарды балалар тек сөзбен ғана жазады.
II сыныпта дүниетану пәні бойынша бақылау жұмысының I сыныпта жүргізілетін жұмыстан басты айырмашылығы — балалар бақылағандарын ездерінше қорытындылайды және сол құбылыстардағы езгерістердің қарапайым себептерін таба біледі. (Құстар неге жылы жаққа үшып кетеді? Қыста неге жаңбыр емес қар жауады? және т. б.)
2. Топпен өткізілетін жұмыс түрлеріне үйірме жұмыстары, кабинетті жабдықтау т.б. жатқызуға болады. Бастауыш сыныптарда “Дүниетану мен Жаратылстану” пәндері бойынша “Жас табиғатшылар” үйірмесін ұйымдастыруға болады.Бұл оқушылардың пәнге деген қызығұшылығын арттырып, білім деңгейлерін көтереді, ғылыми көзқарастарын қалыптастырады және бақылау, зерттеу жұмыстарын орындау икем-дағдыларын дамытады.
Үйірменің жұмысы жүйелі түрде, нақты құрылған жоспармен жүргізіледі. Оқушылардың саны тұрақты болып, олар өз еріктерімен қатысуы керек
Үйірмеде орындалатын жұмыстарды сабақ кезінде пайдалануға болады.Үйірме жұмысын дайындауда оқушылар еңбек етуге, этикалық тәрбиеге дайындалады. Ұжымдық еңбек етуге үйренеді.
3.Сыныппен жүргізілетін жұмыстарға табиғат аясында болатын экскурсиялар жатады.
Бастауыш мектепте дүниетанудан сабақ беру процесінде экскурсияларға үлкен орын беріледі. Экскурсия оқушылардың зерттейтін объектілері мен құбылыстарын табиғи немесе қолдан тудырған жағдайда тікелей қабылдауына негізделеді.
Экскурсиялардың мазмұны мұнан бұрынғы сабақтарда өтілген материалмен тікелей байланысты болуы керек. Сонымен бірге экскурсияда алынған түсініктер бақылау нәтижелері және жиналған материалдар кейінгі сабақтарда пайдаланылады. Экскурсиялардың танымдық және тәрбиелік үлкен мәні бар. Олар оқушылардың білімін кеңейтіп тереңдетеді. Балалар табиғат объектілерін табиғи ортада көреді. Өсімдіктердің топырақпен, жануарлардың өсімдікпен өзара байланысын бақылайды. Бұл оқушылардың табиғаттың барлық бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты болып келетінін, біртұтастығы туралы түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Табиғатты оқып білудегі зерттеу әдісі оқушыларды экскурсияларда жергілікті жерде бағдарлай білуге, бақылауға, салыстыруға, табиғаттағы бақыланатын заттары мен құбылыстарының арасындағы байланыстарды анықтауға, үйретуге мүмкіндік береді, айнала қоршаған болмысты өздігінше зерттеу дағдыларын қалыптастыруға жардай жасайды.
Экскурсияда үшінші класс оқушыларының төбе және оның биіктігі, жазық, жыра, жергілікті суаттар (өзен, көл, бөген), олардың орналасуы, ерекшеліктері, адамның шаруашылыққа пайдалнуы туралы дұрыс түсініктері қалыптасады.
Өсімдік пен жануарлар дүниесімен таныстыруды бәрінен комплекстік экскурсиялар кезінде ұйымдастырған жөн, жануарлар мен өсімдіктер арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктерді оқушылардың өздері ашатындай жағдайға ұмтылу керек. Мәселен, суатқа экскурсия кезінде бұл байланысты негізінен насекомдармен қоректенетін көлбақаның мысалынан көрсетуге болады. Көлбақаларды құрту суат маңында маса мен шеркейлердің орасан зор мөлшерде көбейіп кетуіне апарып соғады.
Экскурсияда жиналған материал қажетті түрде жабдықталады да әр түрлі сабақтарда пайдаланылады.
4. Бастауыш мектепте “Дүниетану мен Жаратылыстану” пәндерін оқыту ҚР білім беру саласындағы орталық атқару органдары жыл сайын шығаратын ғылым негіздерін алдағы оқу жылында оқыту туралы нормативтік құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу процесін қамтамасыз ету:
1.”Дүниетану мен Жаратылыстану” оқулықтары (1-4 сыныптар)
2.Бақылау күнделігі (1-4 сыныптар)
3. “Дүниетану мен Жаратылыстану” оқулығына арналған әдістемелік нұсқау (1-4 сыныптар)
4. Қоршаған ортаға байланысты дидактикалық материалдар (1-4 сыныптар)
5. Хрестоматиялар (1-4 сыныптар)
“Дүниетану мен Жаратылыстану” пәні бойынша оқу-материалдық базаға қойылатын талаптар:
“Дүниетану мен Жаратылыстану” пәніне арналған арнайы кабинет болуы тиіс. Бұл кабинетте бүкіл көрнекіліктер. әдістемелік және техникалық құралдар болуымен қатар. Тірі табиғат бұрышы орналасады. Дүниетану мен Жаратылыстану сабақтары осы кабинетте өткізіледі. Топсаяхат кезінде жинақталатын өлкетану материалдары да осы кабинетте жинақталып сақталады.
Бастауыш мектепте “дүниетану, жаратылыстану” кабинеттеріне қажетті құрал-жабдықтардың тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен ережеге сәйкес жасалады. Бұл тізім оқу құралдары мен жабдықтардың. Экрандық және баспа құралдарының өзара сәйкестендірілген жиынтығы болып табылады.
“Дүниетану мен Жаратылыстану” пәндері бойынша оқу процесін оқу-әдістемелік және оқу-материалдық жағынан қамтамасыз етуді мектеп әкімшілігі және жергілікті білім беруді басқару органдары (департаменттері) жүзеге асырады.
“Дүниетану мен Жаратылыстану” пәндеріне төмендегідей материалдық-техникалық база жатады:
Альбом (көркем суреттер (1-4 сыныптарға арналған).
Бастауыш сыныптарға арналған географиялық атлас (1-4 сыныптар).
Бастауыш сыныптарға арналған контур карталары (3,4 – сыныптар).
Аудио-бейне құралдар (оқу фильмдері, слаидтар, диафильмдер, магнитофондық жазулар (1-4 сыныптарға).
Өсімдіктердің гербарийлері (1-4 сыныптар).
Жан-жануарлардың макеттік коллекциялары (1-4 сыныптар).
Пайдалы қазбалардың коллекциялары (1-4 сыныптар).
Ұлттық ою-өрнектердің коллекциялары (1-4 сыныптар).
Қазақстанның физикалық, экологиялық және саяси карталары (бастауыш сыныптар үшін).
10) Глобустар.
11) Табиғаттағы мезгілдік өзгерістерді бейнелейтін суреттер (1-4 сыныптар).
12) Табиғаттың орман-тау, шөл-шөлейт жағдайлары бейнеленген суреттер (1-4 сыныптар).
13) Жергілікті жерлердің жоспары (3, 4-сыныптар).
14)Жергілікті жер жоспарындағы шартты белгілер (3, 4 –сыныптар).
15)Теллурийлер.
16) Қазақстан Республикасының рәміздері.
Дүниетану мен Жаратылыстану сабақтарында тірі табиғат бұрышы ретінде көбінесе бөлме өсімдіктері қолданылады. Оқушылардың өздері де сол өсімдіктерді отырғызып күтіп-баптауды үйренеді.
Әрбір есімдіктің этикеткасы болуы керек, онда өсімдіктердің аты, отаны, егілген уақыты жазылады. Оқушылар бастауыш мектепте оқыған жылдарында барлық есімдіктермен танысып, олардың кейбіреулерінің гүлдеуін, әрбір өсімдіктің жарыққа, жылуға және ылғалға сезімталдығын зерттей алады.
Оқушылар өсімдіктерді күткенде олардың әрқайсысының құрылысының ерекшеліктерін біліп қана қоймайды, сонымен бірге өсімдіктерді күтуге қажетті практикалық дағдылар да алады. Олар мұғалімнің басшылығымен қарапайым тәжірибелер жүргізеді, соның нәтижесінде оларда өсімдіктерді зерттеуге деген қабілет қалыптасады. Мысалы, бірдей екі өсімдік алып, оларға әр түрлі тіршілік жағдайын (суару, үстеме қоректендіру, жарық беру) туғызуға болады. Бақылау нәтижелерін күнделікке тіркеп отыру керек. Оқушылар бұл тәжірибені жүргізу және алынған нәтижелерді талдау барысында әсімдіктер мен қоршаған ортаның арасында болатын тығыз байланыстарға көздерін жеткізеді, есімдік организмдерінің тіршілік әрекеті үшін белгілі бір жардайлардың қажеттігін практика жүзінде біліп отырады. Алынған деректерді оқушылар белгілі бір оқу материалын оқып білуде табысты түрде пайдаланады.
Оқытудың көрнекі құралдарына таблицалар мен картиналар, табиғи объектілер, үлестірме материал, кинофильмдер, кинофрагменттер, диафильмдер, драпозитивтер, кодотранспоранттар жатады. Олар оқушылардың білім алуының маңызды көзі болып табылады. Көрнекі құралдарды қолдану сабақтың тиімділігін арттырады, кіші мектеп жасындағылардың өзінше дайындығын ұйымдастыруға жағдай жасайды, таным қабылетін дамытады.
Дүниетану мен жаратылыстану оқыту процесінде табиғи көрнекі құралдардың үлкен маңызы бар. Оларға мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер үлгілерінің гербарийлері, топырақ үлгілері, үлестірме материалымен қоса пайдалы қазбалар коллекциялары, жануарлар тұлыптары, пайдалы және зиянды насекомдар коллекциялары, сонымен бірге тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстарға арналған ыдыс пен құралдар, экскурсиялық жабдықтар жатады.
Тікелей қабылдауға келмейтін заттар мен құбылыстар туралы түсінікті қалыптастыруда бейнелеу құралдары үлкен орын алады. Оларға таблицалар, картиналар, карталар, открыткалар. «Бақылау күнделіктері» т. с. с. жатады. Баспа негіздегі құралдар дүниетану бойынша көрнекі құралдар жүйесіндегі ең көбі болып табылады.
Бастауыш сыныптарда бүкіл класпен жұмыс істеуге арналған үлкен глобус (диаметрі 60 см) және оқушылардың жеке жұмыс істеуіне арналған шағын (диаметрі 40 см) глобустар болуы керек.
Қазіргі кезде дүниетану сабақтарында мұғалімдер жергілікті жерде кездеспейтін табиғат құбылыстары туралы нақтылы және толық түсінік беруге кемектесетін экрандық құралдарды кеңінен пайдаланып жүр.
Дүниетану мен Жаратылыстану сабақтарын экрандық құралдармен қамтамасыз ету үшін көптеген диафильмдер мен диапозитивтер, кинфильмдер мен кинофрагменттер, кодоскопқа арналған транспаранттар жасалды.
Бақылау сұрақтары:
Сабақта қандай көрнекіліктер пайдаланылады?
Көрнекіліктерді кешенді пайдалану дегенді түсіндіріңіз?
Материалдық база дегеніміз не?
Материалдық база қандай болу керек?
Жеке жұмыс түрлерін атаңыз.
Топпен жүргізілетін жұмысты қалай ұйымдастыруға болады?
Сыныппен жүргізілетін жұмысқа мысал келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |