Лекция тақырыбы: Қадырғали Жалайырдың «Жамиғ ат-тауарих» шығармасының тілі



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата29.11.2022
өлшемі489,03 Kb.
#53614
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
LJYSYXHEYFDV28112022142831

Түйін 
Қадырғали Жалаириден бұрын, бұдан да басқа қазақ тілінде қолжазба кітаптар 
болды деген тарихи мағлұматтар бар. Бірақ ол ескерткіштер әлі табылған жоқ. Сондықтан 
да, әзірше қолымызда бар деректерге сүйене отырып, XVI ғасырда таза қазақ тілінде 
тарихи еңбек жазған Қадырғали Қосымұлын — қазақ тіліндегі жазба шығармалардың 
бастаушысы деуге болады. 
Қадырғалидың тарихи еңбегінің ғылыми жұртшылыққа белгілі болғанына бір 
ғасырдан артық уақыт өтті. Бірақ оқушылардың көпшілігі күні бүгінге дейін қазақ 
тіліндегі тұңғыш тарихи шығарма, жазба ескерткішті қалдырған адамның кім екенін, оның 
еңбегінің халқымыздың мәдени тарихынан алатын орнын жете білмей келді. Тіпті ғылыми 
жұмыспен шұғылданып, қазақтың тарихы, тілі және әдебиетін зерттеп жүрген кейбір 
оқымыстыларымыздың өздері де бұл авторға және оның еңбегіне соңғы уақытқа дейін 
жеткілікті назар аудармады. Сол себептен де Қадырғали Жалаиридің есімі ұмытылуға 
тақалып, өзінің тарихта алатын орнына ие бола алмады. 
Осы жағдайды ескере отырып, Қадырғали би Қосымұлының «Жамиғ ат-Тауарих» 
(«Шежірелер жинағы») еңбегінің жазылуына 400 жыл толуына орай өткізілген 
конференцияда қазақтың майталман жазушысы М.Мағауин «Ұлы тарихшы, ұлы 
қолбасшы» тақырыбына көсіле баяндама жасады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні 
ретінде: «Бүгін Ұлыстың Ұлы күні, қазақ тарихының Ұлы күні, 400 жылдан соң 
бабамыздың бағалы еңбегімен ұрпағы етене қауышты. Соңғы 40–50 жыл бойында 
тарихқа, әдебиетке, мәдениетке қатысты көп түсінікті қайта қарау керек деп ұғамын. 
Айталық, би ұғымы біздің бабамыздың заманында ел билеуші, князь деген мағынаны 


білдірген. Оның мәнін жойған патшалық өкімет қой. Демек, біздің Қадырғали би бабамыз 
кезінде Сібір хандығын жайлаған халықтың ішінде ел билеушісі болған. Қадырғали 
Жалаири — қазақ халқының деңгейін көрсететін биіктік. Оның заманында халықтың 
санасы да күшті еді. Мен оның есімін Алматыдағы ұлттық кітапханаға беру қажет деп 
есептеймін», — деген ұсыныс жасады [3; 16]. 
Келешекте ұлы бабамыз Жалаиридің «Жамиғ ат-Тауарих» еңбегі әлі де 
толық зерттеулерді қажет етеді. Өйткені бұл туынды — тұнып тұрған байлық. XIІ 
ғасырдың басынан бергі қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайларын зерделей білген 
Қадырғали бабамыздың есімі алдағы уақытта жарқырата көрсетуге тұрарлық есім. 
Сөз соңында айтарымыз, қайткен күнде де Қадырғали би Қосымұлы Жалаири сынды 
ұлы ғұламаларымыздың бар екенін бағалай білейік, ағайын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет