Лекция тақырыбы: Қадырғали Жалайырдың «Жамиғ ат-тауарих» шығармасының тілі


жағдайларына тоқталады. Қазақ хандарының саяси-әлеуметтік жағдайы туралы



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата29.11.2022
өлшемі489,03 Kb.
#53614
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
LJYSYXHEYFDV28112022142831

жағдайларына тоқталады. Қазақ хандарының саяси-әлеуметтік жағдайы туралы 
көптеген мағлұмат береді: 
а) Орыс хан туралы былай деген: Оны «барлығы аға тұтып, патшалыққа отырғызды. 
Одан соң Орыс хан Алатау төңірегіне қоныс тепті. Ол жер өте үлкен және биік тау еді 
және онда жақсы жайылымдар, сулар мен бұлақтар да көп болған... Отырар, Сайрам 
шаһарлары... Шу, Талас, Ыстықкөл, Теклік әуләяттары болған. Халқы өте көп, іргелі, 
мықты, даңқты және батыр болған»; 
ә) автор бұдан кейін Құйыршық хан, Барақ сұлтан, Кіші Жәнібек, Қасым хан 
жайында баяндайды. «Оразмұхаммед Орыс ханнан Жәнібек ханға дейін төртінші буын 
еді» — дейді. «Шығай хан батырлығымен мәлім болды. Оның ұлы Ондан сұлтан ержүрек, 
батыр, садақ атудың керемет мергені еді. Əрқашан сыртқы жауларға қарсы күресте көп 


ерлік көрсетті... Ақырында қалмақтармен шайқаста отыз жасқа келген жігіт шағында 
шаһит болды», — деп жазды; 
б) Қадырғали Қосымұлының еңбегі қай сұлтанның, қай ханның, қай жерде шаһит 
болғанын, жерленгенін көрсетуімен де құнды. Тәуекел ханды «ислам мемлекетінің 
басшысы» деп атаған. Ондан сұлтан шаһит болғанда Оразмұхаммедтің он үш жаста жетім 
қалғанын айтады. «Он алты жасында жалпы христиан басшысы Борис Федоровичке 
қызмет істеуге дайын болды» дейді. (Оразмұхаммед 1610 жылы Лжедмитрий мен Василий 
Шуйский арасындағы қантөгісте ерлікпен көз жұмған) [9; 76]. 
Жалаири Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын 
мекендеген Жалайыр, Арғын, Қыпшақ, Қаңлы, Найман, Қоңырат, Алшын секілді т.б. 
түркі тайпаларына анықтама береді... 
Шығармада қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның тәуелсіздігі үшін 
жүргізген күресі, халықаралық жағдайы, тағы басқа мәселелер суреттеледі. 
Тарихи еңбекте XVI ғасырда қазақ еліндегі рулық, патриархалдық-феодалдық 
қатынастың қаншама дамығандығы көрсетіледі. Тарихшы ханның төңірегіндегі сұлтандар 
мен қарашылар, бектер, мырзалар, аталықтар мен данышпандар, хафиздар сияқты түрлі 
әлеуметтік топтарға тоқталады. 
1. 
«Шежірелер жинағында» көптеген адам аттары (Жаған бикен, Қанық ханым) 
кездеседі. Біраз қызық деректер келтіріледі: а) шығыс билеушілерінің жұбайлары мен 
қыздары «хатун» титулын иемденген туралы: Мунулун хатун (Дутум Мәнәннің әйелі), 
Томалун хатун (Шыңғыс ханның қызы); ә) бұл лауазымның өзге тілдік нұсқада да 
қолданылғаны туралы, олар: фужин — қытай сөзі, мағынасы — «әміршінің жұбайы»; 
Бөрте фужин (Шыңғыс ханның ең бас бәйбішесі); б) сондай-ақ «ақа-аға» сөзі туыстық сөз 
болуымен қатар, титулды білдіретін сөз ретінде де қолданылғаны туралы: Булад аға, 
Сүйінчәк аға, Кәлміш ақа. Бұл сөз қазақ хандығында да әскер басшысы деген ұғымға тура 
келген [3; 16]. 
2. 
Кадырғали өзінің еңбегінде Қамбар сұлтан жөнінде әңгімелей келіп былай 
дейді: «Қамбар сұлтан өмірінде Қасым ханның тобығында жүрді. Ол ешуақытта хан 
болуға тырысқан емес. Қамбар сұлтан ылғи сақта болып, әскерді басқарған адам. Оның 
тұқымдары да хан болған емес». Бұл деректерге қарағанда, қазақтың батырлар жырында 
көп жырланатын атақты Қамбар батыр — әскери адам, хан әскерінің басы, ол Қазақ 
хандығының жерін, шебін қорғауға, халқын, ел-жұртын қорғауға бар өмірін сарп еткен 
адам деп топшылауга негіз бар [8; 103]. 
Жалаири еңбегінің тарихи ескерткіш болуымен қатар, тіл тарихын зерттеуде де мәні 
зор екенін көре аламыз. «Жылнамалар жинағының» авторы қазақтың бай тілін жақсы 
меңгерген. Ол көрген- білгенін шеберлікпен суреттей білген, жақсы сауатты жазушы 
болған. Сондықтан бұл еңбек тек тарихи мұра ғана емес, сонымен бірге бағалы әдеби 
шығарма. Бұл еңбек тарихи және әдеби ескерткіш болумен қатар, қазақ халқының рухани 
байлығының ең басты және бай саласы — тіл тарихын зерттеуде де мәні зор. Кітапта 
көптеген жер-су аттары, түрлі мақал-мәтелдер көп кездеседі білген. 
Халқымыздың қадірменді ұлы Қадырғали Жалаиридің қаламынан туған көне қазақ 
тіліндегі тарихи еңбектің қысқаша мазмұны осындай. Біздің ойымызша, бұл еңбекке және 
оның авторына біз тарихи тұрғыдан, атап айтқанда, XVI ғасырдың өлшемімен қарауымыз 
керек. Ал бұл тұрғыдан алғанда, Қадырғали би Қосымұлының «Жылнамалар жинағының» 
мәні өте зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет