Лекция Тақырыбы: Баланы мектепке дайындау әдістемесінің негіздері Жоспары



бет1/27
Дата11.12.2022
өлшемі0,79 Mb.
#56506
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
лекция


1-лекция
Тақырыбы: Баланы мектепке дайындау әдістемесінің негіздері
Жоспары:

1.Мектепке баланы дайындауда ата-ананың рөлі


2.Балаларды мектепке дайындаудағы еңбектің маңызы
3.Оқыту мен тәрбиелеуде еңбектің атқаратын қызметі

Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді. Баланы оқуға дайындауда үлкен және кіші моторикасына ерекше мән берген жөн. Ғалымдардың айтуынша баланың саусақтарының дамуы ақыл-ойы мен сөйлеуінің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Сонымен балаларды мектепке психологиялық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеге асыратындар - ата-аналар, мұғалімдер және мектеп және балабақша психологтері.


Баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтау диагностикасын практик психолог немесе педагогикалық және даму психология саласындағы маман өз мойына алады. Өйткені психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстардың жүргізудің қыр-сырын тек психолог қана біледі. Психологтың міндеті психодиагностиканың әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, 6 жастағы баланың оқуға дайындығын анықтайды. Яғни, баланың оқуға дайын немесе әлі дайын еместігі жайлы қорытынды жасалынып, оқуға дайын емес балалармен таным үрдістерін дамыту мақсатында индивидуалдық және топтық сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен бірге коррекциялық – дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда бағдарлама құрылады. Ал педагогтарды оқу жылдың басында болашақ бірінші сыныптағы балалардың мектептегі оқуға психологиялық зерттеуде алынған нәтижелермен таныстырады. Әсіресе мектептегі оқуға дайын емес балалардың жағдайларына ерекше көңіл бөліп, қандай оқушылармен жұмыс істеу керектігін жайлы ақпарат алып және оқу-тәрбие үрдісінде жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін өзбетімен немесе психологтың көмегімен таңдауға болады. Мектепке дайын емес балаларды оқытуда оқушыларды жиі мадақтап,оқуда баланың табысқа жетудің жағдайларын тудыру керек. Сабақ барысында оқушылар бір орында отырудан әбден жалығады. Оларға эмоциялық бәсеңдеу қажет болған соң айғалайды. Сондықтан сабақта қозғалыс ойындарды тиімді қолданып және сергіту сәттерін жиі өткізіп тұрған дұрыс. Егер баланың сабақта көп қозғалуына мүмкіндік жасаса, ағзаның барлық жүйесінің қызметін және физиологиялық күш қуатын жақсартуға мүмкіндік жасайды. Бұл сабақты тез игеруіне көмектесіп, баланың жұмысқа қабілеттілігі жоғарылайды.
Жалпы баланың оқуға психологиялық дайындығын қазан және сәуір айларында анықтап отыруға болады.Кез-келген ата-ана баласының өсіп-жетілуінде, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл-ойы мен дене құрлысы жағынан жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуге баулиды. Мұғалім баланы оқуға дайындауда ата-анасымен бірлесе отыра жүргізеді. Оларға іс-әрекеттің мазмұны өзгерген кезде баланың мінез-құлқы да, ішкі психикалық өмірі де өзгеретінін және осы кезде баласына аса қажет екендігі түсіндірілуі керек.Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі.
Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек.
2.Еңбек қуанышы - еңбек адам іс-әрекетінің басты түрі ретінде адамзат сезімінің ең жоғарғы нысаны болып табылады. Осы сезімді балалар бойында дер кезінде тәрбиелеу балалармен жұмыс істейтін педагогтар мен ата-аналардың міндеті болып табылады. Егер мектепке дейінгі жаста бала бойына еңбексүйгіштікті тәрбиелемесе, кейінгі жылдары бұл жұмыс қиын болады. Еңбек іс-әрекеті баланың жалпы дамуын, қызығушылық өрісін кеңейтіп, қарапайым ынтымақтастық қасиеттерін туғызады, еңбекқорлық, тапсырған іске жауапкершілікпен қарау, парыз сезімі, өзіне-өзі сенімділік, мақсатқа жетуге ерік-жігер тәрізді қасиеттерді қалыптастырады. Еңбек тәрбиесі мектепте оқуға дайындаудың қажетті шарты болып табылады. Жастайынан еңбекке баулынған бала мектепте (кейін өмірде де) өзіндігімен, ұйымдасқанымен, жинақтылығымен, өз өзіне қызмет ете білуімен ерекшелінеді.Баланы әлі келетін еңбекке тарту, ересектердің жүмысыментаныстыру жекке тұлға етіп қалыптастыруға, ізгілік және ерік-жігер қасиеттерін дамытуға көмектесееді.Балалардың мүмкіндіктерінің артуына байланысты еңбек әрекеті көлемі, мазмұны және орындау тәсілі күрделене түседі. Бұл ересектердің (тәрбиешілердің, ата-аналардың) арқасында мүмкін болады. Жалпы еңбек (Р.И.Буре термині) әркім өз жұмысын орындауы мен жалпы нәтижесінің тәуелділік түсінігін қалыптастырады. Бұл тәуелділік жұмыс аяқталғаннан кейін көрінеді. Тәрбиеші соңғы нәтижеге көңіл аудару үшін, балалар жұмысты бір мезгілде аяқтайтындай етіп ұйымдастыруы керек. Жалпы еңбекті ұйымдастырғанда тек өзіне ғана емес, жолдастары үшін де, өзара көмек, ортақ жұмыс үшін өз қалауына бағыну жауапкершіліктері де тәрбиеленеді.
3. Еңбек тәрбиесі — жасөспірімдерді еңбекқорлыққа , еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі қызмет ету, оқу құралдарын дайындау, мектеп үйін жөндеу, табиғатты қорғау, т.б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы олардың ой-өрісінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды. Педагогика ғылымы Е. т-н жас ұрпақты отбасы мен мектепте тәрбиелеудің жалпы үрдісінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Оқушыларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу, оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда барлық оқу жүйесінде оқушы әрекетінің белсенділігін қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. - М.,1991.
2. Мухина В.С.Детская психология.- СПб., 1992.
3. Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.- М.:ТЦ Сфера, 2002.
4. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании.- М., 1995.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет