қоғамдарында қоғамдық-мәдени құбылыс ретінде ауызша тарих айту дәстүрінің гүлдеу
дәуірі еді. «Жинақта» берілген шежірелік материалдар, түркі
халықтары арасында кең
тараған Едіге жайлы эпостан үзінді, пайдаланылған мақал-мәтелдер соның айғағы. Міне,
осы тұрғыдан алғанда Қадырғали би еңбегі — жазба және ауызекі тарих айту
дәстүрлерінің өзара ықпалының тамаша көрінісі. Сондықтан да еңбекке белгілі бір тарихи
кезеңде қатар даму алған осы екі дәстүрдің бірдей үлгісі ретінде қарау оның деректік
сапасын тура бағалауға көмектесері даусыз.
«Жинақтың»
астарлы ойы, жазу стилі, көркем тілі оның авторының таланттан құр
қол еместігін, заманында қазақ қоғамында белгілі би, халықтың жүріп өткен жолын жақсы
білген шежіре адам болғандығын білдіреді. Сондай-ақ Қадырғали
бидің өзі өте жақсы
меңгерген ана тілі түркіден басқа, парсы тілін біршама жетік, ал араб, орыс тілдерін де
білгендігі байқалады. Міне, осы қасиеттер оған тайпалық
одақтан халықтық бірлік
жолына түскен қазақ қоғамының алғашқы жылнамашыларының бірі болуға
көмектесетіндігі сөзсіз. Академик Ə.Марғұланның сөзімен айтсақ, Қадырғали бидің еңбегі
— қазақ жазба мәдениетінің алғашқы үлгісі. Оның артында қалдырған мұрасы осындай
қорытындыға негіз бола алады» [1; 36].
Жоғарыда келтірілген деректерді
қорытындылай келе айтарымыз, соңғы жылдары
көптеген зерттеушілердің күш салуы арқасында Қадырғали Жалаиридің еңбегі өз
халқымыздың алтын қазынасына айналғанына өте қуаныштымыз. «Жақсының аты,
ғалымның хаты өлмейді», — дейді дана халқымыз.
Барды бағалау, қолдағы асылды
жоғалтып алмау — ең абыройлы міндет деп санасақ, аталмыш туынды —
сол асылдың
көзі, алтынның сынығы.
Достарыңызбен бөлісу: