4. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру.Өркениеттің үдемелеп дамуына байланысты ауыл шаруашылыққа қажетті көптеген жерлер басқа мақсаттарға пайдаланылып келеді. Мысалы, олар әр түлі құрылыстар салуға, жол және электр тораптарын тартуға т.б. мақсаттараға жұмсалуда. Ал өндірісті қарыштап дамыту үшін көптеген минералды заттарды , құрылыс материалдарын барлау, қазып алу және байыту кезіндегі жұмыстарды үлкен геологиялық жұмыстармен салыстыруға болады. Мәселен, 1970 жылдың басында жер бетіндегі әрбір тұрғынға шаққанда орта есеппен жыл сайын жер астынан 20 тонна әр түрлі минералмен тау жынысын қоспаса , қазіргі кезде әрадам үшін 30 тоннадай минералмен тау жыныстарын шығарады. Жерді қайта культиватциялау дегеніміз жерді бұрынғы бүлінбеген жағдайына, яғни жердің құнарын кемітпей, бұрынғы қалпына келтіру деген сөз. Ол үшін қазылған , құнарсыз карерьлер тегістеліп болғаннан кейін оның бетіне құнарлы топырақ қабаттары төселінуі тиіс.Қазіргі кезде республикамызда бүлінген, “жарақаттанған” жерлерді культиватциялау негізінен топырақтың құнарлы қабаттары сақталмаған жағдайларда өткізілуде. Мұндай жағдайда құнары жоқ немесе құнары аз жер қыртысының төменгі қабаттарын немесе құнарлануға бейім ұнтақталған , таза тау жыныстарын жерді қайта культивациялауға пайдалануға тура келеді. Ол үшін бұл жерлерге әр түрлі тыңайтқыштар енгізіп, осындай жағдайға бейім өсімдіктерді таңдап өсіру керек.Бұл кезде топырақты жұқалау етіп төсесе, кейбір өсімдіктерге онша зиян келмеуі мүмкін. Осы мәселелердің барлығын өндіріске енгізбей тұрып, тәжірибе жүзінде алдын ала тексеріп алу пайдалы . Мұндай тәжірибе жұмыстары Украина , Мәскеу төңірегінде жүргізілген. Қазақстанның өзінде жер, климат жағдайларының әр түрлілігінен бір жерде жүргізілген тәжірибе , екінші жерде ойдағыдай нәтиже бермейді. Сондықтан Қазақстанның әр түрлі топырақ – климат жағдайларына бұл бағытта тәжірибе жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Бұл бағыттағы ғылыми- тәжірибе жұмыстары Қазақстандағы жерді қайта культивациялау жұмыстарының пионері болып отырған кезіндегі құрылыс материалдарын өндіріс министрлігімен ғалымдарының бірлескен істерімен басталды. Алматының тау алқабындағы суарылмайтын, бүлінген жерлерді қалпына культиватциялағанда егілетін егістерді сынау жұмыстарын Қазақ ауыл шаруашылығы институты ғалымдары жүргізсе , Оңтүстік Қазақстан обылысының тау етектеріндегі бүлінген жерлерді қайта культивациялағанда егуге қажетті дақылдарды сынау, әр түрлі тыңайтқыштар енгізу жұмыстары Топырақтану институтының ғалымдарына жүктелген болатын.
5.Егілген егіннен мол өнім алу үшін топырақта өсімдіктерге қажетті минералдық және органикалық заттар жеткілікті болуы шарт. Егістіктердің топырақ құрамына қаншалықты мөлшерде қоректік заттар алатынын мына мысалдан анық көруге болады. Мәселен , жүгерінің гектарынан 600 центнер көк балауса жинау үшін өсімдік өсіп жетілу дәуірінде жерден 150 кг азот, 70 кг фосфор , 200 кг калий тұздарын алады.Бұл жөнінде республикамыздың барлық обылыстарында жұмыс істейтін агрохимялық лабороториялар бар. Бұл лабороторияның қызметкерлері обылыстардағы барлық ұжымшарлардың егіс танаптарының агрохимиялық картограммаларын жасап, әрбір шаруашылық басшыларына қай жерге қандай тыңайтқыш және қандай мөлшерде енгізу туралы ұсыныстар береді.
Республиканың Білім министрлігі – Ғылым академиясының Ө.О. Оспанов атындағы Топырақтану институты қызметкерлерінің көп жылдық жүргізген агрохимиялық зерттеу жұмыстары мыналарды көрсетеді:
Қазақстаның барлық топырақтары табиғи жағдайдың өзінде калиймен жақсы қамтамасыз етілген. Калий тыңайтқышын тек кртоп пен қызылша үшін енгізген жөн.
Қазақстанның барлық топырақтары фосфорлы тыюңайтқыштарды керек етеді. Сондықтн оларды барлық егістіктер үшін тиімді пайдаланған жөн. Әсіресе суармалы жерлерде фосфорлы тыңайтқыштар ауадай қажет.
Қазақсанның топырақтары азотты тыңайтқыштарды да көп қажетсінеді. Әсіресе олар оңтүстік обылыстардың суармалы техникалық дақылдарымен суармалы жерлерде өсірілетін басқа дақылдар үшін өте қажет
Қазақстан топырақтары микроэлементтермен – жылжымалы бормен және марганецпен қамтамасыз етілген. Жылыжымалы бордың Каспий маңы ойпатында мөлшерден артық екендігі анықталды. Молибден мен мырыш олардан тапшы болса, мыс орта мөлшерде кездеседі. Кобальт Қазақстаның барлық жерлерінде мөлшерден аз.
Минералды тыңайтқыштар , әсіресе фосфор тыңайтқыштарын өндіруде республика ТМД- да алдыңғы орында. Бұған Жамбыл обылысының Қаратау аймағындағы жұмыс істейтін Жамбыл суперфосфарт зауыты, Шымкен фосфорлы тұздар зауытының үлесі мол.
Минералды тыңайтқышты сөз еткенде негізгі 3 макроэлементтерден ( азот, фосфор, калий) басқа өсімдік тіршілігіне өте аз мөлшерде болса да , қажетті микротыңайтқыштар туралы айта кету қажет. Қазақстанның топырағында бұл микроэлементтерден жетіспейтіндері мырыш , молибден, кобалт екендігі анықталып отыр. Осы микроэлементтерді егістерге немесе мал жайылымдық жерлерге қолдан енгізген жағдайда , егістіктің өнімі, ал жайылымдағы малдың қоңдылығы жоғары болады.
Бұл тыңайтқыштар – органикалық тыңайтқыштар , жасыл тыңайтқыштар және бактериялы тыңайтқыштар.
Органикалық тыңайтқыштар күрделі немесе кешенді тыңайтқыштар деп те атуға болады. Себебі оның құрамында органикалық заттардан басқа азды – көпті минералды заттар да бар.Бактериялы тыңайтқыштар өзінің атынан белгілі -тірі бактериялардан тұрады.Себебі оның құрылмында микроорганизімдердің, оның ішінде бактериялардың маңызы зор. Тіпті кейбір бактериялар түрлері бұршақ тұқымдас өсімдіктер ішінде (тамырында) түйіртпекті болып өсіп , ауадан бос азоттарды өз денесіне жинап , топырақтың тыңаюына көп “қолғабыс ”тигізеді.