Лекция Тақырыбы: Абайдың түрлі жанрда жазылған шығармаларындағы философиялық таным және ұстаным Лекцияның оқыту нәтижелері : Абайдың шығармашылығын біледі



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі40,78 Kb.
#131802
түріЛекция
  1   2   3

12-лекция
Тақырыбы: Абайдың түрлі жанрда жазылған шығармаларындағы философиялық таным және ұстаным

Лекцияның оқыту нәтижелері:

  1. Абайдың шығармашылығын біледі.

  2. Абайдың пәлсафалық тақырыпта жазылған өлеңдері және қарасөздерімен танысады.

  3. Абайдың пәлсафалық тақырыпта жазылған өлеңдері және қарасөздерінің мән-мағынасын түсінеді.


  4. Пәлсафалық өлеңдері және қарасөздерінің айтылған адами құндылықтарды біледі.



Лекция мазмұны:


Кеңес заманында Абай көрнекті ақын ретінде дәріптелді, танымал болды. Дегенмен Абайға да, Шоқанға да, Ыбырайға да сыңаржақ көзқарас қалыптасты: Абай – ақын, Шоқан – ғалым, Ыбырай – педагог деумен шектелдік.
Біз Шоқанды да, Абайды да, Ыбы­райды да ағартушы дейміз. «Ағартушы» деген жақсы сөз. Бәрі де халыққа білім таратты. Оқу-білімді насихаттады. Бірақ Шоқан – жай ағартушы емес, ғалым. Ыбырай – жай ағартушы емес, нағыз ұстаз. Абай жай ағартушы емес, ойшыл, философ. Сонымен бірге үшеуі де – ойшыл. Ойшыл болған соң, үшеуінің де философияға қатысы бар.
Бірақ олардың шығармаларының дүниетанымдық, философиялық мағы­насы бұрын ашылмады, айтылмады. Айтуға да болмады. Абайдың даналығын, ойшылдығын Абайды әлемге танытқан Мұхтар Әуезов білмеді, көрмеді дейсіз бе? Білгенде қандай. Бірақ кеңестік саясаттың салдарынан ол: «... Шын мәнінде алғанда, Абай философ емес ..., оның арнап жазған философиялық... еңбектері... жоқ», деп жазуға мәжбүр болды. Сөз жоқ, бұл ғұлама жазушының өз ойы емес, ресми идеологияның нұсқауына үн қосқаны.
Егер де Абайға, Шоқанға, Ыбырайға қазақ қауы­мы ойшыл-философтар деп қарайтын болса, онда олар қазақтың көзін ашар еді, қазақты оятар еді. Қазақтар «біз қалайша басқалардан артта қалдық, бала сияқты бейқам өмір сүріп жүрміз» деп ойланар еді. Кеңестік қитұрқы идеология осыдан қауіптенді.
Қазақтар Абайдың айтқа­нына еріп, Абай жолымен жүрер болса, кешегідей, бүгінгідей болмас еді, рухы да, намысы да жоғары, ұяты да қалыпты болар еді. Абайдың жан құмары, жан азығы туралы айтқан сөздері қазақтың рухын оятуға бағытталған.
Жол деген – киелі ұғым. Қытайда адам­ға дұрыс жолды ұсынатын даосизм деген Лао Цзының ілімі бар. Философия адам жолына, ғылым жолына, тарих жолына ерекше мән береді. Олардың жүріп өткен жолынан тәлім, тағылым іздейді, сабақ алады.
Мұхтар Әуезов қазақты, қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абайды әлемге танытқан шығармасын «Абай жолы» деп дұрыс атаған екен. Бүгін де бізге керегі осы – Абай жолы. Мен елімізге, қазақ халқына, биліктегілерге қазақ философиясына, мәдениетіне үлгі ретінде осы Абай жолын ұсынар едім. Абай жолында, Абай ілімінде біздерге қажет нәрсенің біразы бар: нарық та, демократия да, бәсекелестік те, ғылым-білім де бар. Тек оны игере білу керек. Абайды оқымаған, білмейтін адам болмас. Бірақ қайсысы Абай жолымен жүріп келе жатыр – айту қиын. Қытай озық деп Батыс үлгілерін жай ала салған жоқ. Өз жолымен, Конфуций жолымен жүріп келе жатыр. Қазір көш басындағы елдердің бірі.
Кейінгі кезде біз Абайдың философиясын ғана мойындап қоймай, оның ілімінің дәстүрлі философиямен, әлемдік философиямен үндесіп жатқанын да ауыз толтырып айта бастадық. Және бұл шығарып салма сөз емес, құрғақ декларация емес, барып тұрған шындық.
«Философия» деген сөздің мағынасы – даналық, даналыққа құмарлық дегенді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет