Лекция Тақырыбы: Баланы мектепке дайындау әдістемесінің негіздері Жоспары


Дене жаттығуы, баланың жан-жақты жетілуі



бет25/27
Дата11.12.2022
өлшемі0,79 Mb.
#56506
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
лекция

Дене жаттығуы, баланың жан-жақты жетілуі.

Балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұнды жүргізілуіне, дене жаттығулары, табғаттың сауықтырушы күші, гигиеналық және әлеуметтік – тұрмыстық факторлар қолданылады. Денежаттығуы – денетәрбиесініңнегізгіжәнеерекшеқұралы, олпедагогтыңарнайыіріктепалған, әдістемелікдұрысұйымдастырылғанжәнебасқаруғаболатынқозғалыс пен қозғалысқызметініңкүрделітүрлерінқамтиды. Денежаттығуыеркіндісипаттағыбелсендіқимыл – әрекеттеріненегізделген. Денежаттығуыбаланыңжан-жақтыжетілуінеықпалетеді. Балабақшадағыденетәрбиесінұйымдастырудыңтүрлерін: күнтәртібібойыншасауықтырушараларыбылайбөлінеді.
 Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан жақты қуанышпен шаттана қарайтындай болуы қажет. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс , дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организмімінің қызметін жетілдіру ең басты міндетіміз. Дене тәрбиесі балалардың ақыл-ой, ададмгершілік, еңбек пен эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады.


1-лекция
Тақырыбы: Психодиагностика мазмұнының көрінісі
Жоспары:
1.Психодиагностикаға кіріспе
2.Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі


Лекция мәтіні: 
14. Мектепке дейінгі даярлық топтағы балаларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу
Жоспар
1.Мектепке дейінгі даярлық топтағы балаларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің педагогикалық негіздер.
2.Мектепке дейінгі даярлық топтағы балаларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің мүмдіктері
Ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілдің өркендеуі Қазақстанда тіршілік ететін жүзден астам ұлттардың этникалық жағынан өркен жайып көркеюіне мұрындық болып отыр . Қазіргі таңда ұлттық салт - дәстүрлердің оқу - тәрбие процесіне енгізілуі негізге алынып отыр . Оқушыларға отбасынан басқа ұлттық тәлім - тәрбие беруде мектептің алатын орны ерекше . Үйде бала ата анасына еркелесе , мектепте балаларға мұғалімнің айтқаны заң , олар ұстазының айтқанын бұлжытпай орындауға тырысады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті - тәрбие құралы . Бесік жыры , тұсау кесу жыры , санамақ , жаңылтпаш , жұмбақ , мазақтама , тақпақ , өс - өс , жырлар мен ертегілер , аңыз әңгімелер бәрі де тілді , ойды дамытып , тәлім - тәрбие беріп , дүниені танытатын ғаламат туындылар .
Бұл – халык педагогикасының үлкен бір саласы Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр . Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы педагогиканың барлық салаларында ғылыми іс - әрекеттік негізде пайдалануға болады . Баланың дамуындағы іс - әрекеттің ықпал етуін айқындауда тәрбиеші іс әрекеттің алуан түрлерімен танысады . Олар :
1.Ойын аресс - негізгі болып табылады .
2. Оқу әрекеті – жоспарлы , жүйелі жүргізуді талап етеді .
3. Еңбек әрекеті - оның мазмұнын , әдіс - тәсілдерін игеруді көздейді.
4.Қоғамдық әрекетте балаларды ұжымдық жалпы тапсырмаларды орындауға үйретеді .
5. Көркем өнер әрекеті - барысында баланың көркемдік ой - қиялын , арманын , елестету сезімін , логикасын дамытуға назар аударады . 6. Спорттық әрекетте баланың денсаулығын нығайту , қимыл - қозғалыс үйлесімділігін дамыту жолдары қарастырылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды өз елін , жерін , Отанын , отбасын қорғаута , сүюге тәрбиелеуде көркем шығарманың алатын орны ерекше . Елін , жерін , Отанын қорғаған халық батырлары туралы , олардың батырлык , ерлік істерін паш ететін әңгімелер , өлеңдер , аңыз - ертегілерді оқып , оның мазмұнын түсіндіруде тәрбиеші кездесулер ұйымдастырып , баланың қиялын шарықтатып , ерліктерге баулиды .
Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты ұлы міндетті шешуде мектепке дейінгі коғамдық тәрбиенің алатын орны ерекше . Олар өмір есігін жаңа аттаған жас буындардың денесінің , ақыл - ойының сана - сезімінің қасиеттерінің дамуына жағдай жасайды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке , еңбекке тәрбиелеу , ана тілінде сөйлеуге үйретуөте маңыздыболып саналады.
Тәрбие екі жақты әсер ететін процесс:
1 ) адамгершілік нормаларын меңгерту ;
2 ) тәртіп пен мінез - құлықтың тәжірибесін жинақтату.
Мектепке дейінгі педагогика мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту , тәрбиелеу , оқыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым . Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде міндетті түрде мектепке дейінгі педагогика ғылымының мәселелеріне тоқталамыз :
1. Туғаннан 5-6 жасқа дейінгі балаларды жан - жақты жетілдіру мен тәрбиелеудің ерекшеліктерін , заңдылықтарын , ғылыми негіздерін қарастыру.
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың ғылыми - теориялық негізін, мазмұнын, оқытуды ұйымдастырудың жолдары мен әдіс тәсілдерін қарастыру.
3. Қазақ халқының озық салт - дәстүрлері, әдет - ғұрып үлгілерімектепке дейінгі балалардың мінез - құлқын қалыптастыру мәселелерін зерттеу.
4. Қазақтың халық педагогикасы арқылы бес жасқа дейінгі баланың эстетикалық , адамгершілік сезімдерін дамытудың жолдарын зерттеу.
5.Қазақ халқының ұлттық ойындары , музыкалық ойындары , ән - күйі арқылы балаларды ойшылдыққа , тапқырлыққа тәрбиелеу.
6. Тəрбиелік әсері күшті ұлттық ойыншықтарды , дидактикалық ойындар мен материалдарды , көрнекі және техникалық құралдарды жасаудың ғылыми негіздерін қарастыру.
7.Отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшелігін ескеріп , мен отбасындағы тәрбие жұмысының бірлігін арттыру.
8.Қоғамдық тәрбие орындарына кәсіби біліктілігі жоғары мамандар даярлау.9.Балабақшада ( қала мен ауылдық ерекшелігіне сәйкес ) оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасын жасаудың ғылыми негіздерін сал.
10.Балабақша мен мектепте оқыту мен тәрбиелеудің бірізділігін қарастыру .
Қазақстан және шетел педагогтарының жүргізген зерттеулеріне жасаған талдаулар баланы мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеудің жалпы және психологиялық деп екі түрін көрсетіп , әсіресе , психикалық дамуды олардың ерік – жігері, қабылдау, ойлау биологиялық кемелденуі, қарым - қатынас жасауда ақыл - ойының даярлығы меңгеруімен байланыстырылды . Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің рөлін анықтауға педагогикалық , әдебиеттік этнопедагогикалық еңбектерге жасалған талдаулар негіз болды . Баланы мектепке дайындауда сабакта және күннің екінші жартысында тәрбие мұраларды пайдалану жағдайына жасалған талдауларзаман талабынан туындап отырған қажеттілікті өтеу үшін , бүгінде «мектепалды даярлығы » бағдарламаларын жетілдіру қажеттігі көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет