Лекция тақырыбы: Қадырғали Жалайырдың «Жамиғ ат-тауарих» шығармасының тілі


«Жылнамалар жинағының» ғылыми құндылығын əйгілі ғалымдардың бағалауы



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата29.11.2022
өлшемі489,03 Kb.
#53614
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
LJYSYXHEYFDV28112022142831

«Жылнамалар жинағының» ғылыми құндылығын əйгілі ғалымдардың бағалауы 
Белгілі ғалымдар Жалаиридің еңбегінің ғылыми құндылығын жоғары бағалап, оны 
Орта Азия мен Монғолияның көптеген көрнекті тарихшыларымен тең дәрежеде деп 
санаған. Əсіресе Қадырғали Жалаиридің ғылыми еңбегін атақты орыс ғалымдары, Қазан 
университетінің 
профессорлары 
Н.И.Ильминский, 
И.Н.Березин, 
академик 
В.В.Вельяминов-Зернов және Ш.Уәлиханов жоғары бағалаған [10; 99–100]. 


Қадырғали шығармасымен Ресейде алғаш танысқан ғалымдардың бірі — 
шығыстанушы, академик X.Д.Френ. Ол шығарманың Тәуекел ханның немере інісі, 
Қасымов хандығының ханы Онданұлы Оразмұхаммедтің сандығында сақталған 
Қосымұлының өз қолымен жазған түпнұсқасымен таныс болған. X.Д.Френ Ибрагим 
Халфинге Абылғазы еңбегін осы нұсқамен салыстырып оқуға кеңес берген [1; 9]. 
Жалаиридің тарихи еңбегінің ғалымдар назарына ілінуі ХІХ ғасырда өмір сүрген 
татар ғалымы Ибрагим Халфиннің есімімен тығыз байланысты. Ол бұл еңбектің бір 
көшірмесін 1819 жылы Қазан университетінің кітапханасына тапсырған. И.Халфин 
тапсырған жалғыз көшірме данасын Шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда 
профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: «Біз шығармаға қандай ат 
берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының 
қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз» [11; 
60]. 
Сонымен, бабамыз жазған туындыға құрметпен қарап зерделеген ғалымдар ішінде 
орыс шығыстанушысы И.Н.Березиннің (1818—1896) орны бөлек. Қадырғалиды татар 
жылнамашысы дей отырып, ол осы дүниені 1854 жылы «Жамиғ ат-Тауарих» деген атпен 
жариялаған. Өйткені әуелде қолжазбада шығарма аты көрсетілмеген-ді. Орыс ғалымы 
шығарманың мазмұнына қарап, бұл дүниенің монғол хандарының уәзірі болған парсы 
жылнамашысы Фазл Аллаһ Ибн Əбу-л-Хайр Рашид ад-Дин (1249–1318) қаламынан туған 
«Жамиғ ат-Тауарихқа» ұқсас болуына орай, Қадырғали шығармасына да сондай ат бере 
салған. 
Қ.Жалаиридің «Жамиғ ат-тауарихының» негізгі тарауларын алғаш орысшаға 
аударып, оған түсінік берген ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов. Аса көрнекті ағартушы: 
«Күмән жоқ, қазақтар туралы ең алғаш дерек Березин бастырып шығарған «Жылнамалар 
жинағында» кездеседі («Жылнамалар жинағы» (Жалаири). Шығыс тарихшыларының 
кітапханасы. Издание профессора И.Н.Березина, т. II, ч. I, Казань, 1854). Осы басылым 
қазақтардың өткені туралы ең құнды, алғаш жазба ескерткіш. Мұнда нақты тарихи 
деректер аз болғанымен, қазақ хандары мен сұлтандарының ата тегі бар.... Қазіргі қолда 
бар деректерді, ел аузындағы аңыздармен, ноғайлармен қарым-қатынас жайлы орыстың 
елшілік актыларды Жалаиридің «Жамиғат-ат-таурихымен» салыстырған жөн. 
«Жылнамалар жинағы» Ораз-Мұхаммед Қасым қаласын билеп тұрғанда, һижраның 
1000 жылында, Борис Годуновтың патшалығы соңында жазылған. Жылнама авторы 
Қасым қаласы билеушісі Ораз-Мұхаммедпен бірге болған, аты-жөні белгісіз..., бұл 
жылнама таза араб тілінде жазылған, аударма сөзбен... және тілмен, дегенімен, 
өзбектердікі (XV–XVI ғасырларда қазақтарды өзбек деп те атаған), далалық теңеулер мен 
мәтелдерге тұнып тұр. 
Елден алыстағы қайғы, сағынышын Ораз-Мұхаммедпен бөліскен автор, ханның 
хатшысы сайланады. Автор былай дейді: «Бұл жылнаманы Борис Годунов патшаның 
жебеуші, қонақжайлылығы құрметіне арнап жаздым... Кейіннен Қасым қаласының 
билеушісі болған Ораз- Мұхаммед сұлтан — Ондан сұлтанның баласы, қазақ пен 
қалмақтардың ханы Тәуекелдің немересі. 1587 жылы Ораз-Мұхаммед және Сібір ханының 
баласы — ханзада Сейтекті Даниил Чулков деген әскер басы тұтқындайды. 
«Сібір жылнамаларында» Ораз-Мұхаммедті — ол Қазақ Ордасының ханзадасы
сұлтаны дейді. Сол жылы тұтқындар Москваға жөнелтіледі, Борис патша оларды өте 
жақсы қабылдап, бірнеше жылдан соң Ораз-Мұхаммедті Қасым қаласының ханы етіп 
тағайындайды. Жылнама-кітап авторының сөзіне қарағанда, ол Ораз-Мұхаммедтің 
жерлесі болса керек және автордың (тарақ таңбалы) Жалайыр руынан екені айтылады. 
Борис Федоровичтің ханзадаға деген кішіпейіл ілтипаты мен мейрімі арқасында осы кітап 
дүниеге келді дейді автор. Автордың өзі туралы осы сөздеріне жүгінсек, оның Ораз-
Мұхаммед сұлтанның жерлесі, шыққан тегі тарақ таңбалы, ең басты жалайыр руынан 
екенін білеміз. Жалайырлар қазақтың ең басты руы, Ұлы жүз құрамына кіреді», — деп 
жазған [12; 122–123]. 


Шоқаннан кейін Қадырғали Жалаириді еске салған еңбек Мұхтар Мағауиннің 
«Аласапыран» романы болды. Халқымыздың тарихынан ойып орын алуға тиіс Ораз-
Мұхаммед сұлтан мен Қадырғали Жалайыр бекті ел-жұртымен қайта табыстырған бұл 
шығармаға 1984 жылы Мемлекеттік сыйлық берілгені белгілі. Мұхаңның кейінгі «Қазақ 
тарихының әліппесі» кітабында Қадырғалиға бір тарау арналған [13; 156, 157]. 
Халқымыздың тарихын жалықпай зерттеп, том-том бағалы кітаптар шығарып, қазақ 
өркениетінің өсуіне жойқын ықпал еткен шамшырақтарымыздың бірі және бірегейі — 
академик Əлкей Хақанұлы Марғұлан. Əлекең халқымыздың өркениеттік қалыптасуы мен 
жетілуін зерттеуде ортағасырлық тарихшылар Мұхаммед Хайдар Дулати мен Қадырғали 
би Қосымұлының еңбектеріне иек артқан. Əсіресе Əлкей Хақанұлының қазақ тарихына 
қатысты зор көңіл аударған еңбектерінің бірі — Жалаиридің «Тарих-и Оразмұхаммед» 
атты еңбегі. Бұл еңбектің дерек көзі ретінде Қазақстанда арнайы талданылуы Ə.Марғұлан 
есімімен байланысты. «Күміс сандық құпиясы» атты мақаласында («Қазақ тарихы» 
журналы, 1994, № 4) Ə.Марғұлан Ресей кітап қорларына түскен Оразмұхаммед сұлтанның 
кітапханасы жөнінде жазып, жалпы қолжазба мәдениетінің ортағасырлық қазақ коғамына 
да тән болғандығына тоқталады: «Оразмәмбеттің (Оразмұхаммедтің) кітапханасында 
сақталған кітаптардың ең бағалысының бірі өзіне дос болған серігі, әрі атақты биі, көркем 
тілде қазақша жазатын жазушы Қадырғали Жалаиридің шығармасы. Оның кітабы 1598 
жылы жазылып біткен, әуелдегі аты қандай екені белгісіз. Жазудың бас-аяғы жоғалып 
кеткен... Кітапта ол Ресей патшасы Борис Федоровичке зор алғыс айтады... Шоқан оған 
зор ғылыми мән беріп, бұл қазақ тілінің жақсы бір мұрасы деп білген. Оның 
түсіндіруінше: «В отношении сведений о қиргизах самое первое место занимает «Сборник 
летописей» издания Березина, замечательных тем более, что представляют единственные 
памятники прошедшей жизни казахов. Он написал в конце царствования Бориса Году- 
нова... В нем степных уподоблений, поговорок бездна».... Оған бірінші көңіл қойған 
жазушы Абылғазы. Бұл кісі Қадырғалидың кітабын Есім ханның үйінде қонақ болып 
Түркістанда жатқанда оқыған болу керек. Есім — Тәуекелдің інісі, Оразмәмбеттің ағасы. 
Мәскеуден қазақ елшілері алып келген Қадырғалидың кітабы Тәуекелде, Есімде болуы 
айдан анық. Сондықтан бұл кітапты Абылғазы бір ғана Түркістан қаласында оқиды. Орта 
Азияда өзге қалаларда бұл кітап болмаған. Ресейде бұл кітапты жақсы білген П.И.Рычков, 
Н.М.Карамзин оның керек жерін пайдаланып отырған. Абылғазы оқып шыққан бұл 
кітаптың бір көшірмесін Ибрагим Халфиннің Френге жазуынша 1819 жылы Қазан 
университетінің кітапханасы сатып алады... Қадырғали араб, парсы, түркі, орыс тілдерін 
бірдей жақсы білген... Қадырғали Жалайыр тайпасынан шыққан қазақтың бірінші ойшыл 
ғалымы, жазушысы, өрнек қалдырған мәдениет мұрагері. Өзінің жазуында да Жалайыр 
тайпасын жоғары көтеріп ардақтаған. «Алаш мыңы арасында ұлығы тарақ тамғалы 
Жалайыр болған». Оның жазғандарын қазақ жазу мәдениетінің бірінші үлгісі деп тану 
керек» [9; 76]. 
Ə.Марғұлан академик Френнің сілтемелеріне сүйене отырып, Оразмұхаммед 
сандығында сақталып, кейін қолжазба түрінде түрлі кітап қорларына шашырап кеткен 
шығармалардың тізімін келтірген. Олар «Насап наме», «Дастан Едіге би», «Дастан 
Айсаұлы Ямет», «Дастан Ақсақ Темір», «Сиыршы», «Дастан Қозы Көрпеш — Баян сұлу», 
«Тарих-и Рашиди» сияқты т.б. қолжазба кітаптар еді. Əлкей Хақанұлының пікірінше, 
«мұнда «дастан» деп аталған кітаптар тегісімен Қадырғали Жалаиридің жазғаны сияқты, 
соның стилине келеді» [14; 18]. 
1992 жылы Алматыда басылған С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұлтановтың «Казахстан: 
летопись трех тысячелетий» деген көлемді кітабы тұңғыш Қазақ мемлекетінің (1470–1718) 
525 жылдығына арналған. Петербургтік ғалымдар осы кітаптағы тарихи оқиғаларды 
баяндау үшін Қадырғали би Қосымұлының еңбегіне он шақты рет жүгінген. Мысалы, 
жерге, таққа таласқан хан-сұлтандардың XV ғасыр басындағы қиян-кескі шайқасының 
дұрыс көрсетілгенін айта келіп: «В сочинении Кадырали бека говорится, что мангытский 
бий Кази Навруз сразился с Бараком. Барак хан погиб в этом сражении. Это утверждение 


Кадырали бека согласуется с рассказом автора «Умдат ат-таварих» ал-Хадж Абдал-
Гаффара Кирими», — делінген [15; 209]. 
Қазақ хандығын күшейтуде айрықша рөл атқарған алғашқы хандарымыздың бірі — 
Қасымға («Қасым салған қасқа жол») байланысты деректер келтіргенінде де Петербург 
ғалымдары Шығыстың өзге де жылнамашыларымен бірге Жалаиридің еңбегіне сүйенген. 
Олар өз шығармаларының 224-ші бетінде мынандай қорытынды жасаған: «Специфику 
работы исследователя средневековой истории казахского народа во многом определяет в 
прошлом слабое распространение среди казахов письмен- ности и книжного образования. 
Единственный известный пока исторический труд, созданный пред- ставителем 
казахского племени, — сочинение Кадырали бека, сына Хошум бека из племени джалаир, 
написанное в начале XVII в. и условно названное издателем И.Н.Березиным «Сборник 
летописей». Сведения Кадырали бека о Казахском ханстве XV-ХVІ вв. основаны на 
надежных местных источни- ках и могут указывать на существование в казахском 
обществе если не собственной письменной тра- диции, то живого интереса к генеалогиям 
и вопросам политической истории» [15; 224]. 
Соңғы жылдары қазақ ғалымдары мен жазушыларының күш салуы арқасында 
Жалаири еңбегі өз халқымыздың алтын қазынасына айналғанын айта кеткен жөн. Белгілі 
шежіреші Байұзақ Албани«Тарихи таным» атты кітабында былай дейді: «1600 жылы орыс 
патшасы Борис Годунов Оразмұхаммедті Қасымов ханы (Қасым патшалығы) етіп 
тағайындады. Сол кезде Қадырғали Жалайыриға да билік тиіп, 4 уәзірдің бірі болды. 
Елдің тарихын тереңірек зерттеуіне билігі де ықпал етті. Ол жырақта жүрсе де қазақ 
хандарының саяси-әлеуметтік жағдайларын, Қазақстанда рулық, патриархалдық-
феодалдық қатынастардың қалыптасуы, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қарашалар
бектер мен хафиздер, т.б. жайында деректі мәліметтер жазып қалдырды. Автор 
жылнамада Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген 
жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керейт, алшын, т.б. түркі ру-
тайпаларына тарихи анықтама берді. Ол Рашид ад-Диннің парсы тіліндегі «Жамиғ ат-
Тауарих» шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғысхан әулеті және оның өзі жайында аса 
мол деректер келтіреді, қазақ хандарының өмірбаянына тоқталады. Онда қазақ жері, оның 
қалалары, XIII–XVI ғғ. аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандықтарының 
ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақ жерін мекендеген ежелгі рулар 
бірлестігі жайында деректер бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет