үдерісінің белгілі бір білігін қамтитын саралап оқытуды ұйымдастырудың,
құралдары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Оқыту жүйесінің
кез келгенінде қандай да болсын оқушыларды саралауы жүзеге асып
отырады. Сондықтан саралап оқыту әдісінің өзі әр түрлі
әдістемелік
құралдарды қолдану арқылы енген. Сипат бойынша мынадай түрлерге
бөлінеді:
– жас ерекшелігі бойынша;
– жынысына байланысты;
– қызығушылығы бойынша;
– ақыл-ой деңгейінің дамуы бойынша;
– тұлғалық-психологиялық типтері бойынша;
– денсаулық деңгейі бойынша.
Мақсаты: әркімді мүмкіндігіне сай оқыту. Əр түрлі топтағы
оқушыларды ерекшелігі бойынша оқуға бейімдеу.
Ерекшелігі:
– үлгерімі
жақсы оқушыға көңіл бөлініп, нашар оқушыларға
көмектесу мүмкіндігі туады;
– қиын балалармен тиімді жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады;
– жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
– оқушылар қабілеті артады;
– әлсіздер оқу мүмкіндігіне ие болады;
– деңгейлері бірдей оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қиындық
кездеспейді
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең
бойынша қолданылады:
Қызығушылықты ояту ( «көпір жасау», ой қозғау);
Мағынаны тану (мағынаны ажырату);
Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады).
Білім берудің маңызды шарты оқу үдерісінде оқушылардың
қызығушылығын
арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын
дамыту болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес,
шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары
сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас
балаларың да бұл жұмыста дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму
деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» кез келген
ұстазға сапалы сабақ
беруге мүмкіндік береді. Атақты қытай ойшылы Конфуций «танымның үш
жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тәжірибе, ең мәртебелісі –
ойлау» деген екен. Демек, сол әдіс-тәсілдерді меңгертіп, ішінен
қажеттісін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат- міндеттерін
тиімді де
оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Дамыта оқыту жүйесі
сияқты «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының да негізгі
қағидалары мен мақсат-міндеттері
дамытып-тәрбиелей отырып,
шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған.