Бірінші алқап- тау етегімен бөктеріндегі көлбеу тегістіктер. Топырақ беткі қабаты сары- сазды, ұнтақталған майда жыныстардан, төменгі
Қабаты ұнтақталмаған ірі жыныстар, қиыршық тастар мен құмдардан тұрады. Таудан алыстаған сайын жыныстардың ірілігі бірте – бірте кеміп, ұнтақтала бастайды. Жер асты сулары төменде жатыр. Кей жерлерде аздап кермектеу болғанымен суы негізінен тұщы. Жер беті және жер асты қабаттары таудан төмен қарай еңісті келгендіктен, жер асты суларының ағысы жақсы. Тереңде жатқан мұндай сулар топырақ қабаттарына ешқандай әсерін тигізбейді. Бұл аймақтағы топырақ сұр және қарақоңыр түсті болып келеді. Құрамында тұз аз және мүлдем болмайды. Суарған кезде жердің сорлану , батпақтану қауіпі жоқ. Дегенімен топырақ қабаттарың суды мол өткізгіштік ерекшелігіне байланысты арық – атыздар мен каналдарда су жерге сіңіп , шығын болады. Мәселен, Жамбыл обылысындағы Георгиевка суару жүйесінде судың жер астына сіңіп, шығындануы 50-70%-тен астам. Қаратау етегіндегі Арыс – Түркістан каналының 50 километрден 110 километрге дейінгі арнасы ірі, тасты қабаттарға ойылып түсіп, судың жер астына сіңуі өте көп мөлшерге жетіп отыр.
Жерге сіңген су сол атырапты сорландырып, батпақтандырмағанымен, жер астына ағып келіп, төмен жатқан территориялардың мелиоративтік жағдайын нашарлатады. Бұл алқапты суландыру кезеңіндегі негізгі шара – судың жер астына сіңіп, шығын болуына қарсы күресу. Ол үшін арық- атыздар, каналдар бойында судын жерге сіңуін кемітетін әр түрлі шараларды қарастыру қажет. Мұндай жерлер Үлкен Алматы каналы бойында, Алматы обылысының тау етегі аймақтарында көп кездеседі. Оларды суармалы егіншілікке игеру өте ұқыптылықты қажет етеді.
Екінші алқап- жоғарғы алқаптан төмен жататын тау етегіндегі сазды жер.Бұл аймақта пролювиалды – делювиалды жыныстардан құралған. Бірақ таудан алыстаған сайын жыныстардың механикалық құрамы ауырлап, ірі қиыршық тастардың орныны майда, ұнтақталған қабаттар кездеседі. Ұнтақталған майда топырақ қабаттардың нашар су өткізетініне байланысты жер асты суының ағысы бәсеңдеп, жер бетіне жақындайды. Кей жерлерде майда бұлақтар жер бетіне шығып жатады. Сондықтан оны жергілікті халық “қара сулы” аймақ деп те атайды. Суы негізінен тұщы. Жер асты суы жақын болғандықтан, топырақтары- шалғынды – сұр, шалғынды – сазды, шалғынды – батпақты және батпақты. Сазды аймақтың төменгі шетінде аздап құрамында натрий катионы бар сортаңданған топырақтарда кездеседі.
Бұл алқаптың шалғынды топырақтарының 0,5- 1,0 м тереңдігінде көбінесе өте қатты карбонатты қабат кездеседі. Ол өсімдік тамырларының таралуына, судың сіңуіне көп зиян келтіреді. Мұндай қатты қабатты Орт а Азияда – “арзық” немесе “шоқ” деп атайды.Ол жерлерді жыртып, егін еккенде жер асты суының жақын жатуына және механикалық құрамының майда болуына байланысты, арық пен каналдардағы судың жерге сіңіп , шығын болуы көп болммайды.