Лекция. Тақырыбы: Бейорганикалық химияның негізгі тарауларын оқыту әдістемесі: ерітінділер, электролиттік диссоциация Лекция жоспары: Ерітінділердің типтері. Негізгі анықтамалары



бет2/11
Дата06.01.2022
өлшемі106,58 Kb.
#15720
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Лекцияның мәтіні:

Ерітінді дегеніміз – ең кемінде екі компоненттен құралған гомогенді жүйе. Әрбір ерітінді еріген зат пен еріткіштен құралады. Еріткіш деп ішінде еріген зат молекула, не тіпті ион түрінде біркелкі араласатын ортаны айтады. Көбіне су еріткіш болады.

Заттардың суда еруі жылу бөлу (не сіңіру), көлемін өзгерту арқылы жүреді. Бұл құбылыстар еріген зат пен еріткіш арасында химиялық әрекеттесулер болатындығын көрсетеді.

Д.И. Менделеевтің гидраттану теориясы бойынша заттардың еру құбылысы – химиялық әрекет.

Еріген заттың мөлшеріне қарай ерітінділер қанық және қанықпаған болып екіге бөлінеді. Қанық ерітіндінің концентрациясы берілген жағдайдағы заттың ерігіштігінің өлшемі бола алады.

Еріген заттың жаңа мөлшерін әлі де болса еріте алатын ерітінді қанықпаған ерітінді делінеді.

Сол температурада қанық ерітіндіден концентрациясы жоғары болатын ерітінді аса қанық ерітінді деп аталады. Аса қанық ерітіндіні алғаш ашып зерттеген орыс ғалымы Т.Е. Ловиц (1794 ж.) болды.

Ішінде еріген заты көп ерітіндіні концентрациялы ерітінді, аз мөлшерде еріген заты бар ерітіндіні сұйық не сұйытылған ерітінді деп атайды. Бұлар салыстырмалы түсініктер ғана.

Газдардың суда еруі әртүрлі. Газдардың еруі негізінен экзотермиялық әрекет, Ле-Шателье принципіне сәйкес олардың ерігіштігі температураны төмендеткенде артады да, жоғарылатқанда төмендейді. Газдардың ерігіштігіне қысым да әсер етеді. Мұны Генри заңы түсіндіреді. Еріткіштің белгілі көлеміндегі газдардың еруі, сол газдың еріткішке жасайтын қысымына тура пропорционал. Егер сұйықтың бетіндегі бірнеше газдың қоспасы болса, олардың ерігіштігі қоспадағы әр газдың сыбағалы қысымымен анықталады (Дальтон заңы).

Практикада сұйық не сұйытылған ерітінділер жиі, концентрациялы ерітінділер сирек қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет