Жалаиридің шежіресі — ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығарма Шежіре қазақ тілінде алғаш 1989, одан соң 1991, 1997 жылдары жарық көрді.
Сөйтіп, Қадырғали Жалаири шығармасы шым-шырғасы шықпай оқырман қолына тиді.
Жазбаның бас жағы Борис Годунов патшаға мадақ, орта тұсы Рашид-ад-Дин
шежіресінің ықшам баяны, аяғы Орыс хан мен Оразмұхаммед аралығындағы оқиғаларды
қамтыған Шыңғыс ұрпақтарының тарихы. Жалаири шежіресі Рашид-ад-Дин жазбасының
көшірмесі емес. Көлемі шағын, бірақ тың тараулары бар жеке тарихи жазба [5; 248].
Жалаиридің бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты — өз әміршісі Шыңғысхан ұрпағы
— Ондан сұлтанның баласы Оразмұхаммедтің хан тағына лайық екенін дәлелдеу. Екінші
бір мақсат: «...Патша Борис Федоровичтің мәңгі әділдігін, ақтығын айту және тағы жоғары
мәртебелі Оразмұхаммед ханды жоғары мәртебелі патшаның құрметпен хандыққа
отырғызғанын көрсету үшін жазылды» (Березин И.Н. Библиотека восточных источников.
Тю 1. — Казань, 1854).
Кітаптың негізгі бөлімі XII ғасырдан XVI ғасырға дейінгі қазақ жеріндегі оқиғаға
арналған. Автор: «Ертедегі оқиғаларды парсы тіліндегі «Шыңғыс-Зададан» қазақшаға
аудардым. Ал одан кейінгі оқиғаларды Аллаһтың қуатының арқасында өзімнің
зерттеуімше жаздым» деген. Бұған қарағанда кітаптың бірінші бөліміндегі баяндалған
оқиғалар Рашид-ад-Диннің белгілі «Жамиғ ат- Тауарих» атты парсы тіліндегі еңбегінен
қазақ тіліне аударылған да, ал екінші бөліміндегі оқиғалар — қазақтың XVI ғасырдағы
тарихына байланысты жазған беттері — бірінші қазақ тарихшысының өз қаламынан
шыққан. Қазақтың орта ғасырдағы тарихымен шұғылданушылар үшін тың мағлұмат
беретін өте бағалы бөлімі — осы Қадырғалидың өзі жинап, өзі зерттеген, көзімен көріп,
заманның куәгері болған дәуірі — XVI ғасыр [4; 90, 91].
«Жылнамалар жинағының» екінші бөлімінде: Ғалым XVI ғасырдың басынан бергі қазақ хандықтарының ішкі, сыртқы