Лекция. Тақырыбы: Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата01.03.2023
өлшемі436 Kb.
#70835
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 7

Проблемалық оқыту технологиясы
Проблемалық оқыту технологиясының негізгі мақсаты – оқушыны өз 
бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық 
икемділіктерін дамыту. Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі 
де оқушының белсенділігін арттыру және оқу материалдарын баланы 


қызықтыратындай құпиясы бар мәнге жеткізу. Себебі, оқушы 
материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, 
білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. 
Тірек сигналдары бойынша оқыту технологиясы 
(В.Ф.Шаталов бойынша) 
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған 
В.Ф.Шаталов. Мақсаты: әр оқушының білім, білік, дағдыны 
қалыптастыру, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды 
оқыту, жеделдете оқыту. Технологияның мазмұндық ерекшелігі: 
1. 
материалдар ірілендіріп беріледі; 
2. 
блоктық түрде беріледі; 
3. 
оқу материалын тірек сызбалары – конспектілеу арқылы беру; 
4. 
берілетін ақпаратты, ойды айқын бейнелейтін тірек конспектісі. 
Ұжымдық оқыту технологиясы. Мақсаты: әр оқушының қабілетін 
дамыту, еңбек етуге баулу ұйымшылдық қабілеттерін ояту, 
ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Өзін-өзі басқаруға, байқампаздыққа 
жетелеу. 
Ерекшелігі: 
1. 
Жекелей оқыту. 
2. 
Жұптық оқыту. 
3. 
Топтық оқыту. 
4. 
Ұжымдық. 
Оқушы-оқушы, оқушы-оқытушы, оқушы-үйретуші міндеттерін 
атқарады. 
Талаптары: 
– Əр оқушының еңбегі пайдалы болуы керек. 
– Өзінің ғана емес, басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау. 
– Өзі оқи отырып өзгені оқыту. 
– Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту. 
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. 
Деңгейлеп саралап оқытуда негізделген технология дамыта оқыту 
идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені ол оқушының 
ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын белсенділігін дағдысын, 
білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Мақсаты: әр оқушыны оның 
қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту. Оқытуды оқушының әр 
түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау. 
Ерекшелігі: 
1. 
Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте 
түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады. 
2. 
Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады. 
3. 
Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет